100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости района

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

ИНФОРМАЦИОННЫЙ ОТЧЕТ О ПРОДЕЛАННОЙ РАБОТЕ, О ХОДЕ ИСПОЛНЕНИЯ ПРОГРАММЫ СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ ЗА 9 МЕСЯЦЕВ 2019 ГОДА И ЗАДАЧАХ НА ПРЕДСТОЯЩИЙ ПЕРИОД ПО АКБЕЛЬСКОМУ СЕЛЬСКОМУ ОКРУГУ

2019 жылдың 9 ай  бойынша Ақбел ауылдық округі бойынша атқарылған жұмыстар:

 

Инвестиция саласы:

Ауыл-шаруашылық техникаларын сатып алу, жылдық жоспар – 5 бірлік, дерек – 5 бірлік (9 ай).

Негізгі капиталға салынған инвестиция, жоспар -50 млн.теңге, дерек 67,9 млн.теңге (9ай).

         Ағымдағы жылы «Достар» ШҚ жалпы сомасы 10,2 млн.теңге сомасына МТЗ-80 тракторы және бүркегіш сатып алды.

         «Кенші» ШҚ жалпы сомасы 40 млн.теңге сомасына 32 бас сементал тұқымына жататын ірі-қара, 1 бірлік МТЗ-80 тракторы, 1 бірлік  МТЗ-342 тракторы және 3 бірлік қосымша ауылшаруашылық техникалары сатып алынды.

         «Аян» ШҚ 1,3 млн.теңге сомасына 2 бірлік қосымша ауылшаруашылық техникасын сатып алды (шөп шабатын және жинайтын техникалар).

         «Құлан» ШҚ жалпы сомасы 16,4 млн.теңге сомасына 9 бірлік ауылшаруашылық техникаларын, оның ішінде 2 бірлік трактор сатып алды.

      «Даяна» ШҚ жалпы сомасы 2,6 млн.теңге сомасына 1 бірлік ауылшаруашылық техникаларын, жөптұгиш сатып алды.

 

Ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік саласы:

Ауылшаруашылығын дамыту үшін несиелендіру сомасы, жылдық жоспар 200 млн.теңге, дерек – 107,9  млн.теңге (8ай).

Бүгінгі күні несие алғандар:

  1. Ағымдағы жылы «Кенші» ШҚ 45 млн.теңге сомасына несие алды.
  2. «Аян» ШҚ «Бейбарыс» несиелендіру ұйымы арқылы 16 млн.теңге сомасын рәсімдеп, 40 бас қазақтың ақ бас тұқымына жататын ірі-қара мал және техника сатып алды.
  3. «Құлан» ШҚ «Бейбарыс» несиелендіру ұйымы арқылы 16,4 млн.теңге несие алды.
  4. «Ербол» ШҚ (Самекин М.) 4 млн.теңге сомасына шағын несие алды.

5.«Аружан» ШҚ (Макулбаев Е.) ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 11 млн.теңге несие алды. Қазіргі уақытта асыл тұқымды мал басын сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

6. «Шакрира» ЖК (Нурмуканова), ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 20 бас ірі-қара сиыр сатып алу үшін 6 млн.300 мын.теңге сомасына несие алды.

7. «Асхат» ЖК (Тукеев А.), ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 12 бас ірі-қара сиыр сатып алу үшін 3млн.200 мын.теңге сомасына несие алды.

8. «Далида» ЖК (Алиева Д.), ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 20 бас ірі-қара сиыр сатып алу үшін 6 млн. теңге сомасына несие алды.

9. «Бек» ЖК (Бекмагамбетов Е..), ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 25 бас ірі-қара сиыр сатып алу үшін 6,3 млн.   теңге сомасына несие алды.

         Бүгінгі күні несие алуға құжаттарын тапсырғандар:

1. «Тұзасщы» ШҚ (Жаппаров А.) ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 15 бас ірі-қара сиыр малын сатып алу үшін, 3 млн.теңге сомасына өтініш берді.

2.«Заңғар» ШҚ (Хамитов Е.) ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 20 бас жылқы сатып алуға 6 млн.теңге сомасына несие алуға өтініш берді.

