Қарағандының Ұлы Отан соғыс ардагерлері Жеңіс Күніне орай 150 мың теңгеден алады. Тыл еңбеккерлері, соғыста қаза болғандардың жесірлері, тұтқындар мен басқа да ардагерлер санатына теңестірілгендерге – 10 мың теңгеден үлестіріледі.
Бұл қаражат сыйақы алушылардың банктік есепшоттарына аударылады.
- Сонымен қатар бағытты көмекті біз жалғызбасты ардагерлерге де көрсетеміз. Оларға азық-түлік себеттері беріліп, үй шаруасына қажетті көмектер көрсетіліп, қайырымдылық асына шақырылады, - деп мәлімдеді Қарағанды әкімдігінің ардагерлермен жұмыс бойынша сектор меңгерушісі Айсұлу Сиубаева.
Жеңіс Күні қарсаңында ардагерлерге үй-тұрмысында «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері көмек көрсететін болады.
Бүгінгі таңда Қарағандыда Ұлы Отан соғысының 64 ардагері мен 5000-ға жуық сол санатқа теңестірілген адамдар тіркелген.
Все новости региона на karaganda-region.kz