100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

АҚПАРАТТЫҚ ЕСЕП Ауыл әкімі О.Дюсембекованың халық алдында 2020 жылдың 2 айында атқарылған жұмыстары және Қарақұдық ауылының әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалу барысы және адамдардың әл-ауқатын арттыру бойынша міндеттер туралы.

2020 жылғы 2 айдағы қаржылық қызметінің қорытындылар

туралы есебі

 

           2020 жылға қаржыландыру жоспары 20 269,0 мың тенге сомасында мақұлданды, онын ішінде:

          2020 жылдың қаңтар, ақпан айларына – 2581,0 мың теңге

          2020 жылдың қаңтар, ақпан айларына кассалық шығын көлемі – 2 581,0 мың теңге

Бағдарлама шығындары:

          001 бағдарламасы,  015 «Жергілікті бюджет» шығыны – қаңтар, ақпан айларында 2 131,0 теңгені құрайды, оның ішінде кіші бағдарламаларды орындау:

          1. мемлекеттік қызметшілерге еңбекақыны төлеу – 1 013,0 мың теңге;

          2. мемлекеттік қызметшілердің жалақысы бойынша салықтар мен игерімдер – 96,0 мың теңге;

          3. техникалық қызметкерлерге еңбекақы төлеу 794,0 мың теңге;

          4.  техникалық персоналдың жалақысы бойынша жарналар – 75,0 мың теңге.

          5. Жұмыс және қызмет үшін төлем – 123,0 мың теңге

              - техникалық қызметкерлерге еңбекақы аударған үшін «Казпошта» АҚ төлем – 8,0 мың теңге (аударылған соманың 1,5 пайызы)

             -  Мемлекеттік автокөліктің техникалық қызмет көрсету үшін – 115,0 мың тенге (Баяндинов ЖК)

          6. Аудандық салық басқармасының мемлекеттік кіріс бөліміне  қоршаған ортаны ластамау төлемі -  25,0 мың теңге

          

          013 бағдарламасы –  015 «Жергілікті бюджет» - 2020 жылдың қаңтар, ақпан айларына кассалық шығын көлемі 450,0 мың теңге,  қыс мезгілінде жолдарды қардан тазартқаны үшін «Сармантай» ЖШС - 700,0 мың теңге.

Ауыл шаруашылығын дамыту.

Ауыл бойынша 1 ФҚ  55 жеке шаруа қожалықтары, 9 жеке кәсіпкерлер тұрақты түрде жұмыс атқаруда.

2020 жылдың 1 қаңтарына 2051 бас ірі қара мал, оның ішінде сауынды сиыр 1079 бас тіркелген. Ұсақ мал саны 1918 бас. Жылқы саны 729 бас. 

Биылғы жылы ауыл бойынша 764 га жерге егін себу жоспарлануда.   Мал басын асылдандыру мақсатында «Жаке» шаруақожалығынан, «Марат» шаруақожалығынан асыл тұқымды бұқаларды жалға алынады.  

Жер ресурстарын дамыту.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жер учаскелерін түгендеу және пайдаланылмайтын жерлерді айналымға енгізу жөнінде түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Егістік және жайылым алқаптарды электронды базаға енгізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күні  жайылымдық жерлерді электронды картаға енгізілді.

Ветеринария саласы.

Ветеринария саласының жұмысы 2020 жылдың наурыз айынан басталады.

Шағын және орта бизнесті дамыту.

 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру мақсатында:

Қарақұдық ауылында шағын және орта бизнесті дамыту  бойынша 3 дүкен жұмыс атқаруда. Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің  бағаларын көтермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Апта сайын аудандық кәсіпкерлік бөліміне мониторингтер жіберіліп тұрады.

Кәсіпкерлікті дамытудың бірінші бағыты бойынша, 2020 жылға техникалық және кәсіби (ТиПО) жоспар бойынша 2 адам, қысқа мерзімді курсқа 4 адам жіберілді.

Екінші бағыты  бойынша жеке кәсіпкерлікті ашу мақсатында 10 адам «Бастау Бизнес» курсына қатысып, сертификат алуды жоспарлап отыр.

         Жас кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша Искаков Эльзар Едилович бір айлық оқу курсын бітіріп сертификат алып, ЖК «Ислам» жеке кәсібін ашты.

Мырзаханова Нургул Бериккалиевна бір айлық оқу курсын бітіріп сертификат алып, ЖК «Коктал» жеке кәсібін ашты.

