100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости района

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

ИНФОРМАЦИОННЫЙ ОТЧЕТ О ПРОДЕЛАННОЙ РАБОТЕ, О ХОДЕ ИСПОЛНЕНИЯ ПРОГРАММЫ СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ ЗА 10 МЕСЯЦЕВ 2019 ГОДА И ЗАДАЧАХ НА ПРЕДСТОЯЩИЙ ПЕРИОД И.О. АКИМА АКБЕЛЬСКОГО СЕЛЬСКОГО ОКРУГА МЫРЗАБЕКОВА С.И.

         2019 жылдың 10 ай бойынша Ақбел ауылдық округі бойынша атқарылған жұмыстар:

 

Инвестиция саласы:

Ауыл-шаруашылық техникаларын сатып алу, жылдық жоспар – 5 бірлік, дерек – 5 бірлік (10 ай).

Негізгі капиталға салынған инвестиция, жоспар -50 млн.теңге, дерек 67,9 млн.теңге (10 ай).

         Ағымдағы жылы «Достар» ШҚ жалпы сомасы 10,2 млн.теңге сомасына МТЗ-80 тракторы және бүркегіш сатып алды.

         «Кенші» ШҚ жалпы сомасы 40 млн.теңге сомасына 32 бас асыл тұқымды ірі-қара шетелден алды, сонымен қатар 1 бірлік МТЗ-80 тракторы, 1 бірлік  МТЗ-342 тракторы және 3 бірлік қосымша ауылшаруашылық техникалары сатып алынды.

         «Аян» ШҚ 1,3 млн.теңге сомасына 2 бірлік қосымша ауылшаруашылық техникасын сатып алды (шөп шабатын және жинайтын техникалар).

         «Құлан» ШҚ жалпы сомасы 16,4 млн.теңге сомасына 8 бірлік ауылшаруашылық техникаларын, оның ішінде 2 бірлік трактор сатып алды.

      «Даяна» ШҚ жалпы сомасы 2,6 млн.теңге сомасына 1 бірлік ауылшаруашылық техникаларын, жөптүйгіш  сатып алды.

 

Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласы:

Ауылшаруашылығын дамыту үшін несиелендіру сомасы, жылдық жоспар 200 млн.теңге, дерек – 107,9  млн.теңге (10ай).

Бүгінгі күні несие алғандар:

  1. Ағымдағы жылы «Кенші» ШҚ 45 млн.теңге сомасына несие алды.
  2. «Аян» ШҚ  16 млн.теңге несие алды.
  3. ЖК «Құлан»  «Бейбарыс» несиелендіру ұйымы арқылы 16,4 млн.теңге несие алды.
  4. ЖК «Ербол»  (Самекин М.Б ) 4 млн.теңге сомасына шағын несие алды.

    5. ЖК «Шакрира» (Нурмуканова Г.)  ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 20 бас ірі-қара сиыр сатып алуға  6 млн.300 мын.теңге сомасына несие алды.

6. ЖК «Асхат»  (Тукеев А.А.), ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 12 бас ірі-қара  сатып алу үшін  3млн.200 мын.теңге сомасына несие алды.

7. ЖК «Далида» (Алиева Д.О.) ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 20 бас жылқы сатып алу үшін 6 млн. теңге сомасына несие алды.

9. «Бек» ШҚ (Бекмагамбетов Е.Ш.) ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 25 бас ірі-қара  сатып алу үшін 6,3 млн.   теңге сомасына несие алды.

10. «Зангар» ШҚ (Хамитов Е.О.) 16 бас жылқы сатып алуға 6,2 млн.теңге несие алды.

         Бүгінгі күні несие алуға құжаттарын тапсырғандар:

1. Тукеева П.Ш.  ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 15 бас ірі-қара  малын сатып алу үшін, 6 млн.теңге сомасына өтініш берді.

2. Толемисов А.К. ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 15 бас жылқы сатып алуға 6 млн.теңге сомасына несие алуға өтініш берді.

 

Ауылшаруашылық субъектілері мен жеке кәсіпкерлердің тіркелуі, жылдық жоспар 5-бірлік, дерек 7-бірлік (10ай).

Ағымдағы жылдың 10 айы бойынша округ аумағында 6 жеке кәсіпкер мен 1 шаруа қожалығы тіркелді және де жыл соңына дейін 2 жеке кәсіпкер алуы жоспарлануда.

Жұмыскерлердің жалақысын 50 пайызға өсіру туралы барлық шаруа қожалықтарымен және жеке кәсіпкерлермен меморандум жасалынды.

Әлеуметтік-маңызды азық-түлік бағаларының тұрақты болуы үшін, 2019 жылдың қаңтар айында барлық жеке кәсіпкерлермен тауардың бағасына үстемені 5%-дан, нан бағасына 2 теңгеден асырмау туралы меморандумдар жасалынды.