Ағымдағы жылы «Арслан» ШҚ өз қаржысына 15 бас ірі-қара сиыр сатып алды.

 «Құлан» ШҚ  алдағы уақытта өз қаржысына мал жемдейтін және мал қамайтын орындарды ашуды жоспарлауда.

«Кенші» ШҚ мал шаруашылығын дамыту қосымша инвестиция салмақ, алдағы уақытта мал ұстайтын баз және мал соятын орынның құрылысы жоспарлануда.

Ауылшаруашылық субъектілері мен жеке кәсіпкерлердің тіркелуі, жылдық жоспар 5-бірлік, дерек 4-бірлік (8 ай).

Ағымдағы жылдың 9 айы бойынша округ аумағында 2 жеке кәсіпкер мен 1 шаруа қожалығы тіркелді.

Жұмыскерлердің жалақысын 50 пайызға өсіру туралы барлық шаруа қожалықтарымен және жеке кәсіпкерлермен меморандум жасалынды.

Әлеуметтік-маңызды азық-түлік бағаларының тұрақты болуы үшін, 2019 жылдың қаңтар айында барлық жеке кәсіпкерлермен тауардың бағасына үстемені 5%-дан, нан бағасына 2 теңгеден асырмау туралы меморандумдар жасалынды.

19 негізгі әлеуметтік-маңызды азық-түлік бағаларына күн сайын мониторинг жасалынып, Бұқар жырау ауданының кәсіпкерлік бөліміне жіберіледі. Бүгінгі күні Ақбел ауылының 3 дүкенінде әлеуметтік сауда орындары ұйымдастырылған.

Мал басын асылдандыру үшін асыл тұқымды бұқаларды жалға алу, жоспар-27 бас, дерек-11бас (9 ай).

Ағымдағы жылы жеке кәсіпкер «Шаймерденова» 2 бас, «Даяна» ШҚ 3 бас, «Дархан» ШҚ 2 бас бұқаны «Жаке» ШҚ жалға алды.   «Аян» ШҚ 4 бұқаны жалға алды. Аталмыш индикатордың орындалуы үшін жол картасы жасалынып, жұмыстар жүргізілуде.

2019 жылы егілген егіс көлемі 5026 га құрады, оның 3561 га бидай, 1265 га арпа. Былтырғы жылмен салыстырғанда 34,5%-ға артық (2018 ж.-3736 га).

Туризм саласы:

Ашылған туристік объектілердің саны, жоспар -1 бірлік, дерек – о бірлік (6 ай).

         Ағымдағы жылы Қорған көлінде  жеке кәсіпкер «Галимов» балық шаруашылығын дамыту мақсатында 6000 бас «Карась» балығының ұрығын көлге жіберді. алдағы жылдары балық аулау шаруашылығы дамытылатын болады. Алдағы уақытта көлдің қамысын шабу, 20 шатыр тігу, 3 үй тұрғызу жоспарда бар.

Ветеринария саласы:

2017-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның екі бағыты жүзеге асырылуда:

- ауылшаруашылық малдарына идентификация жүргізу шаралары. 2019 жылдың 1 шілдесіне идентификациядан өтті: ірі-қара – 2591 бас, ұсақ мал басы – 3101 бас, жылқы – 1332 (210 басқа табро салынды), шошқа – 141 бас. 2019 жылы ауылшаруашылық малдарына идентификация жүргізу жоспары 100% орындалатын болады.

- округ бойынша эпизоотияға қарсы шаралар жүргізіліп, инфекциялық ауруларға қарсы вакцинациялар жасалынды. 2019 жылы эпизоотияға қарсы және диагностикалық шаралар бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілетін болады. Аса қатерлі инфекциялық мал ауруына қарсы егу шараларының уақыты және сапалы болуын қамтамасыз ету бойынша профилактикалық шаралар жүргізілуде және әкімнің қатан бақылауында.

