100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Отчет акима

Құрметті ауылдастар!

Село аумағы 40068 га. Халық саны - 869. Оның ішінде жұмысқа жарамды адамдар саны – 412, 302 адам әр түрлі салада жұмыс істейді. 98 адам өзін-өзі жұмыспен қамтиды, жұмыссыздар-12 адам

Зейнеткерлер саны-69, мүмкіндігі шектеулі жандар саны - 46, жастар саны -218

Әлеуметтік көмек 3 отбасы алып отыр, балаларға жәрдемақы алып отырғандардың саны 18 отбасы. Тұрғын-үй жәрдемақысын 11 отбасы алады.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында мүмкіндігі шектеулі 2 азамат пен азаматша Хамитов Мұратбек, Досмагамбетова Гүлім  денсаулығын жақсарту мақсатында «Боровое» демалыс үйіне демалуға барып қайтты.  

60 жеке шаруа қожалығы тұрақты түрде жұмыс атқаруда. Ауыл бойынша 1791 бас ірі қара мал, оның ішінде сауынды сиыр 898 бас тіркелген, бұл көрсеткіш былтырғы 2013 жылмен салыстырғанда 11 басқа өскен. Ұсақ мал саны 3743 бас, 2013 жылмен салыстырғанда 57 бас артық. Жылқы саны 605 бас, 2013 жылдан 14 басқа артық..  Құс саны 752, 2013 жылмен салыстырғанда 11 құсқа артық. Келешекте ірі қара мал басын 3500 басқа жеткізу жоспарлануда.

2014 жылы аудан әкімінің бекіткен жоспары бойынша бірдейлендіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгінгі күнге 700 бас ірі қара мал, 2370 ұсақ мал, 180 бас жылқы бірдейлендіріліп, компьютерлік базаға енгізілген, ветеринариялық паспорттар таратылған. Жыл сайын ауыл шаруашылық малдарына жүргізілетін мал дәрігерлік іс-шаралар мезгілінде, сапалы орындалады. 2015 жылы ауыл шаруашылық малдарының арасында жұқпалы ауруларды болдырмау мақсатында мал соятын алаң салу жоспарда бар.

2014 жыл бойы келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру бойынша орындалған іс-шаралар туралы ақпарат:

Бірінші - мектепте спорт зал және бітпеген нысандарды іске косу –  осы мәселеге катысты аудан бюджетінен 1200000 теңге көлемінде қаражат бөлініп эксперттық байқау өткізілді. Қазіргі уақытта Аудандық оқу бөліміне сметалық құжаттар тапсырылды.

Екінші -  кіреберіс жол мәселесі бойынша тамыз айында бюджеттен аудандық коммуналдық шаруашылығы бөліміне қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Үшінші – қаңғыбас иттерді ату мәселесі бойынша жыл бойы 4 рет Доскей ауылынан ит ататын азамат Айхан Карсенбаев шақырылып ату жұмыстары жүргізілді, ақырғы рет ағымдағы жылдың 22 қараша күні.

Төртінші – қоғамдық монша салуға шағын несие бөлу мәселесі бойынша, кәсіпкер шағын несие алу мақсатында құжаттар жинап тапсырған болатын, бірақ  кепілге қоятын жылжымайтын мүлік болмағандықтан шағын несие ала алмады.
        
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Жұматаева  көшесінің жолын жөндеуге жергілікті бюджеттен 839 мың тенге қаражат, Центральная  көшесінің жолын жөндеуге  600 мың теңге қаражат бөлініп, игерілді.

Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 2015 жылға 839 мың теңге бюджеттен қарастырылып Набережная көшесінің жолын жөндеу жоспарлануда.

Елбасының Қазақстан халқына «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауын іске асыру барысында ақпараттық-насихаттау жұмысы   жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында Бұқар жырау аудандық ақпараттық насихаттау тобы келіп насихаттау жұмыстарын жүргізді.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 2014 жылы кәсіпкерлікті дамыту, мал басын көбейту, асылдандыру мақсатында  Кредитное товарищество «Ботакара» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен «Қымбат» жеке шаруа қожалығының басшысы Кисапова Алмагуль 1,4 млн. тенге көлемінде, «Дариға» жеке шаруа қожалығы басшысы Исабеков Сайлаубек 5,4 млн.тенге көлемінде несие алды.

