Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
---|
Бұқар жырау ауданында 49 білім беру ұйымы жұмыс істейді; 49 жалпы білім беретін мектеп (34-і орта, 12 негізгі, 3 бастауыш), 8 - балабақша, 3 - балалар музыка мектептері. Ауданымызда 37 мектеп жанындағы шағын орталық, 8 балабақша жұмыс істейді. Оларда 205 тәрбиеші мектепке дейінгі тәрбие жұмысын іске асыруда.
Сол-сияқты ауданымызда бір өнер мектебі және екі музыка мектебі балаларға қосымша білім береді. Оларда 83 педагог сабақ береді.
1-11 сынып оқушыларының жалпы саны -8320 оқушы. Педагогтар ауданында-1473 мұғалім, оның ішінде жас мамандар-27. Педагогикалық кадрларға деген қажеттілік 31 мұғалімді құрайды.
Мектептерде оқу үрдісі штаттық жүйеде өтуде. Көмір жеткілікті жылу жүйесі мен қазандықтарда апаттық жағдайлар орын алған жоқ.
243, компютер 43740,0 м т сатып алынды, Модификацияланған кабинеттер 383460 м т, сол сияқты 12 мектепке видео құрылғылар алу үшін 11,500, 0 м т конкурс жарияаланды.
Уштөбе мектебіне 209 терезе ауыстыру 45 млн, Токаревка мектебінің 135 терезесін айырбастау 29 млн, Петровка мектебінің 102 терезесін ауыстыру 36 млн, Жаңаталап мектебінің 107 терезесін ауыстыру 11 млн, Көкпекті мектеп іші төбелерін жөндеуге 5 млн. теңгеге жүргізілді.
Кузнецкі мектебінің шатыры мен терезелерін ауыстыру үшін 29 млн теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аудан бойынша 24 мектепте ыстық тамақ ұйымдастырылған оларда бүгінгі таңда 856 оқушы тегін тамақтануда. олардың 63- жетім немесе ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар 155- мемлекеттік әлеуметтік көмек алатындар, 648-білім беру ұйымының алқалық шешімі мен тегін тамақтанатындар. 23 мектепте буфет ұйымдастырылған.
26 елді мекеннен 20 мектепке 572 бала тасымалданады, ол мемлекеттік қызметті жергілікті әкімшіліктер ұйымдастырады. Тасымалға ешқандай ескертуіміз жоқ.
Мектептерде 32 дәретхана бар. Биыл тағы 3 мектепте дәретхана өткізу үшін жергілікті әкімшіліктермен келісім бар.
Суықсу мектебінің қазандығын сыртқа шығару бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазандық жұмыс жасап жатыр, бірақ қосымша жұмыс жүргізілуіне байланысты балансқа алынған жоқ.
Үштөбе мектебінде қазандық ауыстырылды.
Көкпекті және Ленин мектептерінде резервті қазандық ауыстырылу жоспарлануда.
Басшының м.а: А.Оспанов
Комментарии (0):
Комменатриев нет.