Мал ауруларын болдырмау үшін барлық шаралар жүргізілуде. Малды арнайы жерлерде бағатын бақташылар тағайындалды. «Достар» ШҚ мал соятын арнайы орын (убойный пункт) жұмыс істейді, округ аумағында мал өлексесін тастайтын орын (скотомогильник) бар. Келген малға бақылау жұмыстарын ветеринарлық дәрігер жүргізеді. Сондай-ақ, ветеринарлық дәрігер малдың уақытылы базаға (ИСЖ) кіргізілуін қамтамасыз етеді. Жылына екі рет мал басына санақ жүргізілгенде, базамен (ИСЖ) салыстырылады. Бүгінгі күні бурцелезге қан алу және басқа ауруларға қарсы вакцинациялық шаралары жүргізілуде. Инфекциялық ауруларға қарсы жас жылқылар қатарына вакцинация жасалынды. Вакцинация жоспарға сәйкес уақытылы және сапалы жүргізілуде. Анықтамаларды беру заңға сай жүргізілуде.

Тұрғындардың өтініші бойынша 27 бас қаңғыбас иттер ауланды.

Жер қатынастары саласы:

Округ бойынша 15 шаруа қожалығы ішкі шаруашылық жерді реттеу жобаларын рәсімдеген.

Жер телімдерін алу бойынша 16 өтініш түсіп, барлығы қанағаттандырылды.

Ағымдағы жылы 3 ауыл шаруашылық жер телімі конкурсқа шығарылды, тағы қосымша 6 жер телімін конкурсқа шығару үшін жергілікті өзін-өзі басқару қоғамдастық келісімінің хаттамасы жер қатынастары бөліміне жолданған болатын. Жеке шаруашылықты дамыту үшін 3 жер телімі берілді.

Жалпы аумағы 4 мың га жуық 3 жер теліміне мақсатты қолданылмауына байланысты акт толтырылып, 1 жер телімі Үкіметке қайтарылды.

Білім беру саласы:

         Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқумен қамту, жоспар -100%, дерек - 100% (6 ай).

Балаларды мектепке дейінгі оқумен қамтамасыз ету: Қ.Сәтпаев атындағы ОМ – 26 бала (100%), Құрама бастауыш мектебі – 12 бала (100%).

Жақын елді мекендерден интернатқа келіп оқитын оқушыларды тасымалдау ұйымдастырылды. Ол үшін арнайы ПАЗ автобусы қызмет көрсетеді. Ағымдағы жылы аталмыш автобусқа 100 мың теңге көлемінде жөндеу жұмыстарын жүргізілді.

Мектеп жанынан тегін тамақтану негізінде балалар лагері ашылды. Қамту көрсеткіші 100%.

         Биылғы жылы Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің қабырғасында Қ.Сәтпаевтың 120-жылдық мерейтойына арналып, мұражай ашылды. Ол үшін округ әкімінің кассалық қолма-қол шотынан (КСН) 200 мың теңге сомасында қаржы бөлінді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің жылу қазандықтарын ауыстыру, спортзалға  жөндеу жұмыстарын жасау бойынша бюджеттік өтінім, аудандық бюджеттік комиссияның назарына үсынылды.

         Биыл алғашқы рет Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің түлектері ҰБТ тапсыруға қатысты. Орташа бал - 50 құрады.

Мектеп жаңында баларға арналған шағын орталық жұмыс атқарады.Мектеп интернатында 45 оқушы тұрады,толықтай барлық жағдайы жасалған.

 

Денсаулық сақтау саласы:

2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша «Денсаулық» бағдарламасы аясында, онкологиялық ауруларды ерте анықтау бойынша скринингтен өту шаралары жүргізілді. 2019 жылдың 3 маусымы күні тұрғындарға флюорографиялық тексеру шаралары жүргізіліп, қамту көрсеткіші 100%-ды құрады.

 

Мәдениет саласы:

  Елбасының қоғамдық сананы модернизациялау бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жастарды патриоттық тәрбиелеу бойынша конкурстар, көрмелер мен жарыстар түріндегі шаралар ұйымдастырылды. Мерекелік шаралар мен кездесулер және дөңгелек үстелдер өткізілді. Ауылдық кітапханада латын графикасын таңу мақсатында  «Туған жер» атты кітаптардың көрмесі ұйымдастырылды.

