100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Жаңалықтар

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

Президент кунине

Менің Елбасым
Құс ұясыз болмайтыны сияқты, адам Отансыз болмайды. Мен өз Отанымды сүйемін. Басынан қанша қиындықты, аштықты өткерген елімнің қайыспас қара нардай мықтылығына мақтанамын.
Болашақта өз Отанымның дамуына аз болса да үлесімді қосқым келеді. Әр тасы, әр гүлі қымбат елім үшін аянбай қызмет етемін. Өйткені осы далада дүниеге келгенәр азамат кіндік қаны тамған топырағына тәу ету керек. Қазақ халқының егемендік алып, өз алдына ел бола алатынына күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ, өзінің мақсатты ісіне ары мен намысын ту еткен елбасымыз бар күмәннің тас-талқанын шығарды.
Астанадай арман қала салған, тәуелсіздік туы астына талай ұлтты бейбітшілікке шақырған Елбасының ерен еңбегі өлшеусіз. «Хан біреу болу керек» деген есті сөзді есте сақтаған жөн. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» дегендей ел гүлдену үшін баршамыз теңізге тамған тамшыдай болса да үлес қосуымыз абзал.
Ержас Бекеш,  Үштөбе орта мектебінің 6 «а» сынып оқушысы

«Садағаң кетейін, айналайын халқым!
Сенің мүддең жолында бойдағы қуат,ойдағы нәрдің бәрін сарп етуге бейілмін».
Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан атты жас мемлекеттің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев артынан ерген қалың елінің сеніміне ие болған, әлемге өзінің сындарлы саясатымен танымал болған тұлға. Қазақ отбасында туып-өсіп, тәрбиеленіп, ата өсиетін, ана ғибратын өмірлік азық еткен Елбасының ғажайып парасаты мен пайымы, ұлтжандылығы жас ұрпақ біздер үшін өнеге. Адамзат баласына, күллі әлемге танымал болған осындай Елбасымыздың барына қуанамын да мақтанамын.
Біз өткен күрестер жеңісінің арқасында бүгін міне, тәуелсіз ел болып, еркіндікте жүрміз. Елімізді бастап ұрпаққа жол көрсетер Президентіміз бар. Президент-еліміздің, өміріміздің айнасы. Ел бірлігін, Отан тыныштығын жан-жақты қарастырып отырады. Біздің Президентіміз өте ақылды, көреген, келешекті болжағыш адам. Ел үміті-ертеңде, ертеңнің кепілі Нұрсұлтан атамызда. Өйткені, Елбасы- тәуелсіздіктің тірегі. Жаңа дәуірді, қиын –қыстау тың жолдан Қазақстанды сүріндірмей, адастырмай алып жүретін Елбасымыз деп ойлаймын.Өзін өз ұлтына ғана емес, дүние жүзі ұлтына ақыл-парасатымен, білімдарлығымен таныта білген Нұрсұлтан Әбішұлының халықаралық деңгейдегі беделінің зор екндігіне көз жеткізудеміз. Елбасы еліне, елі Елбасына сенеді.Жас ұрпақ біздер де ертеңімізді Елбасымызбен, оның нүсқаған басым бағыттары арқылы елестете аламыз.
Аида Алсеит,  Үштөбе орта мектебінің 7 «а» сынып оқушысы

