| Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
|---|
Ауылдық округтің экономикалық қызметінің дамуы
Ауылдық округ бюджетінің кірістік бөлігі бойынша 17 388 654,00 мың теңге түсті. Игеру 16 148 861,31 мың теңге соманы құрады.
«Елді мекенді көркейту және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша 1 485 000, 00 теңге бөлініп, Үлгі ауылындағы Қ. Сәтбаев атындағы саябақты қоршауға жұмсалды.
Мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысына 2019 жылға 3 929,0 мың тг. бөлінді, 11 ай ішінде 2 993,365 мың тг игерілді.
Техникалық персоналдың еңбегін төлеуге 2019 жылға 3 918,0 мың тг бөлінді, 11 ай ішінде 3 905,703 мың тг игерілді.
Әлеуметтік блок
Білім беру
«2016-2019 жж. арналған Білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру шеңберінде. Ауылдық округ аумағында Үміткер ауылдық жалпы білім беретін орта мектебі бар – директоры Қабдиев Д.С., 26 ұстаз және Үлгі бастауыш мектебі бар – 5 ұстаз жұмыс істейді. 2019-2020 оқу жылының басында оқушылар саны 147 баланы құрады. Мектеп жанында «Нұрбала» шағын орталығы жұмыс істейді. Биылғы оқу жылында орталықтың үлкен тобында 2 тәрбиеші 12 баланы, кіші тобында 2 тәрбиеші 14 баланы тәрбиелеуде.
Денсаулық сақтау
2016-2019 жж. арналған денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде. Ауылдық округте дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Халыққа 1 медбике, 1 акушер, 1 лаборант қызмет көрсетеді. 11 ай ішінде 5 бала туылды, 8 адам қайтыс болды. Ана мен бала өлімі болған жоқ.
Мәдениет
15.12.2006 ж. № 207 «Мәдениет туралы» ҚР Заңына сәйкес.
Ауылдық округ аумағында Үміткер ауылдық клубы (меңгерушісі Искакова А.Х.), Төрткөл клубы (Баймышева Г.А.) және ауылдық модельді кітапхана (кітапханашы Абдрахманова С.А.) бар. Клубта барлық мемлекеттік мерекелерге орай іс-шаралар , жиналыстар өткізіліп тұрады. Домбырашылар, бишілер, ән, қолөнершілер, «Елім-ай» үйірмесі жұмыс істейді. Кітапханада оқырмандармен жаппай жұмыс жүргізудің жаңа түрлері ендірілген. Кітап көрмелері жасалады, дөңгелек үстелдер, бұқаралық іс-шаралар өткізіледі. Сондай-ақ кітапханашы ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауын, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттайды.
Әлеуметтік қорғау
2017-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту және «Бизнестің жол картасы-2020» үкіметтік бағдарламаларын іске асыру шеңберінде. Үміткер ауылдық округінде экономикалық белсенді халық саны 586 адамды құрайды. Жұмыссыздар саны – 6. Есептік 11 айда 49 адам жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмысқа 2 адам қабылданды.
«Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша 5 адам (Жәнібеков Т., Жәнібеков М.Т., Касымбекова Ж.Б., Нұрбаев Н.А., Нұрмағанбетов Е.К.) оқып, сертификат алды. Жәнібеков Т. «Нұр» ЖК ашып, сүт сауатын аппарат және бетон араластырғыш сатып алды. Жәнібеков М.Т. «Мирас» ЖК ашып, мал өсіру мақсатында 2 бас қара мал сатып алды. Нурбаев Н.А. «Дильназ» ЖК ашып, автомобиль жөндеу шеберханасын ашуды жоспарлап отыр.
Жастар практикасы бағдарламасы бойынша 3 адам жұмысқа орналастырылды (Айтуов М.Ж., Уәлинова А.А., Жармухаммедова А.Ғ.).
«Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша Жәнібеков Ш.Н. оқып, сертификат алып, «Атамекен» палатасының грантын жеңіп алды, «Адия» ЖК ашты, 2020 жылғы қаңтар айында Үміткер ауылында наубайхана ашуды жоспарлап отыр.
«Сәт» ШҚ басшысы Алпысбаев А.К. «Игілік» бағдарламасы бойынша 4 млн. тг. несие алып, мал өсіру үшін ірі қара мал сатып алды.
