| Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
|---|
Елімізде дәстүрлі, үлкен мереке - Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі аталып өтті. Тіліміз талай тарих сынынан өтті. Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өз атамекенін қалай сүюмен, өз ана тілін білуімен өлшенбек. Тіл - кез-келген ұлттың мақтанышы, ұлттық белгісі. Ата заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі» деп жазылған. Тәуелсіз елімізді одан әрі өркендету мемлекеттік тіл арқылы ғана жүзеге аспақ. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Адам шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, қартайған шағына дейін бүкіл өмір бойы тілмен тығыз байланысты болады.
Тілдер мерекесіне орайластырып Петровка жалпы білім беру орта мектебінде 16-21 қыркүйек аралығында апталық өткізілді.
Апталық барысында барлық сыныптар белсенді қатысып, бар білгендерін ортаға салып жатты. Кітапханашы С.Байтасова «Қазақ тілі – болашағым, ертеңім...» тақырыбында көрме ұйымдастырды. Ал, 4-сынып мұғалімі А.Айдарбекова «Тіл – достық негізі» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізсе, орыс тілі пәнінің мұғалімі Н.Ковач 11б сыныбында «Бір шаңырақ астында» тақырыбында ашық сынып сағатын, 5 б сыныбында «Великий, могучий, свободный...руский язык» атты сыныптан тыс сабақтар өткізді. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Е.Түспекова 5 а, 6 а, 6 б сыныптары аралығында мәнерлеп оқудан сайыс өткізді. Ұстаздар сайыста жеңіске жеткен оқушылардың барлығын марапаттады. Ағылшын пәні мұғалімі Д.Шакаева «Своя игра» тақырыбында сыныптан тыс танымдық сабақ өткізсе, музыка пәнінің мұғалімі Г.Жакина 3 б сыныбында «Музыкальный КВН» өткізді. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.Елубаева 5 б сыныбында «Кім жүйрік?» тақырыбында сайыс сабақ өткізді. Оқушылар өте белсене қатысты.
Аптаның соңын қорытындылай келе, жұма күні мектебіміздің мәжіліс залында мектеп бойынша жауапты мұғалімдер А.Оспанова, А.Карабаева, А.Айдарбекова, Е.Увалиева, А.Сымыковалардың ұйымдастыруымен «Тіл – достық негізі» тақырыбында үлкен мерекелік концерт өткізілді. Бұл кеште мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Г.Безденежных игі тілегімен барша қауымды құттықтады. Әр сынып өздері дайындаған ән-билерін ортаға салды. Әр ұлттың әндері шырқалып, билері биленді. Мерекелік концерт өте жоғары деңгейде өтті.
Тіл - халықтың рухани айнасы. Әрбір ұлт өз тілімен, дінімен, салт-дәстүрі, мәдениетімен, тарихымен өседі, өркендейді, дамиды. «Тілге құрмет - елге құрмет» деген халық даналығы.
Тәуелсіз Қазақстан атты киелі шаңырақтың астында бірлік пен татулықта өмір сүріп жатқан халықтардың достығы мәңгі жасап, тіліміздің мәртебесі жасай берсін!
Комментарии (0):
Комменатриев нет.