Жаңалықтар
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
---|
12 қаңтар күні, Қарағанды облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Нұркен Кобжанов Елбасының «100 нақты қадам – 5 институционалды реформаны жүзеге асыру барысы жайлы» баяндамамен тікелей эфирге шығып, бұқаралық ақпарат құралдарының сұрақтарына жауап берді.
Тікелей эфирде жергілікті және аймақтық тілшілердің көкейінде жүрген бірқатар сұрақтар қойылды. Әсіресе, БАҚ өкілдері 2014-2015 жылғы болған көктемдегі су шаю салдарынан апатты деп танылған көпірлердің құрылысы жайлы, ауыз су мәселесі туралы, мектепке дейінгі балаларды тәрбиемен қамту, сонымен қатар, Ботақара кентінде қазандықтың құрылысы жайында бірқатар сұрақтар қойды.
Брифингке Бұқар жырау ауданының Қоғамдық Кеңес төрағасы да қатысып, өз сұрағын қойды. Қоғамдық Кеңес мүшелерінің сұрағы 2018 жылы атап өтілетін Бұқар жырау Қалқаманұлының мерейтойы жайлы болды. Ауданда қандай да бір дайындықтар жүргізіле ме деген сауалға, аудан әкімі келесі жылдың аудан үшін маңызды болатындығын басып айтты. Сондай-ақ, бұл мерейтойдың жоғарғы деңгейде өткізілетіндігін және алдағы уақытта бұл мәселеге қатысты жоспар құрылып, талқыланатындығын мәлімдеді.
Жалпы, брифинг барысында қойылған әрбір сұраққа аудан әкімі нақты жауап беріп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жайлы баяндап өтті.