Информационный портал аппарата акима
Бухар-Жырауского района
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы
6 қаңтарда Бұқар жырау ауданына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы парламентінің Сенат депутаты Сергей Михайлович Ершов келді.
Сапар барысында Сергей Михайлович Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заң жобасын талқылау негізінде аудандағы шаруа қожалық иелерімен және ауыл әкімдерімен бас қосып жиылыс өткізді. Сондай-ақ, бұл күні ауданға іс-сапарымен келген депутат Ботақара кентіндегі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, олардың жұмыс барысымен танысып қайтты.