100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Жаңалықтар

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

Бұқар жырау ауданында қыс кезеңіндегі сұрақтарға байланысты брифинг өтті.

ХДП «Нұр Отан» филиалының мәжіліс залында бұқаралық ақпарат құралдарымен бірге брифинг өткізілді. Брифингке қатысуға «Бұқар-жырау жаршысы» облыстық газетінің өкілі, аудандық әкімдіктің өкілі, ХДП «Нұр Отан» филиалының басшысы, жастар бөлімінің қызметкері, аудан әкімінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай бойынша бас маманы шақырылды..
Іс-шараның барысында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Интуев Н.С. БАҚ өкілдеріне жылыту кезеңінде өрттердің алдын алу үшін қабылданған шаралар,  мұздардың кесірінен болатын апаттардан алдын алу және аудандық азаматтық қорғау қызметкерлерінің қысқы кезеңге дайындығы туралы айтып кетті.
          Қысқы дайындық қыс кезеңіндегі төтенше жағдайларды алдын алу және әрекет ету сұрақтары бойынша облыстық ТЖ алдын алу жане жою коммиссиясының отырысын өткізу болды. Отырыс соңында ауылдық округтер мен кенттердің әкімдеріне, уйыидардың басшыларына қыс кезеңіндегі төтенше жағдайларды алдын алуға хаттама нұсқаулар берілді.
         Аудан әкімі аудан аймағында кыз мезгілінің қауіпсіз және апатсыз  өтуі бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті. Ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдерімен бекітілген аудандарға ұқсас іс-шаралар жоспарлары дайындалып жатыр.
         Төтенше жағдайларда әрекет ету жасағының күштері мен құралдарын дайындығын тексеру кезінде 48 адам және 27 әр түрлі құрал-жабдықтар мөлшері болды.
Қыс кезеңінде төтенше жағдай туындаған уакытта зардап шеккендерге 48 жылыту пунктері және төсек жабдықтарының (матрацтар, жылы көрпелер, т.б.) дайындығы қамтамасыз етіліп тұр.
Дауылдарды ескерту мақсатында ауданның 20 елді мекендерінде жергілікті ескерту жүйелері жұмыс істеуге дайын.
Брифинг жалғасында, аудандың  төтенше жағдай бөлмінің аға инженері В.В. Малышкин аймақтағы өрт қауіпсіздігі жағдайы туралы ақпаратты айтып кетті.
2016 жылдын 15.09  - 03.10 уақыт аралыгында Қарағанды облысында 179 өрт тіркелген, өрттердің кесірінен 2 адам жарақат алған, оның ішінде 1 бала , көмірқышқыл газымен уланудан 7 адам жарақат алған, соның ішінде 5 бала.
Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы адамдарды ақпараттандыру мақсатында «Өрт қауіпсіздігі сенбіліктері» болып жатады, тұрғындарды аралап ескерту парақшалар таратылады. Ерекше назар әлеуметтік тәуекел тұлғаларына бөлінеді.
Жылыту және газ жылыту құрылғыларын пайдалану туралы жұртшылықты хабардар етуге қатысты қабылданған шараларға қарамастан, жеке қауіпсіздікті қамтамасыз етуге адамдардың мәдениеті төмен деңгейде қалып отыр.
.Осыған орай, іс-шараларды жүзеге асыру жұмыстарын күшейту туралы айлық тақырыптық шешімдер қабылданды: караша айында - «көміртек тотығы сақтанайық!» , содан кейін «Қауіпсіз жаңа жыл» , «Қауіпсіз көлік», «Сіз төтенше жағдайлар қызметі туралы не білесіз», «Қауіпсіз балалық шақ» акциялар өтеді.
Іс-шара соңында қатысушыларға аймақтағы су объектілерінде төтенше жағдайлардан алты адам қаза тапқаны және 4 адам жарақат алғаны туралы акпарат айтылды,
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы аймақ тұрғындарына мұздағы негізгі мінез-құлық ережелерін хабарлады.
Брифингті корытындылай келе ауданның төтенше жағдай бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Интуев Н.С. аудиторияға алғысын білдіріп, төтенше жағдайлар туралы жұртшылықты хабардар етуде, халыққа үгіт және қауіпсіз мінез-құлық ережелерін жеткізуде БАҚ маңызды рөл аткаратының айтты.


Бұқар жырау ауданы
ТЖБ аға инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты
В.В. Малышкин
 

Вернуться к списку новостей

Бесоба елді мекенінің маңындағы көпірдің қирауына көктемгі ағын су себепкер болмаған 17 Мамыр 10:58
Аймақ басшысы Қарқаралы ауданына қарасты Бесоба селолық округінің отбасылық-дәрігерлік амбулаториясының жұмысымен танысты 17 Мамыр 10:40
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»