100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости района

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

ИНФОРМАЦИОННЫЙ ОТЧЕТ ПЕРЕД НАСЕЛЕНИЕМ О ПРОДЕЛАННОЙ РАБОТЕ, О ХОДЕ ИСПОЛНЕНИЯ ПРОГРАММЫ СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ ЗА 9 МЕСЯЦЕВ 2019 ГОДА И ЗАДАЧАХ ПО ПОВЫШЕНИЮ БЛАГОСОСТОЯНИЯ ЛЮДЕЙ РУКОВОДИТЕЛЯ ОТДЕЛА КУЛЬТУРЫ И РАЗВИТИЯ ЯЗЫКОВ РГЕБАЕВА Т.Ж.

Аудандағы мәдениет мекемелерінің ошағы – 73. Аудандық мәдениет Үйінің  құрылымына 34 мәдениет объектісі кіреді. Онда: 1 аудандық Мәдениет үйі, 2 кенттік мәдениет үйі, 8 ауылдық мәдениет үйлері, 23 ауылдық клубтар,1"Зерде"  жылжымалы бейнемобиль жұмыс істейді. Бұқар жырау  ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша бүгінгі таңда 39 кітапхана қызмет көрсетуде:1 аудандық орталық кітапхана, 1 аудандық балалар кітапханасы, 37 ауылдық кітапханалары жұмыс жасайды. Сонымен қатар, 1 тарихи-өлкетану музейі бар.

«Бұқар жырау АМҮ» КМҚК бойынша 256 көркемөнерпаздар үйірмелері және әуесқой бірлестіктер жұмыс істейді, оған   2478 адам қамтылған. Оның ішінде жастар, балалар және халықтың басқа  тұрғындар 202, қамтылығандар саны-1946 , егде жастағы адамдар үшін 54, ондағы қамтылған адамдар саны- 532. 9 этно-мәдени бірлестік жұмыс істейді, онда 144 адам қамтылды. 18 қазақ мәдениетінің бұрышы жұмыс істейді, оған 258 адам қамтылды. «Дәурен-ай» халықтық ардагерлер хоры, «Ботақара баурайында» халықтық фольклорлық ансамблі, Ғ.Мұстафин кентінде "Эдельвейс" хореографиялық ансамблі және Доскей ауылындағы қазақ халық аспаптар оркестрі жұмыс жасайды.

2019 жылы Қызылқайың, Урожайное, Мұстафин ауылдарында этно-мәдени бірлестіктер ашу жоспарлануда.

2019 жылға арналған бюджетті бекіту кезінде мәдениет мекемелері үшін 335 097,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде «Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»ММ үшін-17 353,0 мың теңге бөлінді.

Мемлекеттік «Тілдерді дамыту мен қолдану» бағдарламасы бойынша 48 адамға мемлекеттік тілді, 24 адамға ағылшын тілін оқыту курстарын өткізуге және  дәстүрлі «Бұқарекең жырлайды» байқауын өткізуге барлығы 3060,0 м.т. бөлінді.

Клубтық мекемелер үшін 313830,0 мың теңге сомасында бюджеттік қаражат бөлінді: бірінші кезектегі шығындарға (ФОТ, коммуналдық қызметтер), 3 фазалық электр есептегіштерді сатып алуға, клубтар бойынша жеңдері бар өрт жәшіктерін сатып алуға, мерекелік іс-шараларды және өртке қарсы іс-шараларды өткізуге, соның ішінде эл сынауға.(авт.) жөндеу, тексеру және қызмет көрсету.өрт сөндіру жеңдерін сынау және жөндеу), көмір сатып алуға.

Сонымен қатар, мемлекеттік рәміздерді оның ішінде 33 клубқа герб сатып алуға 1815,0 мың.теңге, видеопроцессор – 390,0 мың.теңге. сатып алуға.

2019 жылдың 9 айында мәдениет үйлері мен клубтарда 3027 іс-шара өткізілді, келушілер саны 418,1 мың адам.

ОКЖ желісін 39 кітапханалар құрайды, оның ішінде 24 модельдік кітапхана, 1 жылжымалы "Зерде"бейнемобилі.