«Дастан», «Мақсат», «Адил», «Азат», «Арай-Нұр» жеке шаруа қожалық басшылары мал басын көбейту және асылдандыру мақсатында мемлекет тарапынан субсидия алу үшін құжаттарын тапсырды.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 2014 жылы 3 жұмыссыз ауыл тұрғындары қайта даярлау курсына жіберілді. Оның ішінде 2 адам дәнекерлеуші, 1 адам аспазшы. Қазіргі уақытта жұмыспен қамтылды.

2014 жылы әкімшілік көмегімен 41 адам әр түрлі салаға жұмысқа орналастырылды.

    2014-2015 жылғы қыс айларында мал басын қыстан аман алып шығу және халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында арзан бағамен, әлеуметтік ұн, кебек алу үшін аудандық ауыл шаруашылық бөліміне сұраныс хат берілді.
.
Коммуналдық қызмет саласында жыл бойы су құбырлары тиісті деңгейде жұмыс істеп тұр.

Набережная, Молодежная, Жұматаева, Центральная көшелері толық жарықтандырылып, 45 жарық нүктесі қойылған.

Ауыл бойынша 2014 жылы  810 гектар бидай, 250 гектар арпа егілді. Орта есеппен 1 гектардан 8 центнерден өнім, 8480 центнер астық жиналды.

«Жарас» ЖШҚ Қарағанды қаласында өткізілген «Ауыл-Береке» жәрмеңкесінде 1 тонна ірі қара мал етін сатты.

2014 жылдың бірінші жартыжылдығына мерзімді басылымдарға жазылу және салық жиналымы 100 пайызға орындалған.

Бюджет 100 % орындалды.

Ауыл әкімшілігіне 2014 жыл бойы жеке тұлғалардан жазбаша түрде 15 өтініш,  ауызша түрде 68 өтініш  тіркеліп, қанағаттандырылды. 
Заңды тұлғалардан 8 өтініш тіркеліп, қанағаттандырылған.

Көктемгі, күзгі айларында тазалық маусымы болып жарияланып, күл- қоқыс шығарылып, санитарлық тазалық жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілді. Ауыл бойынша «Таза аула» акциясы ұйымдастырылып, 10 отбасы әкімшілік тарапынан мадақтама қағаздармен марапатталды.
«Азат», «Атамекен», «Айбек», «Алмас», «Дастан», «Алия», «Жарас», «Мақсат» жеке шаруа қожалық басшылары, «Сәт көмір», «Қара Отын» тау-кен компания басшыларының және жеке тұлғалар Бекенов Жаркен, Шунгулов Әділеттің көмегімен 5 жерден  көп жылдар бойы жиналған күл-қоқыстар шығарылып, күл-қоқыс төгуге болмайды деген ескерту қойылды.


Амангелді орта мектебі бойынша 2014-2015 оқу жылында 118 оқушы білім алуда, мектеп алды даярлық тобында 11 бала. Сабақ екі аусымда өтеді. Ұлттық біріңғай тестілеу орташа балы 55%. Мектепте 23 мұғалім еңбек етеді. 22 мұғалім жоғары білімді, 1 мұғалім орта арнаулы білімді.
«Балапан» бағдарламасын іске асыру мақсатында мектеп жанында шағын орталық 2 топта жұмыс атқарады - 24 бала тәрбиеленіп отыр.
Аудандық бюджеттен 132798 теңге көлемінде қаражат бөлініп, мектеп жаңа оқу жылына дейін ағымдағы жөндеуден өтті, жылу жүйесі жақсы жұмыс істейді.
Оқулықтарға – 435290 теңге,  дәрігерлік құрал-жабдықтарға – 97530,1 теңге, дәрі-дәрмекке – 9693,04 теңге қаражат бөлініп, игерілді.

Ауыл бойынша фельдшерлік-акушерлік бөлім жұмыс атқарады. 2014 жылы 8 бала туды, қайтыс болғандар саны -3 адам. Жылжымалы флюрографиялық тексеруден 260 адам өтті. Қант диабеті диагнозымен 6 адам, туберкулёз ауруымен 1 адам тіркелген. 
 
