100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Новости области

Қарағанды облысының әкімдігі және «Назарбаев Зияткерлік Мектеп» өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойды

Бүгін Қарағанды облысының әкімдігі және «Назарбаев Зияткерлік Мектеп» ДББҰ өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов және НЗМ басқарма төрайымы Күләш Шамшидинова қол қойды.

- Назарбаев Зияткерлік Мектебі атқарым жатқан жұмыстар бүгінгі таңда аса маңызды, әсіресе төртінші өнеркәсіп революциясы жағдайында. Ол туралы Елбасы өзінің халыққа Жолдауында айтты. Жастар үшін бұл жаңа форматтың қазіргі заманғы жағдайында білім алуға мүмкіндік береді. Қарағандыда НЗМ өзінің қызмет еткен бес жылында кадрларды қалай даярлау керктігінің үлгісіне айналған. Сіздердің тәжірибелеріңіз, жұмыс әдістеріңізді орта және кәсіби білімнің барлық салаларына тарату керек. Сондықтан біз бүгін өзара серіәктестік туралы меморандумға қол қойдық, - деді облыс әкімі Ерлан Қошанов.

Білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиевтің айтуынша облысымызда қазіргі таңда 19 859 мұғалім жұмыс істейді. Жәнеде оның жартысына жуығы (54%) жаңартылған бағдарлама бойынша оқудан өтті.
- Алайда бұл мүғалімдердің өзі жұмыстарында қиындыққа тап болып отыр. Жаңартылған білім мазмұны – ол педагогикалық тәжірибенің өте күрделі құрамасы. Сондықтан бұл меморандумға қол қою бізге мүмкіндіктерімізді кеңейтуге мүмкіндік береді, - деп атап айтты Есенғазы Иманғалиев.
Алғашқы Назарбаев Зияткерлік Мектептер елімізде 10 жыл бұрын пайда болды. Қарағандылық білім ордасына бес жыл толды, бұл мектеп – республика бойынша сегізінші. Қазір Қазақстанда осы секілді 20 оқу мекемелері қызмет етеді.
НЗМ міндеті – ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін дамытуға септігін тигізу. Мақсаты – орта білім беру саласында үздік әлемдік тәжірибе негізінде білім беру бағдарламаларын жасау және апробациялау.
- Біздің негізгі мақсатымыз – әрбір нақты мектептің әлеуетін жоғарылату. Сондықтан осымен үшінші жыл қатарынан біз ең үздік мұғалімдер арасынан бағалау жүйесі арқылы білім беру әдістемесі мен технологиясы бойынша тренерлерді даярлап жатырмыз. Өткен жылдан бері әр аудан үшін жаңартылған білім мазмұнына сай пәндер бойынша әдіскерлерді әзірлеудеміз. Ол қажетті қолдау мектеп жанынан табылу үшін жасалуда, - дейді Күләш Шамшидинова.
Бұл жұмыстар әлі де жалғасады. Қазір мұғалімдер үшін бағалау жүйесі, пәндер бойынша тапсырмалар дайындау қынға соғуда.
- Сондықтан біз пәндік мұғалімдер үшін онлайн оқыту курстарының бағдарламасын әзірледік. Бұл жүйе жұмыс істейді. Қазіргі таңда Қазақстанның әр аймақтарынан 170 мыңнан астам мұғалімдер осы бағдарлама бойынша оқып жатыр. Курс материалдары 13,5 миллон реттен көп жүктелген. Қарағанды облысында 54% мұғалімдер біздің базаға тіркелген. Осы жылдан бастап критариалды бағалау жүйесі бойынша онлайн курс іске қосылды. Біз Қарағанды облысының әкімдігі аймақтағы білім беру жүйесіне үлкен қолдау көрсететінін білеміз. Біз біздердің көмекшілеріңіз болғымыз келеді, - деді Күләш Шамшидинова.
Ерлан Қошанов келешекте осындай зияткерлік мектепті Жезқазғанда да ашуды ұсынды.

Қарағандылық НЗМ жаңартылған білім мазмұны шеңберінде өз бағдарламасын екі білім мекемесінде енгізіп жатыр – Нұра ауданының Киевка кентіндегі №2 орта мектеп және қарағандылық № гимназия. Оқушылар үшін онлайн сабақтар мен семинарлар өткізіледі. Сонымен қатар Назарбаев Зияткерлік Мектеп Ұлттық қорғаныс университетімен серіктестік шеңберінде республикалық «Жас Ұлан» мектебімен жұмыс істейді.
2015-ші жылдың қыркүйегінде НЗМ CIS халықаралық мектептер Кеңесінің құрамына енді.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.