ОКЖ кітапханаларына бөлінген бюджет:

- 2297 м. т. 261 тонна көмір сатып алуға, жеткізуді есепке алғанда 8800 теңге, жоспар бойынша қаржыландыруды игеру кыркүйек айы, көмір толығымен  жеткізілді;

- 4580 м. т. басылымдарға жазылу, жоспар бойынша қаржыландыруды игеру қазан айына қойылды;

- 2000 м.т. кітапхана қорын толықтыру үшін 1080 дана әдебиет сатып алуға, жоспар бойынша қаржыландыру мамыр айына қойылды;

- Ж. Артықбаевтың "Бұқар жырау: ғұмыр белестері " кітабын басып шығару жоспарланды;

- 840 м. т. б. ОКЖ, Доскей ауылы, Ғ. Мұстафин кенті кітапханаларының ғимараттарында АПС техникалық қызмет көрсету жарияланды, хабарландыру мерзімі аяқталғаннан кейін жеңімпазбен шарт жасалды. ЖК «Марат» 500,0 м.т. сомасына келісім-шарт жасалды, үнемделген 338,м.т. қаражатқа ауылдық клубтарға мемлекеттік рәміздерге арналған маңдайшалар мен плакаттар және ОКЖ үшін маңдайша сатып алынды;

- 500 м. т.  3 комплекті компьютер және 2 принтер сатып алынды;

- 237 м. т. мемлекеттік рәміздерді сатып алуға, жоспар бойынша  қаржыландыру  мамыр айына қойылды. ЖК Мухин Владимир Александровичпен 59,4 м.т. сомасына келісім-шарт жасалды, үнемделген қаражат 177,6  м.т.

01.10.19 ж. ОКЖ кітапханаларының кітап қоры 327214 дана кітапты құрады, соның ішінде қазақ тілінде 152205 дана кітап.

2019 жылы келесі іс-шаралар өткізіледі :

- «Бір ел-бір кітап», «Одна страна-одно книга» акциясы, «Кітап туралы Ең үздік презентация» байқауы, Үздік оқырман сайысы;

- «Талайлы тағдыр иесі» викториналық-экскурсия(В. А. Эйфертке-135 жыл), «Өз өлкенің білгірі» викториналық-экскурсия (В. И. Колышқа-100 жыл) (кітапхана қызметкерлері үшін Қарағанды қаласының Облыстық бейнелеу өнері мұражайына және Ғ.Мұстафин кентінің мұражай залына.);

-«Ең үздік өлкетану бұрышы» аудандық байқауы;

- «Кітап апталығы», «Үздік жыл оқырманы» байқаулары-балалар күніне, зияткерлік танымдық ойындар;

- «Кітапхана-рухани жаңғыру ошағы» атты кітап көрмесі, ойындар, турнирлер, караоке, оқырмандарды құрметтеу;

- «Туған жер-алтын бесігім» жинағын шығару;

- «Елдің атын ер шығарар» атты киелі орындар экскурсиясы, «Атамекен» базалық бағыты;

- Ақын Көшен Елеуовтің «Өлеңім қалса болды жер бетінде» жинағын басып шығару, «Рухани қазына» базалық бағыты.

ОКЖ бойынша 2019 жылға жоспарланды және бекітілді;

-2270 мәдени-көпшілік іс-шаралар, оның ішінде 01.10.19 ж. - 1821;

-29600 келушілердің саны , 01.10.19 ж. 23021 адамды құрады.

Тілдерді дамыту

2019 жылдың ақпан айында Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына идеологиялық тұрғыдан ескірген мектептердің атын өзгерту бойынша құжаттар жолданды, олар:

1.Елтай орта мектебін - А. Байтұрсынов атындағы орта мектебіне;

2.Петровская орта мектебін- Ә.Марғұлан атындағы мектебіне;

3.№1 қазақ орта мектебін- С. Торайғыров атындағы орта мектебіне;

4. Ленин орта мектебін -Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебіне қайта атау бойынша құжаттар жолданды.

Сонымен қатар, сәуір айында Тілдерді дамыту басқармасына төрт мектеп бойынша құжаттар тапсырылды:

1.Кузнецкий орта мектебін– Ж.Аймауытов атындағы орта мектепке;

2.Центральная орта мектебін-С. Мұқанов атындағы орта мектепке;

3.Новоузенка орта мектебін- М. Ж. Көпеев атындағы орта мектепке;

4.Гагарин орта мектебін – Т. Бегелдинов атындағы орта мектепке ауыстыру бойынша құжаттар жолданды.

«Тілдерді дамыту мен қолдану» және үштілділікті дамыту бағдарламаларының орындалу аясында  ағымдағы жылы Көкпекті, Үштөбе, Центральный ауылдарында  36 адамға 3 ай мерзімінде мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту курсы өтті және тыңдаушыларға сертификат табысталды. Ботақара кентінде 24 адамға (2 топ) 3 ай мерзімінде ағылшын тілін жеделдетіп оқыту курсы жүргізілді және сертификат табысталды. Қыркүйек айынан бастап Ботақара кентінде халықтың сұранысы бойынша 12 адамға мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту курсы жалғасуда. Бұл жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады. «Жаңа емле мазмұны және оқытудың әдістемелік мәселелері» тақырыбында 60 адамға латын әліпбиі бойынша екі күндік (18 сағат) курс өткізілді. Курс қорытындысы бойынша сертификатқа ие болған мамандар өз мекемелері мен ұйымдарында іс қағаздарының латын графикасында сауатты жүргізілуіне атсалысуы қажет екендігін атап өтеміз. 24-қыркүйек күні  Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Бұқар жырау ауданының тұрғындарынан Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін білу деңгейін анықтау мақсатында диагностикалық және сертификаттық тест қабылдады. Диагностикалық тестілеуге-200 адам және сертификаттық тестілеуге -17 адам қатысты.