2017-2019 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту және қолдану» мемлекеттік бағдарламасы аясында, диагностикалық «Казтестке» 7 адам қатысты. Облыстық диктантқа  150 адам қатысып жақсы нәтиже көрсетті.

Мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі, жылдық жоспар - 100%, дерек - 100%.

Ағылшын тілін меңгерген халықтың үлесі 1%-ды құрайды.

Әлеуметтік сала:

         Жұмыссыздық деңгейі, жоспар – 4,5%, дерек-0,02% (8 ай).

01.09.2019 ж. тіркелген жұмыссыздар саны 1 адамды құрайды. Оның ішінде жұмыссыз әйелдер мен жастар тіркелмеген.

         Тұрақты жұмыс орындарын ашу, жоспар – 76 орын, дерек – 18 орын. (2018 ж. жоспар-24 орын) (9 ай).

         Аталмыш индикаторды орындау үшін жол картасы жасалынды. Негізгі ашылатын жұмыс орындары мекемелер мен шаруа қожалықтарының штатын көбейту негізінде болады. Жақын уақытта ашылатын үлкен кәсіпорындар жоспарда жоқ.

         2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті жаппай дамытудың бағдарламасы аясында техникалық және кәсіптік білім алуға 3 адам (2 шаштараз, 1 маникюр) және 9 адам от жағушы мамандықтары бойынша оқуға жіберілген болатын. Сертификаттарын алды.

«Бизнес Даму» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік курсты 6 адам сертификат алды. Аталмыш адамдардың кем дегенде 5-і кәсіпкерлікті дамыту үшін шағын несие алады деп жоспарлануда.

Бүгінгі күні бағдарламаның екінші бағыты бойынша Құрама ауылының тұрғыны Самекин М. «Ербол» ШҚ – 4 млн.теңге сомасында шағын несие алып, 20 бас ірі қара сатып алды.Нурмуканова Г. 6,3 млн.тенге несие алды.

Бағдарламаның 3 бағыты бойынша 1 қоғамдық қызметкер мен 1 жастар тәжірибиесі бойынша қызметкерлер жұмыс жасайды.

Жұмыс жасауға қабілетті жастағы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың үлесі, жоспар - 22%, дерек - 12%.

Округ бойынша 9 отбасы, оның ішінде 6 көп балалы аналар, 3 аз қамтылған отбасылар АӘК алады (50 адам). Есепті кезеннің соңында АӘК алатындардын тұрмыс жағдайын тексерген арнайы комиссия 2 отбасыға, АӘК беруді 3 тоқсаннан бастап тоқтату туралы шешім шығарды.

Спорт саласы:

Қ.Сәтпаев атындағы орта мектебімен округтің жастары мен халқы денешынықтыру және спортпен айналысу үшін меморандум жасалынды. Баскетбол мен үстел теннисі бойынша үйірмелер жұмыс істейді. Қазақ күресінен аудандық БЖСМ (ДЮСШ) филиалы ашылған, онда дайындалатын балалар тұрақты түрде аудандық және облыстық жарыстардан жүлделі оралып жүр. Ақбел ауылында спорт алаңы балалардың футбол ойнауы үшін үнемі ашық.

Биыл Қ.Сәтпаевтың 120-жылдық мерейтойына орай, мамыр айында жақын елді мекендердің жастары арасында Көкпардан жарыс өткізілсе, маусым айында жасөспірімдердің арасында қазақ күресінен облыстық ашық турнир өткізілді. Аталмыш жарысқа Қарағанды, Жезқазған, Қаражал қалалары және Абай, Қарқаралы, Бұқар жырау аудандарымен қатар, Баянауыл ауданының жасөспірімдері қатысты. Жас спортшылар үнемі әр-түрлі ашық турнирлерге қатысып,жүлделі орындарға ие болады Шәкәрім Ә.,Кошегулов Қ.,Олжабай А.

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласы:

         Орталықтандырылғын ауыз-су жүйесімен қамтамасыз ету, жоспар - 100%, дерек - 76%.

