100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қазақстанда мекенжай бойынша тіркеудің электронды түрі артуды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының статистикалық мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылы әрбір төртінші қазақстандық халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ тұрғылықты жері бойынша тіркелуге ниет білдірген. Осылайша, тұрғылықты жері бойынша тіркелген 2 миллионнан астам қазақстандықтардың 500 мыңға жуығы egov.kz электрондық үкімет порталының көмегімен онлайн-тіркеуді ресімдеген.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқармасының төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, жыл қорытындысы бойынша тұрғылықты жері бойынша тіркеу бойынша онлайн-қызметті елорда тұрғындары көп пайдаланғандығы анықталды.
- Мұнда тіркеу бойынша қызметтердің жалпы санынан 26%-ы өз бетінше ресімдеуге келеді. Сондай-ақ, үздік үштікке Қарағанды және Павлодар облыстары енді. Оларға тиісінше 20 және 17% тиесілі, - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, тұрғылықты жері бойынша egov.kz электрондық үкімет порталында тұрақты немесе уақытша тіркелуге болады. Ол үшін өтініш беруші мен жылжымайтын мүлік иесінің электрондық-цифрлық қолтаңбасы болуы қажет. Өтінім берушіге - өтінім беру үшін, иесіне - оны растау үшін. Тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметтерін «Азаматтарға» - «Азаматтық, миграция және иммиграция» - «Халықты тіркеу және тіркеу есебінен шығару» бөімінен табуға болады.
Әсемгүл Балташева сондай-ақ ағымдағы жылдың қаңтар айында egov.kz порталы арқылы берілген тұрғылықты жері бойынша тұрақты және уақытша тіркеуге өтініш саны 2019 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда 4,5 есеге өсті. Бұл өткен жылғы 14 мың көрсеткішімен салыстырғанда 64 мыңға жуық қызмет.
Айта кету керек, 2019 жылдың маусымынан бастап азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметтерін пилоттық режимде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері жүзеге асырады. Пилоттық жоба қазақстандықтарға бірқатар артықшылықтар берді - бұл ХҚКО-ның жұмыс кестесіне сәйкес азаматтарды тіркеу бойынша қызмет көрсету, яғни түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, көші-қон полициясының деректер базасында тіркеуге мүмкіндігі бар қызметкерлер санын арттыру, тіркеу бойынша қызметке кезектерді қысқарту.

 

Вернуться к списку новостей

© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»