Новости области
Балқаштағы Оқушылар сарайы толық жөндеу жұмыстарынан кейін өз жұмысын қайта бастады

Балқашта жаңарған Оқушылар сарайы есігін ашты. Ғимараттың толық жөндеу жұмыстарына, ауласын абаттандыру мен жасылдандыруға 162 млн теңге жұмсалды.
Ғимаратқа шамамен 40 жылдай жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Биыл қаржы мәселесі өз шешімін тапты. Мергідер ұйым «Ақсоран» ЖШС, барлық жұмыстарды фирма бес айда бітірді. Бүгінде ғимарат толық жаңарған – шатыр мен қасбет, және де ішкі бөлмелер толық жөнделді.
Жөндеу жұмыстарынан соң балаларға залдарда спортпен және бимен шұғылдану ыңғайлы болды. Акт залы да жаңарған.
Оқушылар сарайы алдында орнатылған «Менің отбасым» мүсіндік кешені балқаштықтардың көңілінен шықты. Бұл енді жасөспірімдер арасында селфиге түсетін танымал орын.
Бүгінгі таңда Оқушылар сарайында түрлі бағыттар бойынша 40 астам түрлі үйірмелер мен бірлестіктер жұмыс жасайды. Мұнда роботехника секциясы мен дебат орталығы да бар. Үйірмелердің біразы тегін. Мектептен тыс ұйым қаланың бес мектебімен, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС политехникалық колледжімен және Балқаш қызмет колледжімен бірлесе жұмыс жасау жөнінде келісімге келген.
Сурет orken-media.kz сайтынан