Қарағанды облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың үш жағдайы тіркелді.
Қарағандыда екі жаңа жағдай: 1961 ж. т. ер адам және 1980 ж. т. әйел. ПТР-талдау COVID-19 диагнозын растады.
Теміртауда - бір жаңа оқиға. Бұрын ауырған науқастармен байланыста болған 1961 ж.т. ер адам провизорлық стационарда жатқан. ПЦР-талдау онда коронавирус бар екенін растады.
Жұқтырғандардың барлығы жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылды.
28 сәуірдегі жағдай бойынша Қарағанды облысында COVID-19 вирусын жұқтырудың 139 оқиғасы тіркелген, оның ішінде бір науқас көз жұмды және 43 адам сауығып кеттті.