19 негізгі әлеуметтік-маңызды азық-түлік бағаларына күн сайын мониторинг жасалынып, Бұқар жырау ауданының кәсіпкерлік бөліміне жіберіледі. Бүгінгі күні Ақбел ауылының 3 дүкенінде әлеуметтік сауда орындары ұйымдастырылған.

 

Жер қатынастары саласы:

Округ бойынша шаруа қожалықтарын есепке алуда 38 шаруашылық құрылымы  тіркелген оның ішінде 34 шаруа қожалығы және 4 ауыл шаруашылығы саласындағы жеке кәсіпкерлер.

Ағымдағы жылы 3 ауыл шаруашылық жер телімі конкурсқа шығарылды,  қосымша 5 жер телімін конкурсқа шығару үшін жергілікті өзін-өзі басқару қоғамдастық келісімінің хаттамасы жер қатынастары бөліміне жіберіліп құжаттары әзірленуде.

Жалпы аумағы 950га жуық 3 жер теліміне мақсатты қолданылмауына байланысты акт толтырылды. («Даулет» шқ.Басшысы-Шаймерденов О.Т.)

 Ауыл шаруашылығы саласы:

      Округ бойынша ағымдағы жылы 5026 га көлемінде егістік салынды. Оның ішінде 4011га бидай, 1015 га арпа. Былтырғы жылмен салыстырғанда 25,6%-ға артық (2018 ж.-3736 га). 2020 жылы егістік алқабын 7000 га көбейті жоспарлануда.

         Мал басын асылдандыру үшін асыл тұқымды бұқаларды жалға алу, жоспар-27 бас, дерек-11бас (10ай).

Ағымдағы жылы жеке кәсіпкер «Шаймерденова А.С.»- 2 бас, «Даяна» ШҚ-3 бас, «Дархан» ШҚ-2 бас, «Аян» ШҚ-4 бас асыл тұқымды  бұқа жалға алды. Аталмыш индикатордың орындалуы үшін жол картасы жасалынып, жұмыстар жүргізілді.

          Білім беру саласы:

         Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқумен қамту, жоспар -100%, дерек - 100% (10 ай).

          Округ аумағында 2 білім мекемесі орналасқан : 1)Қ.И.Сатпев атындағы мектеп. 2) Құрама бастауыш мектебі.

         Балаларды мектепке дейінгі оқумен қамтамасыз ету: Қ.Сәтпаев атындағы мектеп – 26 бала (100%), Құрама бастауыш мектебі – 12 бала (100%).

Жақын елді мекендерден интернатқа келіп оқитын оқушыларды тасымалдау ұйымдастырылды. Ол үшін арнайы ПАЗ автобусы қызмет көрсетеді. Ағымдағы жылы аталмыш автобусқа 100 мың теңге көлемінде жөндеу жұмыстарын жүргізілді.

Мектеп жанынан тегін тамақтану негізінде балалар лагері ашылды. Қамту көрсеткіші 100%.

         Биылғы жылы Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің қабырғасында Қ.Сәтпаевтың 120-жылдық мерейтойына арналып, мұражай ашылды. Ол үшін округ әкімінің кассалық қолма-қол шотынан (КСН) 200 мың теңге сомасында қаржы бөлінді.

        Мектеп жаңында баларға арналған шағын орталық жұмыс атқарады. Мектеп интернатында 38 оқушы тұрады,толықтай барлық жағдайы жасалған.

 

      Денсаулық сақтау саласы:

Ақбел ауылы бойынша ФАП орналасқан және 1 мидициналық қызыметкермен қамтылған. Құрама ауылында да 1 қызметкер жұмыс істейді және үйде қызымет көрсетеді.

2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша «Денсаулық» бағдарламасы аясында, онкологиялық ауруларды анықтау бойынша скринингтен өту шаралары жүргізілді.

Қараша айында өзін-өзі басқару қоғамының келісімімен КҚШ (КСН) 180 мың теңге  жергілікті ФАП-қа су өткізу және басқада жұмыстарға  қаржы бөлінеді.

 

  

          Туризм саласы:

Ашылған туристік объектілердің саны, жоспар -1 бірлік, дерек – о бірлік (10 ай).

         Ағымдағы жылы Қорған көлінде  жеке кәсіпкер «Галимова» балық шаруашылығын дамыту мақсатында жұмыстар жүргізуде.  Алдағы уақытта туризімді дамытуға басымдылық  қоятын болады.

 

Спорт саласы:

Округ бойынша Ақбел ауылында БЖСМ (ДЮСШ) филиалы жұмыс істеуде, қатсушылар саны -30 бала. Ауылмыздың спортшылары тұрақты түрде аудандық және облыстық жарыстардан жүлделі оралып жүр. Ақбел ауылында спорт алаңы балалардың футбол ойнауы үшін үнемі ашық.

