100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Новости области

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов митрополит Александрмен кездесті

 Қарағанды обысының басшысы Астанайлық және Қазақстандық Митрополит Александрмен кездесті. Ол облыс орталығына «Зұлым жүректерді жұмсарту» Ғажап иконасын алып келген. Аймақ басшысымен кездесу барысында Митрополит икона жайлы, оның жасаған ғажаптары жайлы әнгімелерімен бөлісті. Сонымен қатар ол Севастиан Қарағандылық туралы, оның ресми түрде қасиетті тұлғалар қатарына енгізілгені жайлы хабардар етті.
- Сіз Севастианның Қарағандыға өз еркімен келмегені туралы білесіз бе? – деді дін қызметкері. – Ол қиын жағдайды, аштықты, ұрып-соғу мен қорлықты басынан өткерген, жәнеде ол туралы жазған. Оны КАРЛАГтан шығарғанда, көпшілікке танымал болып кеткен атақты сөздерін айтқан екен. Ол сөздерінде «Мен осы жерді және бұл адамдарды сүйіп қалдым. Бұл жерге мен және менің рухани ұрпақтарым көп пайда алып келеді» делінген. Қазіргі таңда Михайлов шағын ауданында Троицк-Севастиандық жаңа шіркеудің құрылысы жүргізіліп жатыр. Мен сізден шын жүректен, Ерлан Жақанұлы, бұл шіркеудің құрылысына бюджеттік көмектеріңізді көрсетулеріңізді өтінемін. Мүмкін сіздер бұл істе бізге қолдау көрсете алатын меценаттарды жұмылдыра алатын шығарсыздар...
Жауап ретінде Ерлан Қошанов дін қызметкерлеріне бой көтеріп жатқан шіркеуге өзі барып, алдағы уақытта оның құрылысына қалай көмек көрсетуге болатынын ойланып көретінін айтты.
Митрополиттің алып келген «Зұлым жүректерді жұмсарту» Ғажап иконасында жүрегіне жеті пышақ сұғылып жатқан Қасиетті Құдай анасының бейнесі салынған. Ол Құдай анасының жүрегіне ауыр қасірет тигізетін 7 күнәні белгілейді. Оның ғажабы – икона ширек ғасыр бойы көз жасын шығарып, дерттерден емдейтінінде.
Икона Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында орналасқан Қасиетті-Введен шіркеуінде 12-ші мамырға дейін болады. Қарағанды «Зұлым жүректерді жұмсарту» Ғажап иконасы алып келінген 11-ші облыс орталығы. Сонымен қатар икона АҚШғ Австралия, Австрия, Германия және тағы басқа елдерде болып қайтқан.

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.