Битебаев Бейбет Кайырбекович бір айлық оқу курсын бітіріп сертификат алды, «Ағайындар» жеке кәсібін ашты. 2020 жылы шағын несие алып жұмыстарын атқаруды жоспарлап отыр

Бұқар жырау аудандағы жастар кәсіпкерлігін дамытуға және  қолдауға арналған  әлеуметтік жоба «Ел өнімі» бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз 3 жастар қайтарылмайтын грантқа ұсыным берілді

 Үшінші бағыты жоспар бойынша, «Жастар тәжірибесі» бойынша 2 азаматты 6 айға жұмысқа қабылдану жоспарлануда, мемлекеттік қолдаусыз 12 жұмыссыз адам жұмысқа орналастырылды.

Бірыңғай жиынтық төлемі бойынша барлығы 2 адам төлем жасады.

Соның ішінде ақпан айында – 2 адам.

 

         Әлеуметтік қорғау

         «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру мақсатында:

          Ауылда 677 адам тұрады, оның ішінде жастар саны- 191, экономикалық белсенді халық саны - 413 құрайды, жұмыспен қамтылғандар 328 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 55 адам, жұмыссыз 1 адам тіркелген. Ауыл бойынша зейнеткерлер саны – 66 адам,  мүгедектер саны - 35, оның ішінде 1 топтағы мүгедектер - 9 адам, 2 топтағы мүгедектер - 16 адам, 3 топтағы мүгедектер - 10, 18 жасқа дейінгі мүгедектер саны - 4 адам. Жеке көмекшілер - 7 адам.

        Әлеуметтік көмек

        2020 жылдың 1 қантарында 1 отбасына атаулы әлеуметтік көмек (АСП) тағайындалды.

        Халықаралық әйелдер күніне аз қамтылған және көпбалалы аналарға  демеушілер тарпынан сый-сияпат  табыс етілді.       

 

         Тұрғын – үй коммуналдық шаруашылығы.

Коммуналдық қызмет саласында жыл бойы су құбырлары тиісті деңгейде жұмыс істеп тұр.

Ғ.Мұстафин, Ж.Ташенов, А.Жұматаев, А.Қыздарбеков көшелері толық жарықтандырылып, 40 жарық нүктесі қойылған.

Қыс мезгілінде ауыл ішіндегі көше жолдарын «Сармантай» ЖШС арқылы қардан тазарту жұмыстары атқарылуда.

Су тасқынының алдын алу мақсатында, іс-шаралар жоспары құрылып, су өтетін суағарлар, көшелерді қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Төтенше жағдайдың алдын алу, өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында жадынама таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

          Салық.

Көлік салығын жинау бойынша хабарламалар таратылып, тұрғындармен түсіндіру жұмыстары атқарылуда.

 

ҚР 2020-2022 жылдар аралығында индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында:

«Сәт көмір» тау-кен АҚ көмір өндіру жұмысын атқаруда.

 

ҚР 2017-2021 жылдар аралығындағы Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасын іске асыру мақсатында:

Биылғы жылы «Мақсат» ШҚ мемлекеттік бағдарлама арқылы күн батареясын орнатты.

Жоспар бойынша 200 млн тг. көлемінде несие алу, оның ішінде «АШҚҚҚ» АҚ 100 млн.тг, «АКК» АҚ 100 млн. тг.

 

 ҚР 2020-2022 жылдар аралығындағы білім және ғылым мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында:

Амангелді орта мектебі бойынша 2019-2020 оқу жылында 110 оқушы білім алуда, мектеп алды даярлық тобында 9 бала. Сабақ екі ауысымда өтеді. Мектепте 24 мұғалім еңбек етеді. 19 мұғалім жоғары білімді, 5 мұғалім орта арнаулы білімді.

Мектеп жанында шағын орталық 1 топта жұмыс атқарады - 25 бала тәрбиеленіп отыр. Мектепке дейінгі балалар тәрбиесі 100 пайызға қамтылған.

1-ші қыркүйектен бастап Доскей саз мектебі арқылы домбыра үйірмесі жұмыс істейді.  1 мұғалім 9 балаға дәріс беруде.

Қазіргі уақытта жылу жүйесі жақсы жұмыс істейді.

Амангелді орта мектебі жанында тегін «Қазақша күрес», «Мерген», «Драма» үйірмелері ашылып, жұмыс атқаруда.

         2019-2020 оқу жылына Амангелді орта мектебі толық дайын. Санузел орналастырылып, қолданысқа берілген.

 

ҚР 2020-2022 жылдар аралығында денсаулықты дамыту «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында:

Ауыл бойынша фельдшерлік-акушерлік бөлім жұмыс атқарады.

Мобильді қосымша «Дамумед» 643 адам тіркелді.

Ауылда кітапхана, клуб жұмыс істейді.

 

            «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл» бағдарламасы бойынша

Жұмыс екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: діни экстремизм мен терроризм идеяларының таралуын болдырмау: ауыл тұрғындарымен 2 кездесу өткізілді, жалпы 77 адам қамтылды, ҚР Президентінің жолдауын түсіндіру бойынша 77 адам қамтылды.

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»