100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағанды облысында иттер мен мысықтардың иелері үшін жаңа ережелер қабылданды

Қарағанды облысында иттер мен мысықтарды асыраудың және серуендеудің жаңа ережелері әзірленді. Құжаттың мазмұны үй жануарлары иелерінің құқықтары жағына түбегейлі өзгерді. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХХV сессиясында облыстық мәслихаттың депутаттары ережені бекітті.
Сессияға облыс әкімі Жеңіс Қасымбек қатысты.
Халық қалаулылары Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру қорытындыларын қарастырды. Сондай-ақ, өткен жылдың қорытындысы шығарылды.
2019 жылы бюджеттен жастар жобаларын қаржыландыру ұлғайтылды, деп мәлімдеді жастар саясаты басқармасының басшысы Нұржан Жетпісбаев. Жұмыспен қамту, жастар кәсіпкерлігін дамыту, азаматтық және әлеуметтік бастамаларды қолдау мәселелеріне басты назар аударылды.
Облыста жастар ресурстық орталықтары мен Жастар ісі жөніндегі кеңестер жұмыс істейді. Бизнес-идеяларды, стартаптарды іске асыру үшін жастар гранттар алады. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 2017-2021 жылдарға 20 700-ден астам адам жұмысқа орналастырылды.
Мал дәрігерлігі басқармасының басшысы Қайырбек Тұрсынбеков ит пен мысықтарды асыраудың және серуендетудің жаңа ережелері туралы айтып берді. Оның айтуынша, көптеген нормалар өзектіленіп, нақтылық пайда болды. Жабдықталған алаң болмаған жағдайда жануарларды үйдің артқы жағынан немесе бос жерлерде серуендетуге болады.
Тұмылдырықсыз бойы 55 см дейін ұсақ және орташа иттерді, сондай-ақ алты айға дейін күшіктерді серуендетуге рұқсат етіледі. Сонымен қатар, ережені әзірлеушілер 28 тұқымды атап өтті, ондай иттерді асырау иесінің жауапкершілігін арттырады. Бұл-бультерьерлер, бульдогтар, овчаркалар, добермандар, мастифтер және т. б.
Сессияда сондай-ақ Балқаш курорттық аймағын дамытуға қатысты өзекті мәселе қаралды. Депутаттар Балқаш қаласы мен Ақтоғай ауданының шекараларын өзгерту туралы бірлескен қаулыны бекітті. Шубартүбек пен Торанғалық демалыс орындары шешімді Үкіметте мақұлдағаннан кейін Балқаштың қарамағына өтеді. Бұл туристік салаға қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.
- Президенттің тапсырмалары мен біздің тұрғындар көтерген мәселелер билік жұмысының басымдықтарын анықтайды. Өткен аптада өте маңызды кездесу – халық алдында есеп беру өтті. Адамдар оларды толғандыратын сұрақтар қойды. Бұл – тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік инфрақұрылым, көп балалы отбасыларды қолдау, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы. Сейсенбі күні мен мемлекет басшысының қабылдауында болдым, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндадым. Президент біздің тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, әлеуметтік қолдау, сондай-ақ туризмді дамыту жөнінде тапсырма берді. Су тасқынына дайындыққа назар аударды. Бұл мәселелерді шешу үшін біз күн сайын сіздермен бірге жұмыс істейміз, - деді Жеңіс Қасымбек депутаттарға.
 

Вернуться к списку новостей

© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»