100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Новости области

Қарағандыда үйлерге жаңа QR-кодтары бар маңдайшалар орнатыла бастады

 Қарағандыда жаңа QR-коды бар маңдайшалар орнатыла бастады. Ондағы кодты оқу арқылы тұрғындар пошта индексін, жәнеде аталмыш мекенжайда қандай ғимараттар орналасқанын біле алады.
Жаңа аншлагтар қорап тәрізді жасалған, онда көше атауы мен үйдің нөмірі жазлған. Олардың барлығы жарықтандырылған. Маңдайшалардың біразы күн батареясынан қуаттандырылады, ал қалғаны электр жүйелеріне қосылған.
Жаңа маңдайшалар тек қана тұрғын үйлерде ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік мекемелерде, шағын және орта бизнес нысандарында да орнатылатын болады. Бүгінде Әлиханов көшесі бойындағы ғимараттарға оларды орнату жұмыстары аяқталды.
- Қазыбек би ауданында жалпы сомасы 35 000 000 теңгеге барлығы осындай 1 521 маңдайша орнатылатын болады,-дейді Қарағанды әкімдігінің жоспарлау және абаттандыру бөлімінің жетекшісі Ербол Нукич. – Әзірге мұндай аншлагтар тек Астанада ғана бар. Енді Қарағандыда болады.
Жаңа нұсқаулықтарда QR-код бар, оны смартфонның көмегімен оқуға болады. Ол арқылы сіз сайттағы парақшаға кіресіз, ол жерде ғимараттың пошталық индексі көрсетілген. Сонымен қатар, онда бірнеше бөлім бар, болашақта оларда ғимаратқа кімдер қызмет көрсететіні: КСК, электриктер, сантехтиктер туралы мәліметтер орналастырылады. Сол жерден аталмыш үйге қай мекемелердің қызмет көрсететінін білуге болады: емхана, балабақша, мектеп және т.б. Бұл ақпараттарды сәулет бөлімімен келіскеннен соң КСК өкілдері толтырып отырады.
Октябрь ауданында дәл осындай 2 326 жаңа маңдайша орнатылмақ. Олардың 2090-ы тұрғын үйлерде, 236-сы мемлекетік мекемелер мен шағын және орта бизнес нысандарында орнатылады. Ол үшін 17 465 000 теңге жұмсалады.

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.