100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Новости области

Қарағандылық кәсіпкерлерде шет елдік сарапшыларды шақыртуға мүмкіндік бар

Қарағандылық бизнесмендерде өз жұмыстарына жоғары білікті шет елдік мамандарды шақыртуға мүмкіндік туды. Жергілікті кәсіпкерлер жаңа басқару тәсілдерін енгізу, өндіріс технологиялары, жабдықтар мен қызметкерлерді оқыту мәселелері бойынша сарапшылар пікірін ала алады.

Осының барлығын жүзеге асыруға Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы және «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік Бірегей бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасы көмектеседі. «Аға сеньорлар» деп аталатын бағдарламаның бұл құрамасы экономиканың басым бағыттары бойынша жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарға шет елдік сарапшыларды шақыртуға мүмкіндік береді. Кеңес беру бағдарламасында кәсіпорын проблемаларының сараптамасына сүйене отырып кәсіби ұсыныстар беру қарастырылған, сондай-ақ қызметкерлерді оқытуға көмек көрсетіледі.
Бұл құрамаға қатысушылар қызмет етіп жатқан шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғарғы және орта деңгейлі басшылары бола алады.
«Аға сеньорлар» құрамасы бойынша шет елдік сарапшыларды жұмылдыруға жұмсалатын шығын республикалық бюджет қаражаты есебінен өтеледі. Алайда қатысушыларға сарапшылардың Қазақстанда тұру, тамақтану, тәулік ақысы, аударушылар қызметіне қатысты шығындарды өз мойындарына алу керек болады.

Толығырақ ақпаратты Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасында келесі мекенжай бойынша алуға болады: Қарағанды қ., Ермеков көшесі, 29, 3-ші қабат, 317 кабинет.

Байланыс телефондары: 8(7212) 506418, ішкі нөмір 3529, 3507.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.