100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Новости области

Александр Солженицынның ұлы «Карлаг: болашақ үшін есте сақтау» жобасына қызығушылық танытты

Қарағандыда Ресейден келген қонақ, атақты жазушы, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Александр Солженицынның ұлы Ермолай Солженицын болып қайтты.

Қудалау құрбанының ұрпағы Карлаг тарихына қызығушылығын танытты. Ол Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайында экскурсияда болып қайтты. Ермолай Солженицын бірнеше жылдан бері «Карлаг: болашақ үшін есте сақтау» атты жоба жүзеге асырылып жатқан «Болашақ» академиясының қызметкерлерімен кездесті.
- Осыған дейін біз Ермолай Солженицынмен зхат жазысып отырдық. Ол біздің кітаптармен танысу мүмкіндігіне ие болды – біз өз баспаларымызды Сахаров орталығына жібереміз. Жоба туралы толығырақ академияның сайтынан оықп білген екен, - дейді «Болашақ» академиясының бірінші проректоры Гүлнәр Рысмағамбетова. – Кездесу ұзақ болмады. Біз қонақты кітапханаға алып бардық. Көбінесе оны «особлаг» кітаптары қызықтырды, себебі оның әкесі Александр Солженицын Степлагта болған – Екібастұздағы ерекше лагерде.
Ресейлік қонақ бұл кездесу соңғы болмайтынына уәде берді. Алдағы уақытта академияның ғалымдарымен серіктестік орнату жоспары туындады.
Ермолай Солженицын – жазушының үш ұлының үлкені, ол 47 жаста. Ол Гарвард және Пристон университеттерін «шығыс азиялық зерттеулер» және «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған. McKinsey & Company мәскеулік кеңсесінің басқарушы серіктесі болып қызмет атқарады. Тау-кен – металлургиялық сала бойынша сарапшы.
2018-ші жылы Александр Солженицынның туғанына 100 жыл толады (1918-2008). Жазушы 1945-ші жылдың 9-шы ақпанында қамауға алынған. Майданда бола тұра ол күнделік жүргізіп, өзінің туындыларын мәскеулік әдебиетшілерге рецензияға жіберіп отырған. Ол хаттар әскери цензураның күдігін тудырған. Қамаудан соң Солженицынды Мәскеуге, Лубян түрмесіне жіберген. 7-ші шілдеде Ерекше мәжілістің сырттай үкімімен оны 8 жылға лагерлерге және өмір бойғы қудалауға тартқан. Степлагта (Қазақстан) ол 1950-ші жылдан 1953-ші жылға дейін жазасын өтеген. Сонан соң мерзімсіз қудалау басталды, ал төрт жыл өткен соң Солженицын толығымен ақталып шықты.
Фото kubolashak.kz
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.