100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағанды әуежайының жаңа мүмкіндіктері

FlyArystan алғашқы Қазақстандық лоукостері Қарағандыдан сегіз жаңа әуе рейсін іске қосады. Сәуір айынан бастап Шымкент, Ақтау, Атырау, Семей, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе және Мәскеуге ұшуға болады. Ал Қарағанды әуежайына жаңа автобуспен жетуге болады. Авиажолаушылардың көптеген өтініштері бойынша сәуір айынан бастап жаңа автобус маршруты жүретін болады.
20 сәуірден бастап дүйсенбі және бейсенбі күндері Қарағанды қаласының "Сары-Арқа" әуежайынан ұшақтар Ақтауға ұшырылатын болады. Билеттің ең төменгі құны – 11 999 теңге.
Сондай-ақ, 20 сәуірден бастап FlyArystan Қарағанды-Қостанай-Қарағанды тұрақты рейстерін іске қосады. Билетті 8 999 теңгеден сатып алуға болады. Ұшулар аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері өтеді.
Атырауға алғашқы рейс 21 сәуірге жоспарланған. Ұшудың бастапқы бағасы-11 999 теңге. Ұшақтар аптасына үш рет – сейсенбі, сәрсенбі және жексенбі күндері ұшады.
21 сәуір күні FlyArystan борты алғаш рет Қарағанды қаласынан Шымкентке рейс жасайды. Ол қалаға сейсенбі, бейсенбі, жұма және сенбі күндері ұшады. Билеттің ең төменгі құны-6 999 теңгеден.
22 сәуірден бастап "Сарыарқа" әуежайынан Қызылордаға 6 999 теңгеге және Ақтөбеге 8 999 теңгеге ұшуға болады. Қызылордаға ұшақтар сәрсенбі және жексенбі күндері, Ақтөбеге – сәрсенбі және сенбі күндері жіберіледі.
Қарағанды-Семей-Қарағанды алғашқы рейсі 23 сәуірге жоспарланған. Билеттің ең төменгі құны – 5 999 теңге. Рейстер дүйсенбі және бейсенбі күндері өтеді.
Мәскеуге, Қарағандының Жуковский әуежайына ұшақтар 16-шы мамырдан бастап ұша бастайды. Билеттің ең төменгі құны - 19 999 теңге. Рейстер сейсенбі және сенбі күндерге жоспарланған.
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қазақстандық лоукостың жаңа авиамаршруттарының тұсаукесеріне қатысты.
- Менің ойымша, біздің өңір үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Бір жыл бұрын Елбасының тапсырмасы бойынша FlyArystan компаниясы құрылып, бүгіннің өзінде лоукостер базасының бірі Қарағандыда орналасатыны туралы хабарланды. Дәл осы жерден Қазақстанның басқа қалаларына да, Ресейге де ұшуға болады. Біз атқарушы орган ретінде облысымызда компанияның жемісті жұмыс істеуіне барынша жәрдемдесетін боламыз. Атап айтқанда, "Қазавтожол" компаниясымен бірлесіп, қала тұрғындарына әуежайға дейін ыңғайлы және қысқа жолды қамтамасыз ету үшін айналмалы жолдағы көпірдің құрылысын аяқтаймыз, - деді ол.
Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіровтің мәлімдеуінше, биылғы жылдың сәуір айынан бастап облыс орталығында "Сарыарқа" әуежайына дейін автобустар қатынайтын болады. Маршрутта төрт аялдама болады: Вокзал, Гоголь көшесі бойындағы Боулинг, Оңтүстік-Шығыс автостанциясы. Жол жүру құны - 200 теңге. Автобустардың кестесі авиарейстерге сәйкес келеді және жолаушылар әуежайға ұшудан 1.5-2 сағат бұрын келе алатындай етіп жасалады. Автобустар тәулік бойы жүреді.
- Алдымен біз 49 орынға арналған бір автобусты іске қосамыз. Егер маршрут сұранысқа ие болса, біз тағы да екеуін іске қосуға дайынбыз. Олардың барлығы жаңа және жайлы. Автобустарды бізге №3 Автопарк ұсынады, - деп түсіндірді Нұрлан Әубәкіров.
FlyArystan ішкі рейстеріне билеттер ең төменгі бағамен flyarystan.com сайтында сатылымда бар. Мәскеуге дейін ұшаққа билеттер кейінірек пайда болады. Билет құнына ұшу және бес килограмм қол жүгін тасымалдау кіреді.
 

Вернуться к списку новостей

© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»