100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Жаңалықтар

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

«Қыс-2016» РКШЖ

Азаматтық қорғау мемлекеттік  жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында, с.а басқару органдарын, күштер мен құралдарды дайындау  мақсатында, 2016 жылдың 16-18 кезеңінде Қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша әрекеттерге басқару органдарының азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің күштерінің дайындығы тақырыбына «Қыс-2016» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары жүргізілді.
Қарағанды облысы әкімінің ұйымдастырулық нұсқауларын орындауда «Қыс-2016» РКШЖ  дайындау мен өткізуде, Бұқар жырау ауданының аумағында «Қыс-2016» РКШЖ   өткізу жоспары бекітілді.
Жаттығулар  аудан әкімінің орынбасары С.К.Сатаевтың  төрағалық етуімен қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша  аудандық штабының жиналуынан басталды. Аудандық азаматтық қорғау және ұйымдастыру  қызметінің басшысымен РКШЖ-ға  басқару органдары мен аудандық АҚМЖ  аумақтық кіші жүйесі күштерін  дайындыққа келтіру бойынша тапсырма жеткізілді.
Әрі қарай ауданның жергілікті полиция қызметі ғимаратының алаңында, жедел әрекет ету және адамдарды құтқару, іздестіру командасы жинақ отрядын қарау жүргізілді. Құрамына 51 адамнан тұратын жеке құрам және 26 әр түрлі техника енеді.
Ботақара кенті АБЗ аумағында авариялық-құтқару қызметі мен құрылымдарының ұйымдасуымен арнайы-әдістік тәжербиелік жаттығулар өтті.  Жедел әрекет ету жинақ отряды жолдағы қар құсауынан адамдарды құтқару тәртібін зерделеді, ал адамдарды құтқару, іздестіру командасымен жоғалған аңшыларды құтқару бойынша жұмыстар жүргізілді.
«Назар аударыңдар барлығыңа»  дабылына әрекет ету тәртібі бойынша  құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру шеңберінде, Ботақара кентінде электрдабылы  және ауданның 20 елді мекендерінде құлақтандыру локалды жүйесі іске қосылды.
«Қыс-2016»  РКШЖ қорытындылары бойынша ауданның азаматтық қорғаныс күші мен құралдары қыс мезгіліндегі ТЖ-ға әрекет етуге дайын.

Бұқар-Жырау ауданының
ТЖБ-нің бастығы
азаматтық қорғау полковнигі
Н. Интуев

Вернуться к списку новостей

Бесоба елді мекенінің маңындағы көпірдің қирауына көктемгі ағын су себепкер болмаған 17 Мамыр 10:58
Аймақ басшысы Қарқаралы ауданына қарасты Бесоба селолық округінің отбасылық-дәрігерлік амбулаториясының жұмысымен танысты 17 Мамыр 10:40
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»