100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости района

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

ИНФОРМАЦИОННЫЙ ОТЧЕТ О ПРОДЕЛАННОЙ РАБОТЕ, О ХОДЕ ИСПОЛНЕНИЯ ПРОГРАММЫ СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ ЗА 10 МЕСЯЦЕВ 2019 ГОДА И ЗАДАЧАХ НА ПРЕДСТОЯЩИЙ ПЕРИОД АКИМА СЕЛА КАРАКУДУК ДЮСЕМБЕКОВОЙ О.Н.

Шағын және орта бизнесті дамыту.

 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру мақсатында:

Қарақұдық ауылында шағын және орта бизнесті дамыту  бойынша 3 дүкен жұмыс атқаруда. Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің  бағаларын көтермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Апта сайын аудандық кәсіпкерлік бөліміне мониторингтер жіберіліп тұрады.

Кәсіпкерлікті дамытудың бірінші бағыты бойынша, 2019 жылға техникалық және кәсіби (ТиПО) жоспар бойынша 2 адам, қысқа мерзімді курсқа 4 адам жіберілді.

Екінші бағыты бойынша жеке кәсіпкерлікті ашу мақсатында 12 адам «Бастау Бизнес» курсына қатысып, сертификат алды.  8 адам шағын несие алып жеке кәсіптерін ашты,   Усенова Насипжан ЖК «Манас», Дюсенбекова Клара ЖК «Дюсенбекова», Қайырбекқызы Гаухар ЖК «Зере», Ерболатов Амангельды Канатович ЖК «Аманек», Гусейнова Зуфия Камиловна ЖК «Аделя», Махмудова Чимназ ЖК «Султан», Макенова Диля Кажыкеновна ЖК «Зумрат», Балхашев Хаким ИП «Балхашев»  

         Жас кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша Искаков Эльзар Едилович бір айлық оқу курсын бітіріп сертификат алды, жеке кәсіпбин ашты ЖК «Ислам».

 Бұқар жырау аудандағы жастар кәсіпкерлігін дамытуға және  қолдауға арналған Бұқар жырау ауданы әкімінің грантын Аязбекова Алина Кайратовна 500000 тенге алды.

 Үшінші бағыты жоспар бойынша 1 әлеуметтік жұмыс орнын ашу, «Жастар тәжірибесі» бойынша 1 азаматты 6 айға жұмысқа қабылдау, мемлекеттік қолдаусыз 61 жұмыссыз адамды жұмысқа орналастыру.

2019 жылдың І жартыжылдығында ауыл бойынша  69 адам жұмысқа орналастырылды.

Бірыңғай жиынтық төлемі бойынша барлығы 23 адам төлем жасады.

Соның ішінде наурыз айында – 2 адам, сәуір айында – 1 адам, мамыр айында – 16 адам.

Жастар тәжірибесі бойынша – Темиров А.Б. 3 айға жұмысқа қабылданды.

 

Ауыл шаруашылығын дамыту.

Ауыл бойынша 1 ФҚ  55 жеке шаруа қожалықтары, 9 жеке кәсіпкерлер тұрақты түрде жұмыс атқаруда.

2019 жылдың 1 шілдесіне 2254 бас ірі қара мал, оның ішінде сауынды сиыр 1014 бас тіркелген. Ұсақ мал саны 2278 бас. Жылқы саны 706 бас. 

 

 Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жер учаскелерін түгендеу және пайдаланылмайтын жерлерді айналымға енгізу жөнінде түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Егістік және жайылым алқаптарды электронды базаға енгізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күні  жайылымдық жерлерді электронды картаға енгізу 85,7 пайызға енгізілді.

Ауыл бойынша 11 шаруақожалық егін ору жұмыстарын жоспар бойынша аяқтады. Биылғы жылы ауыл бойынша 3354 га жерге егін себілді.   Мал басын асылдандыру мақсатында «Ақбұлақ» ШҚ 2 бас, «Стас» ШҚ 2 бас «Ақмаржан» ШҚ 2 бас «Жарас» ШҚ 3 бас «Жаке» шаруақожалығынан, «Мақсат» ШҚ «Марат» шаруақожалығынан 4 бас асыл тұқымды бұқаларды жалға алды.  

 

ҚР 2015-2019 жылдар аралығында индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында:

«Сәт көмір» тау-кен АҚ көмір өндіру жұмысын атқаруда.

 

ҚР 2017-2021 жылдар аралығындағы Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасын іске асыру мақсатында:

«Дастан» ШҚ басшысы Сарсекеев Алтынқұс  Беларусь - 952,2 тракторын – 7 860 000 млн. тг, малшы тұратын вагончикті – 2 500 000 млн.тг сатып алды.

Көктемгі егіс себу жұмыстыран жүргізуге «Ерғали» ШҚ басшысы Макенов Самат Нургалиевич 19 млн тг КазАгро арқылы Агратор 7300 пневматикалық егін кешенің сатып алды. Алдағы уақытта егін себу алқабын ұлғайтуды көздеуде. 

Ауыл бойынша 6 шаруақожалық «Ақбұлақ» ШҚ «Ақмаржан» ШҚ «Жарас» ШҚ «Алихан» ШҚ «Акежан» ШҚ «Кисомадинова» ШҚ «ТамДайа ШҚ» күн батареясын (солнечная батарея) – 3 100 000 млн тг сатып алды.

2019 жылдың жоспарына сай ауыл шаруашылық техникасын алынып, инвестиция толықтай орындалды.

