Құрметті сайт оқырмандары!
Бұқар жырау ауданы әкімінің ақпараттық порталына қош келдіңіздер!
Сізді осы сайтта қарсы ала отырып, алдағы уақытта тұрақты оқырмандардың қатарынан көргім келеді.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының алдында тұрған ең бірінші кезектегі міндеті жеке меншік дербестігі және келешекте инфрақұрылымдық әлемдегі дамыған елдермен бәсекеге түсе алатын телекоммуникациялық қызмет көрсету жүйесінің тиімділігі.
Бүгінгі таңда біз сіздерге инфрақұрылымдық жүйе бойынша мемлекеттік органдардың жұмысы туралы мәліметтерді тәулік бойы бере аламыз. Бұл сайттан сіздер Бұқар жырау ауданының мемлекеттік мекемелерінің аудан көлеміндегі қызметі жайында, әлеуметтік-экономикалық процесстер туралы, қоғамдық саяси жағдайлар туралы, ауыл шаруашылық, мәдениет, спорт, білім, денсаулық сақтау және тағы да басқа салалық аудандық бағдарламалардың жүзеге асырылу жолдары жайлы біле аласыздар.
Көкейдегі сұрақтарыңызды қойып, ауданымыздың дамуына өзіндік үлес қосатын жақсы пікірлеріңіз болса тікелей жолдауларыңызға болады.
Сіздерге қажетті барлық мәліметтер біздің сайтымызда үнемі жаңартылып, толықтырылып тұрады.
Бұл ақпараттық ресурсты пайдалану арқылы біз арамыздағы қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсетінімізге сенімдімін.
Құрметпен,
Бұқар жырау ауданының әкімі
Шагурашид Мамалинов