100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

ҮМІТКЕР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ Ж.Т. КАЗЫБЕКОВАНЫҢ ЖАСАЛҒАН ЖҰМЫС, 2020 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР ЖӘНЕ АҚПАН АЙЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ЖӘНЕ АДАМДАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ МЕН ХАЛЫҚТЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ БОЙЫНША МІНДЕТТЕР ТУРАЛЫ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЕСЕБІ

Үміткер ауылдық округінің даму бағдарламасының мақсатты  индикаторларын орындау.

 

Әлеуметтік блок

Білім беру

Ауылдық округ аумағында Үміткер ауылдық жалпы білім беретін орта мектебі – директоры Қабдиев Д.С., 26 ұстаз және Үлгі бастауыш мектебі бар – 5 ұстаз жұмыс істейді. 2019-2020 оқу жылының басында оқушылар саны 147 баланы құрады. Мектеп жанында «Нұрбала» шағын орталығы жұмыс істейді. Биылғы оқу жылында орталықтың үлкен тобында 2 тәрбиеші 12 баланы, кіші тобында 2 тәрбиеші 14 баланы тәрбиелеуде.

 

Денсаулық сақтау

Ауылдық округте дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Халыққа 1 медбике, 1 акушер, 1 лаборант қызмет көрсетеді. 2 ай ішінде 1 бала туылды, 1 адам қайтыс болды. Ана мен бала өлімі болған жоқ.

 

Мәдениет

Ауылдық округ аумағында Үміткер ауылдық клубы (меңгерушісі Искакова А.Х.), Төрткөл клубы (Баймышева Г.А.) және ауылдық модельді кітапхана (кітапханашы Абдрахманова С.А.) бар. 04 қаңтарда «Кел, балалар, ойнайық!» атты аз қамтылған отбасылардың балаларымен ұлттық ойындар өткізілді. «Президент жолдауы – еліміздің ұлы бағдары» тақырыбында жоғары сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. 11 қаңтарда «Қазақ-латын әліпбиіне оң сапар» атты танымдық сағат өтті. 13 қаңтарда ауыл жастарымен «Ескі жыл есіркеп кет» атты ойын-сауық өтті. 13 ақпанда  «Жолдау – тұтастық  тұғыры» атты таным-дерек өткізілді. 14 ақпанда «Ауғанстан ақиқаты» тақырыбымен патриоттық сағат өткізіліп, оқушыларға бейнетүсірілім көрсетілді. 15 ақпанда «Мәңгіге есте қалған қан майдан» тақырыбында ауған соғысының ардагері Абилғазин Саят Қайырұлымен кездесу өтті. Концерттік бағдарлама қойылып, соңынан дастархан жайылды. 28 ақпанда ауылдық клубта «Кел, балалар, Абайды оқылық!» атты Абай Құнанбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқудан сайыс өтті. Үміткер орта мектебінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналып 1-11 сынып аралығында сынып сағаттары, өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту, әндерін шырқау бойынша жарыс өтті. Ауылдық клубта да, мектепте де көрме ұйымдастырылды.

Әлеуметтік қорғау

2017-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту және «Бизнестің жол картасы-2020» үкіметтік бағдарламаларын іске асыру шеңберінде. Үміткер ауылдық округінде экономикалық белсенді халық саны 586 адамды құрайды. Жұмыссыздар саны – 6. 2 айда 5 адам жұмысқа орналасты.

 

Әлеуметтік көмек: Атаулы әлеуметтік көмекті 2020 жылғы қаңтардан бастап 5 отбасы алады,  9 отбасына төлем тоқтатылды, оның ішінде 1 отбасы көшіп кетті, 8 отбасында табыс көзінің ұлғаюына байланысты тоқтатылды. 4 көп балалы ана материалдық көмек алады. АӘК алатын 4 отбасының 5 баласына әлеуметтік пакет берілді.

Мүгедектер саны 37 адам: 1 топ - 11 адам, 2 топ - 14 адам, 3 топ - 10 адам, бала-мүгедектер - 2. Ауылдық округте 4 тыл еңбеккері тұрады.

 

Сумен қамту

Үміткер ауылының халқы ауыз сумен орталық сумен қамту жүйесінен қамтамасыз етіледі, су құбыры желісінің жалпы ұзындығы 18 км. Суды есептеу аспаптары 100 % орнатылған. 115 құдық, 43 өрт гидранты бар. Барлығы қалыпты жұмыс істейді.

 

Көлік инфрақұрылымы

Үміткер ауылдық округінің автомобиль жолдарының жалпы жиынтық ұзындығы 4,5  км құрайды. Оның ішінде  жолдың 25%-ы – қатты жабынды, ал 75%-ы жабынсыз болып табылады. Қазіргі уақытта жолдың 2,5 км – қанағаттандырылған жағдайда, 2 км – қанағаттанарлықсыз жағдайда.

 

Ауыл шаруашылығын дамыту

Округте 32 шаруа қожалығы, 12 жеке кәсіпкер, 2 ЖШС бар.

Биылғы жылғы көктемде «Азия+» ШҚ (Рахимов А.З.) 50 га жерге бидай егіп,  "Мирас 2014" 100 га бидай, 50 га арпа, «Мадина» 100  житняк, «Үміткер» ШҚ 150 га бидай, «А. Каюпова» 200 га бидай, «Камила» 50 га бидай, «Сүлеймен» ШҚ 200 га бидай, 185 га арпа егуді жоспарлап отыр.

 

Ауылды көркейту

Пайдаланылмайтын және тиімсіз пайдаланылатын ауыл шаруашылы-ғына тағайындалған жерлерді айқындау бойынша 2019 жылы 19 акт, 2020 жылы 2 акт жасалып, жер қатынастары бөліміне тапсырылды. Осының нәтижесінде 12 шаруа қожалығының жұмысы тоқтатылды («Степняк», «Олжас», «Дәурен», «Сарыөзек», «Нуржан», «Дихан», «Жұмаш», «Айдос», «Нұртуған», «Жансерік», «Жанкельды», «Жасулан» шаруа қожалықтары).

Үміткер ауылында Қазпошта бөлімшесі жұмыс істейді. 2020 жылғы 1 жартыжылдыққа газет-журналдарға жазылу көрсеткіші 136 пайызды құрады.

Тіркелген нысандар: Үлгі ауылындағы саябақ және бөгет. Пайдаланылмайтын және тиімсіз пайдаланылатын ауыл шаруашылығына тағайындалған жерлерді айқындау, шабындық және жайылым жерлерді электрондық картаға енгізу, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыстар жалғасын табады.

Жалпы ұзындығы 4,5 км құрайтын Бейбітшілік және Қ. Бабаев көшесінің ауыл ішіндегі жолдарын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Үлгі ауылындағы саябақтың қоршалмаған жерін қоршау жұмыстары жүргізіледі.    

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»