Менің елім Қазақстанның әлемдегі ең бай, дамыған елу елдің қатарына енуі аңыз емес, шындық. Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің туын тігуге қаншама көп қажыр-қайрат, күш-жігер, ақыл-ой жұмсалды. Ел егемендігіне қолы жеткенге дейін талай тауқыметті көрген халық оны жеңген қайсар, қаһарман халық.                                                                                                                                                
Осы ұлы халыққа көшбасшылық еткен Нұрсұлтан Назарбаев та ел сенімін ақтаған көреген басшы. Бүгінгі күнде әр түрлі діндерді ұстанған еліміздегі әр түрлі ұлт өкілдерін ақ тудың астына ақылдылығымен, данышпандылығымен біріктіріп, сүттей ұйытып отырған Қазақстандай елімді, Елбасымды шын пейілмен мақтан етемін. Елбасымыздың асқақ армандарына қол жеткізуі, ел көкбайрағының асқақтата көтерілуі - халқымыздың Елбасына деген сүйіспеншілігі мен қолдауын көрсетеді. Өз мемлекетіміз үшін  мақтаныш сезіміне бөленіп бүкіл әлем мойындаған ел - Тәуелсіз Қазақстанды әрқашан ардақ тұтып, қадірлеп, қастерлеуіміз қажет. Егемен елін, азаматтық ары мен намысын жоғары қойып, мемлекеттің нығаюы мен көркеюі жолында аянбай еңбек етіп, тер төгіп жүрген жан - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің патриоттық бейнесі ғасырлар бойы келер ұрпаққа үлгі-өнеге болмақ.  Елін сүйген Елбасы, елі сүйген елбасы, менің Елбасым-менің мақтанышым.
Елбасым
Ел сүйеді Елбасын,
Бастады ол жолбасын.
Тәуелсіздік тарихын,
Мәңгілікке қолдасын.
Елбасының өр бейнесі,
Жүрегімізде сақталар.
Ұлттық намыс, ұлттық рух,
Борыш болып жатталар.
Наурызбай Балекин, Үштөбе орта мектебінің 6 «А» сынып оқушысы

Мен Елбасымен мақтанамын!
Менің Отаным - тәуелсіз Қазақстан. Мен өз елімді, жерімді жақсы көремін. Біздің Президентіміз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.1–желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күні. Бұл күн біздің еліміз үшін үлкен мереке. Мен Елбасымызды және барлық қазақстандықтарды осы мерекемен құттықтаймын.
Біз тәуелсіздік алғаннан кейін көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Біздің өз Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз және теңгеміз бар. Әдемі Астанамыз бар. Қазақстан әлемге танылып, дамыды. Оның барлығы біздің Елбасымыздың арқасы. Мен Қазақстанмен мақтанамын. Мен Елбасымен мақтанамын!
Нұргелді Оралбаев, 
1 «А» сыныбының оқушысы
Қушоқы орта мектебі

 

Елбасым -  мақтанышым

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің дамуына көптеген үлес қосқан тұлға. Болашақта Елбасыдай болмасам да, «ұқсап бақсам» екен деп ол кісінің балалық шағы мен өмірбаянымен таныстым. Елбасының еңбегінің арқасында еліміз күннен-күнге көркейіп, гүлденіп келе жатыр.
Қазір еліміз тәуелсіз әрі дамыған мемлекеттердің қатарына қосылды. Елбасының беделінің арқасында елімізде өткізілгелі отырған дүниежүзілік «ЭКСПО-2017»  көрмесі де Қазақстанның әлемнің озық мемлекеттерінің алдындағы беделінің дәлелі.
Елбасымыз - Қазақстанның жүрегі сияқты. Елі сүйген, елін сүйген басшының жүрегі халқы үшін мәңгі соғып тұрады. Менің де атым Елбасының атымен аттас. Сол үшін ата – анама мың да бір рақмет! Нұрсұлтандай елі  сүйген дара тұлғаның есімін үлкен  мақтанышпен алып жүруге тырысамын. Мен әрқашан Елбасымен мақтанамын.
Жас болсам да өзімнің жүрекжарды өлеңімді Елбасыма арнаймын :
Нұр аға, құтты болсын мерейтойың,
Жетпіс үшті алқымдап өсті бойың.
Жер шары әлемдегі барлық халық,
Біледі Елбасының дана ойын.
Арманын орындадың бабалардың,
Көтердің асқақ туын даналардың.
Қазақта тұңғыш болған Нұр ағамыз,
Ақтады аппақ сүтін аналардың.
Дакей Нұрсұлтан
6 «А» сынып оқушысы
 Қушоқы жалпы білім беру орта мектебі  

 

Тәуелсіз елім, өз елім!

