100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Жаңалықтар

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

Су тасқыны кезеңіне дайындық

Шекара маңындағы аумақтарда төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында су тасқыны кезеңінде гидротехникалық құрылыстарды қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша, 2017 жылдың 15 ақпанында Ақжар бөгетінде  бірлескен комиссиялық қарау  жүргізілді.  

Бұқар жырау ауданының комиссиясын орынға жеткізу үшін, Қарағанды облысы ТЖ Департаментінің ТРЭКОЛ өтімділігі жоғары техникасы және  Бұқар жырау ауданының аудандық орталық ауруханасының «БОБР» вездеходы тартылды.

Су қоймасы бөгетінде Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімі Н.С.Кобжанов пен Павлодар облысы Баянауыл ауданының әкімі О.А.Каиргельдинов кездесті. Қарауға ТЖ мәселелеріне жетекшілік ететін аудандар әкімдерінің орынбасарлары С.К.Сатаев пен М.К.Ахметов, «Қарағанды облысының табиғи ресурстары және  табиғат пайдалануды реттеу  басқармасы» ММ басшысы Р.М.Тулепбаев, «Қарағанды су қоймалары» КМК басшысы Д.К.Карамулдин., аудандардың ТЖ бойынша бөлімдерінің бастықтары, Корнеевка және Сатпаев ауылдық округтерінің әкімдері, сондай ақ басқа мүдделі органдардың мамандары қатысты.

«Ақжар» бөгеті 1987 жылы салынған, жобалық көлемі 3 млн. текше м құрайды,  су айнасының жалпы алаңы 140 га. Бөгет ұзындығы 350-400 метр, қырындағы ені 4-5 метр, арна бөлігіндегі ең жоғарғы биіктік 9 метр. Бөгеттің оң бортында диаметрі 1400 мм тұратын 6-ты құбырдан құралатын, автоматтандырылған  тәртіпте жұмыс істейтін, су тасқыны суын  өткізгіш  орнатылған.

Баянауыл ауданының жергілікті атқарушы органдарымен жыл сайын, жалпы  су өткізгіш құрлыстары мен  бөгеттің сенімділігі туралы мәселе алға тартылады. Ол жарылса, жалпы 1300-ден аса адам тұратын 2 елді мекен су астында қалу аймағына енеді.         2016 жылдың қарашасында Ақжар бөгеті аудандық коммуналдық меншіктен облыстық коммуналдық меншікке- «Қарағанды су қоймалары» КМК берілді, бөгеттің тұрақты қызметі бойынша әрі қарай қаражаттар бөлу үшін.   

Қарау  қорытындылары бойынша тараптармен өзара іс-қимыл  және күштер мен құралдарды тарту тәртібі, тәулік бойы кезекшілікті жүзеге асыру, су деңгейі және бөгет жағдайы туралы ақпарат беру схемасы анықталды. Аудан бойынша  су тасқыны кезеңіне дайындалу шараларын ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыс жалғасуда және  ерекше бақылауда тұр.       

Бұқар жырау ауданының ТЖБ

аға инженері азаматтық

қорғау аға лейтенанты                

В. Малышкин

Вернуться к списку новостей

1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі 01 Маусым 12:32
Центральное ауылында инкубаторлық қаздар мен үйректер өсіретін кооператив ашылады 01 Маусым 10:22
Спасскіде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы өтті 31 Мамыр 16:38
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»