Ауыл клубы бойынша көркемөнерпаздар үйірмесі, «Шабыт», «Шолпан» бишілер тобы жұмыс жасайды.

Ағымдағы жылдың 20 маусымында Бұқар жыраудың 345 жылдығына және Бұқар жырау ауданының 75 жылдығына арналған Тоғызқұдық ауылында өткізілген аудандық байқауға қатысып, «Ерекшелігі» номинациясы бойынша жүлделі орынға ие болдық.

Кітапханада кітап қоры 3652 кітапты құрайды, оның ішінде 2076 кітап қазақ тілінде. Жылдық оқырмандар саны – 535, жылдық кітап берілімі 6110.

Жыл бойы жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалық, басшыларының демеушілік жасауымен ауылда жыл бойы мерекелік шаралар өткізіліп тұрды.

Халықаралық Әйелдер күні, 22 – наурыз мейрамы,  1-мамыр Халықаралық бірлестік күні, 8-мамыр күні Ұлы Жеңістің 68 жылдығы, 1 – маусым Балаларды қорғау күні, «Мемлекеттік рәміздер» күні, Қарттар күніне орай « Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты  мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды, Ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында Бұқар жырау ауданында өткізілген  байқауға мүмкіндігі шектеулі азамат Жампейсов Қуат қатысып жүлделі орынға ие болды. 4 желтоқсанда ауыл шаруашылығы күніне байланысты өткізілген мерекелік іс-шараға ауылымыздың ең алғашқы тың игерушісі, тыл ардагері Лазарева Анна шақырылып, марапатталды. Ауылымызда  20 қараша күні Ауыл шаруашылық күні атап өтілді. Жыл бойы демеушілік жасаған, сенбіліктерге ат салысқан азаматтар құрмет грамоталарымен және сыйлықтармен марапатталды.  

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай  «Туған елге нұрын сепкен - Елбасы!» атты мерекелік концерт, «Беделі биік көшбасшы» атты көрме – панорама, «Жарқын болашаққа бастаған ұлт көшбасшысы» атты слайд  халық назарына ұсынылды.

Бағдарлама барысында дәлізде «Бауырсақ-шоу» фестивалі өтіп жатты, көп жылдар қажырлы еңбек етіп, ауылымыздың көркеюіне үлес қосқан азаматтарды және көп балалы жас ана Махина Айжанға «Күміс алқа» белгісі табысталып, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды. Дәлізде барлық  тамашалауға келген көрермендерге тегін бауырсақтар, ыстық шәй мен тәттілер таратылды.  «Бауырсақ-шоу» фестиваліне мектеп ұжымы, әкімшілік, ФАП, Мешіт, Вет.станция және мәдениет ұжымдары қатысты.

Қазақстан республикасының Тәуелсіздігінің 23 жыл толуына байланысты «Биік болсын Тәуелсіздік жалауы!» атты мерекелік іс – шара және «XXI - ғасыр көшбасшысы» атты интелектуалды ойын өткізілді.

4 қараша күні ауыл имамының ұйымдастыруымен Құрбан айт мерекесі атап өтілді. «Арғымақ» жеке шаруа қожалығының басшысы смаилов Бейімбеттің демеушілік жасауымен мүмкіндігі шектеулі жандар және аз қамтылған отбасыларының балаларына киім-кешек таратылды.
 
29 желтоқсанда сағат 11.00-де « Қош келдің, қой жылы» атты ауыл  әкімінің  мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған мерекелік шырша тойын өткізбек. Ауылымыздың жеке шаруа қожалықтарының және  «Сәт көмір» тау-кен компаниясының  демеушілік жасауымен 75 бүлдіршінге арнайы сыйлықтар жасалады.  


          Тыңдағандарыңызға рахмет!
 


Размещение информации: 23 Октября 2018 13:37
Последнее редактирование информации: 19 Августа 2016 17:53
Полумарафон Kúzdik Jarty Marathon прошёл в Караганде 22 Сентября 15:55
Карагандинская академия МВД им. Б. Бейсенова празднует 50-летний юбилей 21 Сентября 13:57
На Kúzdik Jarty Marathon в Караганде зарегистрировались участники из шести стран 21 Сентября 13:05
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»