100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Новости области

Қарағанды облысы әкімдігі жанынан кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссия жұмыс істей бастады

 Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссиясының алғашқы отырысы өтті. Оның алдында облыс әкімі Ерлан Қошанов жергілікті бизнес қауымдастығымен кездескен болатын. Басқосуда кәсіпкерлер көкейкесті мәселелерімен бөлісті. Бұл проблемалардың кейбірі шешімін тауып үлгерген.
«Бұл біздің бірінші отырысымыз. Аймағымыздағы бизнес-климатты жақсарту үшін, инвестициялық қызығушылықты арттыру мақсатында қазіргі таңда бар проблемаларды шешу бағытында жұмыс істейтін боламыз»,- деді Ерлан Қошанов.
Облыс әкімі кәсіпкерлер үшін оның есігі әрдайым ашық болатынын айтты.
Комиссия құрамына жергілікті Кәсіпкерлер палатасының, бизнес-қауымдастықтардың өкілдері енді. Отырысты айына бір рет өткізіп отыру туралы, және аралығында жұмыс топтары әрекет ететіні туралы шешім қабылданды.
Күрмеулі мәселелерді шешу бойынша жасалған жұмыстар жайлы облыс әкімінің орынбасары Марғұлан Кәрібеков мәлімдеді.
Ол Қарағандыдағы заңды тұлғалар үшін судың тарифін 25 пайызға төмендету туралы келісім жасалғанын жеткізді. Суды пайдалану көлемі жылына 5000 куб. метрге дейін болса, оның құны бір куб метрге 248 теңгені құрайтын болады, бұрындары ол 320,63 теңге болатын.
«Аталмыш тариф жобасы палатаның аймақтық кеңесінде талқыланған және алдағы уақытта біртіндеп тариф дифференциациясы мәселесін қарастыруды ескере отырып бекітілген. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады», - деді облыс әкімінің орынбасары.
Облысымыздың аграрилеріне егіс кезінде қажетті арзандатылған дизельдік жанар-жағармайды жеткізу мәселесі де шешімін тапты дейді есеп беруші. Оның айтуынша, отандық өнім өндірушілерді қолдау мәселесі де біртіндеп шешіліп келеді екен. Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге инвестициялық субсидия төлене бастады, мамыр айында толықтай барлық қарыздар өтелмек. Шахтинскінің Шахан, Долинка, Ақтас елді мекендерінде жер учаскілеріне негізгі төлем құнын төмендету мәселесі қарастырылып жатыр.
Отырыс барысында басқа көкейкесті мәселелер қарастырылды. Олардың ішінде ең өзектісі – жалған кәсіпкерлікке байланысты сот істерін қарастыру. Бұл сұрақтарды талқылауға Қарағанды облыстық сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков те қатысты.
Сонымен қатар кәсіпкерлерге Қарағанды мен Теміртау қалаларында орналасқан екінші деңгейдегі банктерде кепілде тұрған әрекеттегі емес нысандардың картасы көрсетілді.
Комиссия отырысы Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы мен Кәсіпкерлер палатасы арасында меморандумға қол қоюмен аяқталды. «Бұл меморандум мемлекеттік сатып алу кезінде отандық тауар өндірушілердің тап болатын негізгі проблемаларын қарастырады. Оларды шешу механизмдері де анықталған. Ол міндетті түрде тек отандық өнім өндірушелірде болатын құжат – өнімді сынау протоколы жазылған сәйкестендіру сертификатын талап ету. Бұл келісімнің арқасында мемлекеттік сатып алуда жергілікті құрам ұлғаяды деп үміттенеміз, - дейді Қарағанды облыстық Кәсіпкерлер палатасының жеңіл өнеркәсіп комитетінің төрағасы Андрей Шмарин. – Облыс әкімімен кездесу барысында кәсіпкерлер өздерін алаңдатқан өзекті мәселелерімен бөлісті. Бірінші отырыста билік өкілдерінен нақты жауаптар естіді».
Комиссияның бейресми әрекеті облысымыздағы инвестициялық климатты жақсартуға септігін тигізеді деп сенеді Қарағанды облысы кәсіпкерлер Қауымдастығының президенті Николай Абт. «Біз ортаға салған кейбір мәселелер бірден шешімін тауып жатқанына көзіміз жетіп отыр. Мысалы, шағын және орта биснес үшін су бағасының төмендетілуі – қомақты қолдау. Жергілікті деңгейде шешілетін сұрақтарды әрдайым көтеріп, талқылап, ортақтаса отырып оның жауабын іздеуіміз керек», - деді ол.
Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімі бірқатар тапсырмалар берді. Соның бірі бос жер учаскілері туралы ақпаратты қолжетімді және ашық ету туралы кәсіпкерлердің өтініші болды.

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.