Биыл Қ.Сәтпаевтың 120-жылдық мерейтойына орай, мамыр айында жақын елді мекендердің жастары арасында Көкпардан жарыс өткізілсе, маусым айында жасөспірімдердің арасында қазақ күресінен облыстық ашық турнир өткізілді.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен қазақ күресінен «Жас барыс» республикалык турнирінде Шәкәрім Әлжан үшінші орынға ие болып спорт шеберлігіне үміткер атанды.

 

 Ветеринария саласы:

2017-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның екі бағыты жүзеге асырылуда:

- ауылшаруашылық малдарына идентификация жүргізу шаралары. 2019 жылы ауылшаруашылық малдарына идентификация жүргізу жоспары 100% орындалатын болады.

- округ бойынша эпизоотияға қарсы шаралар жүргізіліп, инфекциялық ауруларға қарсы вакцинациялар жасалынды. 2019 жылы эпизоотияға қарсы және диагностикалық шаралар бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілді.

Округ аумағында  «Достар» ШҚ мал сою алаңы жұмыс істейді. Ветеринариялық пунк қызыметкері тарапынан мал өнімдеріне анықтама беріледі.  Ақбел ауылында мал қорымы (скотомогильник) орналасқан.

Әлеуметтік сала:

         Жұмыссыздық деңгейі, жоспар – 4,5%, дерек-0,02% (10 ай).

01.11.2019 ж. тіркелген жұмыссыздар саны 1 адамды құрайды. Оның ішінде жұмыссыз әйелдер мен жастар тіркелмеген.

         Тұрақты жұмыс орындарын ашу, жоспар – 76 орын, дерек – 46 орын (10 ай).

         Аталмыш индикаторды орындау үшін жол картасы жасалынды. Негізгі ашылатын жұмыс орындары мекемелер мен шаруа қожалықтарының штатын көбейту негізінде болады. Жақын уақытта ашылатын үлкен кәсіпорындар жоспарда жоқ.

         2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті жаппай дамытудың бағдарламасы аясында техникалық және кәсіптік білім алуға 3 адам (2 шаштараз, 1 маникюр) және 3 адам от жағушы мамандықтары бойынша оқуға жіберілген болатын. Сертификаттарын алды.

«Бизнес Даму» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік курсты 8 адам сертификат алды. Аталмыш адамдардың кем дегенде 6-і кәсіпкерлікті дамыту үшін шағын несие алады деп жоспарлануда. Қараша айында Молдабеков А.кәсіпкерлік курста оқуда.

 

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласы:

         Орталықтандырылғын ауыз-су жүйесімен қамтамасыз ету, жоспар - 100%, дерек - 76%.

         Аталмыш көрсеткішті жақсарту мақсатында, Құрама ауылына су тарту бойынша сметасы жасалып, аудандық бюджеттік комиссияға тапсырылған болатын.

Ағымдағы жылы Ақбел ауылындағы ауыз су құбырлары жүйесі «Ботақара су қожалығының» балансына берілді. Алдағы уақытта тариф бекітілген соң барлық үйлерді орталықтандырылған су жүйелеріне қосып, есептеу құралдарын 100% орнату жоспарлануда. Ағымдағы жылы 12 үй орталықтандырылған су желісіне қосылды.

         Абаттандыру және көркейту жұмыстары :

Қоқыс төгетін полигонды рәсімдеу жұмыстары аяқталып қалды. Қазіргі таңда «СпектрПроект» ЖШС полигондағы қоқыстардың нормативтік орналасуы бойынша жобасын дайындалды.

         Қоқыстарды шығару жұмыстары белсенді жүргізілуде. Ағымдағы жылы Ақбел ауылы бойынша 200 камаз, Алабас ауылы бойынша 110 камаз және Құрама ауылы бойынша 80 камаз, барлығы 3800 тонна күл-қоқыс халықтың қаражаты есебінен шығарылды. Екі айлық кұзгі сеңбіліктер өткізіліп,тазалық жұмыстары ойдағыдай атқарылды.

         ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіш қоршалып, ағаштар егілді. Ескерткішті қоршауға округ әкімінің КҚШ (КСН) 290 мың теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күні аталмыш ескерткіш пен Ақбел ауылында орналасқан саябақтық құжаттары рәсімделуде.

Жылу маусымына барлық әлеуметтік нысандарға жыу берілді және көмімен толық қамтылды. Сонымен қатар ағымдағы жылы көп балалы және тұрмыстық жағдай төмен отбасыларға улы газ датчигін орнату қарастырылуда (15 дана),жергілікті өзін-өзі басқару қоғамның шешімімен  КҚШ (КСН)  100 мың теңге қаржы бөлінеді.

 

Ақбел ауылдық округі әкімінің м.а.                     Мырзабеков С.И.

 

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

Женис Касымбек высказался об экологической ситуации в Темиртау 05 Февраля 13:28
К юбилею Победы театр им. Станиславского выпустит новый спектакль 05 Февраля 11:55
В Темиртау пройдёт ярмарка молодёжных проектов 05 Февраля 11:40
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»