Менің елім - Қазақстан. Осы бір құдіретті сөзді әрбір қазақ азаматы  асқақ сезіммен, ерекше мақтанышпен айта алады.
Қазақстан - қазақ халқының ата мекені, кіндік қаны тамған киелі жері. Осындай аймағы үлкен, қойнауы қазынаға толы құнарлы жерімізге кімдер көз тікпеді?!  Бабаларымыз  әр заманда басынан не кешпеді дейсіз? Жоңғар-қазақ соғысында Абылай хан сияқты жандар, Төле, Қазыбек, Әйтеке би секілді шешен де көсем билер, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Қарасай сынды батырлар өз жерін ерлікпен қорғады.
Сталин, Голощекиннің саясатынан қазақ халқының тең  жарымы қырылып, аштықтан ата-қонысынан босып кетті. Қаншама асыл боздақтарымыз атылды. Екінші дүниежүзілік соғыстағы Әлия мен Мәншүк ерлігі мәңгі есте қалды. Жылдар бойғы іште жиналған төзім запыранын бір-ақ күнде, 1986 жылы студент жастар тасқын судай ақтарды. Олардың арманы қазақ халқының азаттығы, тәуелсіздігі еді.
Міне, бүгінгі таңда осы ата-бабаларымыз аңсаған бостандыққа қол жеткізіп, тәуелсіз ел атандық.
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда күлкімнен түн тірілген, - деп Ж.Молдағалиев жырлағандай, қазақ халқы - отқа түссе жанбаған, суға салса батпаған қайсар да батыр халық.
Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі - халқымыз өз таңдауымен  Президентін сайлады.
Тәуелсіздік таңы тілімді, дінімді, салт-дәстүрімді жаңғыртты. Қасиетті Ата Заңым қабылданды. Байрағым, Елтаңбам, Әнұраным дүниеге келді. Айналадағы алыс-жақын елдерде соғыс болып жатқанда, ең алдымен аспанымыз ашық, өміріміздің бейбіт болғанына қуанамын. Сол бейбітшіліктің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алған ерікті елдің еркін баласының бірімін. Мен болашаққа нық сеніммен,үлкен  үмітпен қараймын. Осы жақсылықтар мен игі  істердің басында басшылық етіп, татулықты, береке-бірлікті нығайтып отырған, ұлт намысы үшін басын бәйгеге тігетін еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев ағамызға балалық жүрегіммен алғыс айтамын!
Президентіміз белгілеген «Қазақстан-2030» бағдарламасы және жыл сайынғы Жолдауы біздің адаспайтын жолымыз,айқын да ашық бағдарымыз. Елбасы өз Жолдауында «Қазақстан болашағы - жастардың қолында»-деп бізге үлкен сенім білдірді.
Мен - елдің ертеңімін. Менің  яғни  бүгінгі ұрпақтың мақсаты - Қазақстанның көркеюіне бар күш-жігерімізді, біліміміз бен санамызды сарп ету.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!-деп болашаққа, жастарға Мағжан ақын үлкен сенім артты. Елімнің ертеңі үшін аянбай еңбек ету,оқу оқып, білім игеру менің ең басты парызым.
Біз, еркін елдің жас қырандары - елім деп, жерім деп, әкем мен анам деп, Отаным мен отбасым деп соққан жұдырықтай жүрегімізді, білімімізді Қазақстанның жарқын болашағына арнаймыз.
«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», - деген халқымның дана мақалын әрдайым жадымызда ұстап, бірлікті, тұтастықты ту қылып көкке көтереміз.
Мен шығармамды ақын Жұбан ағаның мына өлең жолымен аяқтағым келеді.
Мен қазақпын,биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді,айта бергім.

Ләззат Кеңесбаева,
7 «А» сынып оқушысы,  Киров орта мектебі

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.