Жоспар бойынша 200 млн тг. көлемінде несие алу, оның ішінде «АШҚҚҚ» АҚ 100 млн.тг, «АКК» АҚ 100 млн. тг.

 

         Ауылдың инженерлік инфрақұрылымын дамыту

Коммуналдық қызмет саласында жыл бойы су құбырлары тиісті деңгейде жұмыс істеп тұр.

Ғ.Мұстафин, Ж.Ташенов, А.Жұматаев, А.Қыздарбеков көшелері толық жарықтандырылып, 40 жарық нүктесі қойылған.

 «Қолма-қол бақылау» (КСН) шотына 2019 жыл бойы салықтардан    1 194 000 теңге қаражат түседі деп жоспарлануда. Салықтардан түскен қаражаттың 1 000 000 тенгесіне Амангелді орта мектебінде санузел, 508 000 тенге ауылды абаттандыру жұмыстарына, 60 000 теңгеге баннерлер дайындалды.

 

Қыс мезгілінде ауыл ішіндегі көше жолдарын «Чубаев» жеке кәсіпкері арқылы қардан тазарту жұмыстары атқарылды.

Су тасқынының алдын алу мақсатында, іс-шаралар жоспары құрылып, су өтетін суағарлар, көшелерді қардан тазарту жоспарлануда.

Төтенше жағдайдың алдын алу, өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында КСН шотынан 10 көп балалы аналар, тыл ардагерінің үйіне газоанализатор қойылды, 3 отбасы өз қаражатына сатып қойды.

 

Санитарлық тазалау бойынша

Сәуір айының 1 жұлдызынан бастап 2 айлық сенбілік жарияланып, ауыл ішін күл-қоқыстардан тазалау үшін 2 техника (1 фронтальный погрузчик, 1 Шахман ауыр жүк көлігі 25 тонналық ) жұмылдырылды. Ауыл тұрғындарымен санитарлық тазалау, абаттандыру  бойынша 165 келісім – шарт жасалды.    Ауыл тұрғындары өз қаражатына үйлерінің айналасын қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартуда. Бүгінгі күні ауыл ішінен 2545 тн қатты - тұрмыстық қалдық шығарылды.     

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында бөлінген бюджет қаражаты 100 пайыз игерілді.

   

           

          ҚР 2016-2019 жылдар аралығындағы білім және ғылым мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында:

          Амангелді орта мектебі бойынша 2018-2019 оқу жылында 104 оқушы білім алуда, мектеп алды даярлық тобында 14 бала. Сабақ екі ауысымда өтеді. Мектепте 22 мұғалім еңбек етеді. 17 мұғалім жоғары білімді, 5 мұғалім орта арнаулы білімді.

         Мектеп жанында шағын орталық 1 топта жұмыс атқарады - 23 бала тәрбиеленіп отыр. Мектепке дейінгі балалар тәрбиесі 100 пайызға қамтылған.

1-ші қыркүйектен бастап Доскей саз мектебі арқылы домбыра сыныбы жұмыс істейді.  1 мұғалім 9 балаға дәріс беруде.

Қазіргі уақытта жылу жүйесі жақсы жұмыс істейді.

         2019-2020 оқу жылына Амангелді орта мектебі толық дайын. Санузел орналастырылып, қолданысқа берілді.

        

           

          ҚР 2016-2019 жылдар аралығында денсаулықты дамыту «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында:

Ауыл бойынша фельдшерлік-акушерлік бөлім жұмыс атқарады.

Мобильді қосымша «Дамумед» 641 адам тіркелді.

Ауылда кітапхана, клуб жұмыс істейді.

 

          Әлеуметтік қорғау

          «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру мақсатында:

       Ауылда 722 адам тұрады, оның ішінде жастар саны- 229, экономикалық белсенді халық саны - 413 құрайды, жұмыспен қамтылғандар 328 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 69 адам, жұмыссыз 1 адам тіркелген. Ауыл бойынша зейнеткерлер саны – 66 адам,  мүгедектер саны - 35, оның ішінде 1 топтағы мүгедектер - 9 адам, 2 топтағы мүгедектер - 16 адам, 3 топтағы мүгедектер - 10, 18 жасқа дейінгі мүгедектер саны - 4 адам. Жеке көмекшілер - 7 адам.

                  Әлеуметтік көмек

            2019 жылдың 1 шілдесіне 5 отбасына атаулы әлеуметтік көмек (АСП) тағайындалды.  

          Астана күні қарсаңында аз қамтылған және көпбалалы ана Секишева Розалия Кожахметовнаға азық-түлік жиынтығы табыс етілді.

           «Мектепке жол» акциясы қарсаныңда “Sat Komir” ТКК  30 оқушыларға оқу құрал-жабдықтарын табыс етті. 

           

            «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл» бағдарламасы бойынша

            Жұмыс екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: діни экстремизм мен терроризм идеяларының таралуын болдырмау: теологтармен кездесулерге қатысты, сонымен қатар ауыл тұрғындарымен 10 кездесу өткізілді, жалпы 273 адам қамтылды, ҚР Президентінің жолдауын түсіндіру бойынша 328 адам қамтылды.

        

 

   Қарақұдық ауылының әкімі                                 О. Дюсембекова

 

 

 

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

Женис Касымбек высказался об экологической ситуации в Темиртау 05 Февраля 13:28
К юбилею Победы театр им. Станиславского выпустит новый спектакль 05 Февраля 11:55
В Темиртау пройдёт ярмарка молодёжных проектов 05 Февраля 11:40
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»