100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Бір науқасты емдеу үшін күніне 15 мың теңгеден астам қаражат қажет

Инфекциялық стационарда бір науқасты COVID-19-дан емдеуге күніне 15 113,34 теңге қажет. Бүгін Іnstagram-да тікелей эфирде медициналық сақтандыру қорының Басқарма Төрағасы Айбатыр Жұмағұлов республикалық бюджеттен COVID-19 алдын алу шараларына 55,9 млрд теңге бөлінетінін айтты.

Оның ішінде инфекциялық, провизорлық және карантиндік стационарларда емделушілерді емдеуге 14,7 млрд теңге, диагностикалық зерттеулерге - 5,4 млрд теңге, медициналық қызметкерлердің еңбекақысына үстеме төлеуге - 35,8 млрд теңге жұмсалады.
Пациенттің карантиндегі стационарда болған бір күні ішінде Қор медициналық мекемеге 10 413,96 теңге төлейді, провизор госпитальдің бір күні 11 619,80 теңге, тәулік бойы жұмыс істейтін стационардың инфекциялық бөлімшесінде емделу - 15 113,34 теңге болады.

«Бұл қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді және медициналық сақтандыру қоры арқылы медициналық ұйымдарға нақты көрсетілген қызметтер үшін төлем құжаттарының негізінде төленеді», - деп түсіндірді медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалында.
 

Вернуться к списку новостей

© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»