Әлеуметтік көмек: Атаулы әлеуметтік көмек 14 отбасына тағайындалған, қазіргі уақытта 3 отбасына төлем тоқтатылды, оның ішінде 1 отбасы көшіп кетті, 2 отбасында табыс көзінің ұлғаюына байланысты қазан айынан бастап тоқтатылды.
Мүгедектер саны 37 адам: 1 топ - 11 адам, 2 топ - 13 адам, 3 топ - 10 адам, бала-мүгедектер - 3. Ауылдық округте 6 тыл еңбеккері тұрады.
Сумен қамту
Үміткер ауылының халқы ауыз сумен орталық сумен қамту жүйесінен қамтамасыз етіледі, су құбыры желісінің жалпы ұзындығы 18 км. Суды есептеу аспаптары 100 % орнатылған. 115 құдық, 43 өрт гидранты бар.
Көлік инфрақұрылымы
Үміткер ауылдық округінің автомобиль жолдарының жалпы жиынтық ұзындығы 4,5 км құрайды. Оның ішінде жолдың 25%-ы – қатты жабынды, ал 75%-ы жабынсыз болып табылады. Қазіргі уақытта жолдың 2,5 км – қанағаттандырылған жағдайда, 2 км – қанағаттанарлықсыз жағдайда.
Ауыл шаруашылығын дамыту
2017-2021 жж. арналған ауыл шаруашылығын дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде. Округте 47 шаруа қожалығы, 12 жеке кәсіпкер, 2 ЖШС бар.
Ағымдағы жылы «Бектас» ШҚ Нұрсұлтан қаласына экспортқа 15 тонна ет өткізді.
«Борамбай» ШҚ басшысы Борамбаев Ж.Т. АКК арқылы 11,6 млн. тг. несие алып, мал басын өсіру мақсатында 33 бас әулиекөл тұқымды қара мал сатып алды.
«Бектас» ШҚ 15 млн. теңгеге ауыл шаруашылығы жұмыстарына арналған техника, оның ішінде МТЗ-80 тракторы, басып-топтағыш, жабдықталған КУН тракторы, аударғыш, роторлық шөп шапқыш және қосымша 800 000 теңгеге тағы бір шөп шапқыш сатып алды.
«Төлен» ШҚ күн панелін орнатты.
«Азия+» ШҚ (Рахимов А.З.) 50 га жерге бидай егіп, 50 га 61 мың тонна егін жинады.
Биылғы жылы шабындық 100%-ға орындалды.
Ауыл шаруашылығы малдарын егу жұмыстарын жүргізуге арналған қоршау-шарбақ жөнделді.
Ауылды көркейту
Көркейту жұмыстары бойынша 52 фонарь жөнделді, жолдың 2 шақырымы автогрейдермен жөнделді. Ауылдық клубтың алдындағы баспалдағы, төселген кеспе тастар қалпына келтірілді, төбесі жөнделді.
Пайдаланылмайтын және тиімсіз пайдаланылатын ауыл шаруашылығына тағайындалған жерлерді айқындау бойынша 19 акт жасалып, жер қатынастары бөліміне тапсырылды. Осының нәтижесінде 8 шаруа қожалығының жұмысы тоқтатылып («Степняк», «Олжас», «Дәурен», «Сарыөзек», «Нуржан», «Дихан», «Жұмаш», «Айдос» шаруа қожалықтары), 3595 га жер қайтарылды. «Алдияр» ШҚ басшысы Оспанов А.Р. 192 га егістік жерін тиімсіз пайдаланғаны үшін акт жасалып, 101 000 теңге айыппұл төледі.
Үлгі ауылында Қ. Сәтбаев атындағы саябаққа 240 түп қарағаш пен емен көшеттері отырғызылып, алдыңғы жағы қоршалды.
Үміткер ауылында Қазпошта бөлімшесі жұмыс істейді.
Тіркелген нысандар: Үлгі ауылындағы саябақ және бөгет.
Пайдаланылмайтын және тиімсіз пайдаланылатын ауыл шаруашылығына тағайындалған жерлерді айқындау, шабындық және жайылым жерлерді электрондық картаға енгізу, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыстар жалғасын табады.
Комментарии (0):
Комменатриев нет.