           Құжаттарды мемлекеттік тілде жүргізудің төмен деңгейі

         с.Акбел -88% (3 балл), с.Ботақара– 81%(3 балл), с.Петровка – 69%(1 балл).

Аудандық бөлімдердің арасында  құжат айналым бойынша әдістемелік көмек көрсету кезінде, тексеру шығыс хат-хабарлардың пайызы көрсеткіші төмен болады, тоқсан сайын берілетін ақпараттарға сай келмейді.

Сәуір айында Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  ұйымдастыруымен 17-30 жас аралығындағы жастар арасында «Сәкен – сұңқар, Сәкен – сән, Сәкен - аңыз»  атты аудандық байқауы және «Абай оқулары» өтті.

Проблемалық мәселелер:

Клуб мекемелері үшін:

Ауданның 33 клубтарының материалдық базасын нығайту қажет: жиһаз, театр креслоларын, сахна киімдерін, дыбыс күшейткіш аппаратурасын, компьютерлерді, интернетті, телефондандыруды, музыкалық аспаптарды, сахналық костюмдерді сатып алу керек.

Тұрғындардың санын ескере отырып, 2500-ден 4000 адамға дейін Көкпекті, Үштөбе, Доскей, Петровка ауылдарында мәдениет үйлерінің ғимараттарын салу қажет.

21 клубтың ішінде орналасқан жылыту қазандықтарын жеке тұрған ғимаратқа шығару қажет.

Клуб мекемелері 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес іс-шаралар өткізеді.

 Көркемөнерпаздар үйірмелерін, әуесқой бірлестіктерді, этно-мәдени және қазақ мәдениетінің бұрыштарын толық дамыту үшін сахналық костюмдер, халық аспаптары қажет. Мәдени-бұқаралық іс-шараларды толыққанды және ауқымды өткізу үшін МТБ қажет. Ауылдық клуб мекемелеріне компьютер, интернет, жиһаз, сахналық костюмдер және музыкалық аспаптар қажет. Бірақ жоғарыда аталған барлық кемшіліктерге қарамастан қызметкерлер, клуб мекемелері іс-шараларды өз деңгейінде өткізеді. Оы орайда: Қушоқы кентінің мәдениет үйінің меңгерушісі -Аманжолова Ольга Михайловнаны, Шешенқара ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі -Бурашева Жанна Амангелдіқызын, Центральное ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі -Еркович Василий Васильевичті, Акбел ауылдық клубының - меңгерушісі Молдабаева Гаухар Гылимовнаны, Тоғызқұдық ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі -Биболова Бахтыгулді, Ростовка ауылдық Мәдениет үйінің меңгерушісі - Манкеева Гаухар Канапияновны және т.б. ауылдық мәдениет қызметкерлерді атап өтуге болады.

Ғимараттың жоқтығына және авариялық жағдайға байланысты Белағаш АК,Сарыарқа АМҮ, Баймырза АМҮіс-шаралар өткізу мүмкін емес. Мұндай ғимараттарда көркемөнерпаздар үйірмелері мен әуесқой бірлестіктер жұмыс жасау қауіпті, сондықтан клуб мекемелерін жөндеу қажет.

P.S – Жоғарыда көрсетілген кемшіліктерге қарамастан 2018 жылы "Бұқар жырау аудандық мәдениет үйі" КМҚК облыс бойынша "облыстың Үздік аудандық мәдениет үйі"номинациясы бойынша жүлделі ГРАН-ПРИ алды.Сондай-ақ, осы жылы елді мекендерге қызмет көрсететін аудандық мәдениет үйінің "ЗЕРДЕ" бейнемобильі Қарағанды облысы бойынша "ЗЕРДЕ үздік жылжымалы кешені" номинациясы бойынша жүлделі ГРАН-приді жеңіп алды.

