Новости области
С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры 85-жылдық мерейтойын атап өтеді

С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театры 85-жылдық мерейтойын тойлауда. Мерейтойға орай ертең, 2-ші қарашада, театр сахнасында салтанатты шара мен «Өнердің арқадағы ақсарайы» атты концерт өтеді.
Көрермендер назарына театрландырылған қойылым, театр тарихы мен әртістер өмірінен слайд-шоулар мен бейнесюжеттер ұсынылады. Сонымен қатар, бұл күні театрдың 85-жылдығына арналған Кеңес Жұмабековтың кітабының тұсаукесері өтеді.
Қарағанды облыстық қазақ драма театрының іргетасы 1932 жылы құрылған. 1964 жылы театрға Сәкен Сейфуллиннің есімі берілді. Тетардың негізін қалаушы әртістер:ҚР еңбек сіңірген артистері З.Көшкінбаев,Ә.Шәймерденов, Т.Жабаев, ҚР халық артистері Ж.Шашкина, Н.Атаханов.Театр артистерінің жан-жақты болуы үшін өз қолтаңбасы бар режиссерларды шақыртып үлкен өнер мектебінен өткізіп отырды. Олардың қатарында: Б. Атабаев, М. Бекхожин, М. Байсеркенұлы, А. Дүйсебаев, Ж. Есенбеков, М. Қамбаров, М. Қосыбаев, А. Күлданов, А. Мамбетов, Е. Обаев, Г. Оганесян, Ж. Омаров, А. Оразбеков, А. Сәлімбаев, Е. Тәпенов, А. Тоқпанов, Т. Тұңғышбаев. Театр түрлі сайыстар мен фестивальдерде үлкен жетістіктерге жетті.
Салтанатты шара 2-ші қараша күні сағат 18.00 Бұхар-жырау даңғылы, 27 мекенжайы бойынша орналасқан облыстық қазақ драма театрында өтеді. Кіру тегін.