         Аталмыш көрсеткішті жақсарту мақсатында, Құрама ауылына су тарту бойынша сметасы жасалып, аудандық бюджеттік комиссияға тапсырылған болатын, алайда елді мекен халқының саны аз болуына байланысты қаражат бөлінбеді.

Ағымдағы жылы Ақбел ауылындағы ауыз су құбырлары жүйесі «Ботақара су қожалығының» балансына берілді. Алдағы уақытта тариф бекітілген соң барлық үйлерді орталықтандырылған су жүйелеріне қосып, есептеу құралдарын 100% орнату жоспарлануда. Ағымдағы жылы 6 үй орталықтандырылған су желісіне қосылды.

         Абаттандыру және көркейту жұмыстары

Қоқыс төгетін полигонды рәсімдеу жұмыстары аяқталып қалды. Қазіргі таңда «СпектрПроект» ЖШС полигондағы қоқыстардың нормативтік орналасуы бойынша жобасын дайындауда.

         Қоқыстарды шығару жұмыстары белсенді жүргізілуде. Ағымдағы жылы Ақбел ауылы бойынша 200 камаз, Алабас ауылы бойынша 110 камаз және Құрама ауылы бойынша 80 камаз, барлығы 3 ауылдан 3800 тонна күл-қоқыс халықтың қаражаты есебінен шығарылды. Екі айлық кұзгі сеңбіліктер өткізіліп,тазалық жұмыстары ойдағыдай атқарылып жатыр.

         ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіш қоршалып, ағаштар егілді. Ескерткішті қоршауға округ әкімінің КҚШ (КСН) 290 мың теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күні аталмыш ескерткіш пен Ақбел ауылында орналасқан саябақтық құжаттары рәсімделуде.

Жылу маусымына барлық әлеуметтік нысандар толық дайын. Ауылдық клуб және интернат көмірмен қамтылды.

«Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында, Ақбел ауылында «Eqov» және «Бір пара, екі қылмыскер» ақпараттық баннерлері орнатылды, Әкімшілік ғимаратында халықтың өз-өзіне қызмет көрсететін бұрыш бар. Аталмыш бұрыш интернеті бар компьютер, принтер және де қажетті материалдармен жабдықталған.

Интернетке әкімшілік,мектеп және кітапхана ғимараттары қосылған.

 

Ішкі саясат саласы:

2019 жылы қоғамдық келісім Кеңесі, конфессия аралық және этника аралық келісім мәселесі бойынша Ақбел ауылдық округі тұрғындарымен кездесулер өткізді. Қоғамдық кеңестің мүшелері ауылдық округтің қоғамдық шараларына тартылып, әр түрлі мерекелік шараларға қатысады.

Апта сайын әлеуметтік өзекті мәселелер бойынша мониторинг жүргізіледі. Қажетті жағдайда қоғамдық кеңестің қызметі пайдаланылады. Қазіргі уақытта өзекті мәселелер:

- Ақбел-Құрама, Ақбел-Алабас бағытындағы жол сапасының төмендігі,

- Құрама ауылында орталықтандырылған ауыз су жүйесінің болмауы,

 «Діни экстремизм және терроризмге қарсы күресу бойынша» мемлекеттік бағдарламасы аясында діни экстремизм және терроризм идеялары таралуына жол бермеу мақсатында, жалпы саны 84 адамды қамтыған 8 кездесу өтті. Барлық үгіт-насихат жұмыстары жоспарға сәйкес өткізілуде. Барлық өткізілген шаралар тұрақты түрде Бұқар жырау ауданы әкімінің порталында, аудандық «Бұқар жырау жаршысы» газетінде және «Инстаграмм», «Фейсбук» әлеуметтік желілерінде жарияланып тұрады.

Ақбел ауылдық округінің әкімінін м.а.

С. Мырзабеков

 

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

Глава государства провел ряд встреч 31 Октября 18:41
В Жанааркинском районе 15 многодетных семей отметили новоселье 31 Октября 16:55
В Темиртау заключили меморандум о снижении вредных выбросов 31 Октября 16:53
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»