Кітапхана мекемелері үшін:

2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығы бойынша кітапханалардың атқарған жұмысы бойынша көрсеткіш деңгейі:

Жақсы деңгейлі кітапханалар

Орта деңгейлі кітапханалар:

 

Төмен деңгейлі кітапханалар:

 

Аудандық орталық кітапхана

 Ақбел ауылдық кітапханасы

Ақжар ауылдық кітапханасы

Аудандық балалар кітапханасы

Ақөре ауылдық модельді кітапханасы

Ақтөбе ауылдық модельді кітапханасы

Ботақара ауылдық модельді кітапханасы

Жаңаталап ауылдық кітапханасы

Андрениковка ауылдық кітапханасы

Гагарин ауылдық модельді кітапханасы

Керней ауылдық модельді кітапханасы

Байқадам ауылдық кітапханасы

Доскей ауылдық модельді кітапхана-клубы

Қаражар ауылдық модельді кітапханасы

Баймырза ауылдық модельді кітапханасы

Көкпекті ауылдық модельді кітапханасы

Қызылжар ауылдық кітапханасы

Белағаш ауылдық модельді кітапханасы

Қарақұдық ауылдық кітапханасы

Ростовка ауылдық модельді кітапханасы

Бұқаржырау ауылдық кітапханасы

Қызылқайың ауылдық модельді кітапханасы

Самарқан ауылдық модельді кітапханасы

Заречный ауылдық кітапханасы

Новоузенка ауылдық модельді кітапханасы

Тоғызқұдық ауылдық модельді кітапханасы

Красная Нива ауылдық кітапханасы

Мұстафин кенттік көпшілік модельді кітапханасы

Тұзды ауылдық кітапханасы

Қушоқы кенттік модельді кітапханасы

Мұстафин кенттік балалар модельді кітапханасы

Үміткер ауылдық модельді кітапханасы

Суықсу ауылдық кітапханасы

Петровка ауылдық модельді кітапханасы

 

Шешенқара ауылдық модельді кітапханасы

Центральный ауылдық модельді кітапханасы,

 

Ынтымақ ауылдық кітапханасы

Үштөбе ауылдық модельді кітапхана-клубы

 

 

Жақсы деңгейлі кітапханалар жылдық жоспарларына сай жүйелі жұмыстар жүргізуде, ал төмен деңгейлі кітапханалардағы кітапханашылар жұмысқа жаңадан орналасқандықтан жұмыстың барысын әлі игере алмай отыр. Кітапханашылардың жұмысын жақсатру үшін аудандық семинарлары жиі ұйымдастырылады.

Кітапхана жұмысы бойынша өзекті мәселелер:

Аудандық бюджеттен кітап қорын толықтыруға жылда қаржы бөлінеді, алайда, осы қаражатқа әдебиеттер мен мерзімді басылымдардың қымбат болып, аз алынуына  байланысты оқырмандардың сұранысы толық қанағаттандырылмайды.

Кітапханаға оқырмандарды көптеп тартуда мерзімді басылымдардың маңызы зор, алайда "Бұқаржырау жаршысы", "Орталық Қазақстан", "Егемен Қазақстан", "Индустриальная Караганда", "Казахстанская правда"  сынды газеттерге жазылу санын жүктеп беруіне байланысты, оқырмандардың қызығушылығы ескерілмей, олардың сұранысына қажетті басылымдарды алу мүмкіндігі шектеулі. ал балаларға арналған газет-журналдар жоқтың қасы.

Жаңа заман талабына сай кітапханаға пайдаланушыларды тартуда компьютерлер мен интернеттің пайдасы үлкен, алайда компьютермен қамтамасыз ету 100 пайыз болғанымен,  кітапханалардың көбінде компьютер ескірген, интернет желісінің жылдамдығының төмен болуы қызмет көрсетуде кедергі келтіруде. 7 кітапханада /Бұқаржырау, Белағаш, Гагарин, Жаңаталап, Красная Нива, Суықсу, Тұзды/ интернет қосылмаған.  сондай-ақ компьютерлердің жақсы жұмыс жасауына кедергілердің бірі - лицензиялы антивирус бағдарламаларының болмауы.  Пайдаланушыларды қызықтыратын лицензиялы мультимедиалық қосымшалардың болмауы.

2017 жылы "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында өлкетану қорын цифрлық жүйеге көшіру басталды. Кітап авторлары Ю.Попов, Қ.Шыныбектегімен жұмыс жүргізіліп, авторлық құқық туралы  шартқа қол қойылды, осыдан соң кітаптары цифрландырылып, ОКЖ сайтына орналастырылды. Бүгінгі күні 2005 құжаттар (газет мақаласы- 1951, журнал мақаласы -40, толық кітаптар -14) цифрландырылғанымен А3 форматындағы сканердің жоқтығынан бұл жұмыс өте баяу жүруде.

  Тілдерді дамыту бойынша проблемалық мәселелер:

- Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі бойынша аудан халқын оқытатын кабинетке ағымдағы жөндеу жұмыстары және жиһаз (парта, орындық, тақта, шкафтар)  қажет;

 

Бұқар жырау аудандық мәдениет және

тілдерді дамыту бөлімінің басшысы                         Т. Ргебаев

 

 

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»