100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Жаңалықтар

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

Ауыл әкімдерінің халық алдындағы есептік кездесу өткізу науқаны басталды

Бірінші есептік кездесу 16 қаңтарда аудан әкімінің қатысуымен Суықсу ауылында өткізілді. Кездесу барысында Суықсу ауылының әкімі Айтпай Есебаев тұрғындар алдында 2016 жыл қорытындысы бойынша есеп беріп, алдағы уақытқа қойған бағыт – бағдарлары жайлы баяндады.
Суықсу ауылында қазіргі таңда 300-ден аса халық тұрады. Ауыл аумағында 10 шаруа қожалығы тіркеліп, олар мал асырап өсіру, көкеніс өсіру тағы басқа шаруалармен айналысады.
Айтпай Есебаевтың айтуынша, есептік мерзімде «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында халықты жұмыспен қамту, микронесиелеу және жеке іс ашу бағытында бірқатар жұмыстар атқарылған. Шаруа қожалықтарында өндіріс көлемі ұлғайып, қосымша жұмыс орындары ашылған. Ауыз суға келетін болсақ, Суықсу ауылында орталықтандырылған ауыз су көзі бар, сондай-ақ жеке саңылаулар да жұмыс істейді.
Ауыл әкімі кездесу барысында тағы да басқа көптеген іс-шаралар жайлы баяндап өтті. Айтпай Есебаевтың есебінен кейін, ауылдағы мал дәрігері мен учаскелік полиция инспекторының есебі тыңдалды.
Сонан соң тұрғындар ауылдағы мәселелер жайлы айтып, сұрақтарын қойды. Барлық көтерілген мәселелер аудан әкімінің жеке бақылауына алынып, хаттамаға енгізілді.
Кездесуді қортындылай келе, аудан әкімі 2016 жылдың жалпы ауданымыз үшін нәтижелі болғандығын атап айтты. Барлық қойылған тапсырмалар мен міндеттердің орындалғандығын, оның ішінде өндірістік өнімнің артқанын, салықтық төлемдердің өскендігі және басқа әлеуметтік маңызды мәселелердің толық орындалғандығын мәлімдеді.
Айта кету керек, кезекті есептік кездесу Суықсу ауылынан кейін Үштөбе ауылдық округінде өткізіліп, онда да бірқатар мәселелер талқыланып, шешімін тапты.

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»