Жаңалықтар
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
---|
Бүгін, 9 мамыр Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерекесі Бұқар жырау ауданында ерекше қарқынмен тойланды. Ботақара кентінің орталық көшесі танертеңнен халыққа лық толы болды. Аудан әкімі Н.Кобжанов бастаған шеру мекемелер мен ұйымдар қызметкерлері, мектеп оқушылары және кент тұрғындарының қатысуымен жалғасын тапты. Сонымен қатар, «Жасампаз жасақ» атты ұран ұстаған жастар шеру ұйымдастырып, соғысқа қатысқан ата- бабаларының суреттерін мақтанышпен көтеріп шықты. Шеруге барлығы 600-ден аса адам ат салысты.
Салтанатты бөлім аудандық мәдениет үйінің алаңында өткізілді. Шараның шымылдығы аудан әкімінің ақ тілегімен ашылған болатын. Өз сөзінде аудан басшысы Елбасы ардагерлерге баса назар аударатынын айтып, мемлекет тарапынан оларға барлық жағдай жасалып отырғанын жеткізді. Қазіргі таңда аудан аумағында 4 соғыс ардагері бар. Бүгінгі шараға денсаулық жағдайына байланысты бір ғана ардагер қатысты. Ол Шеру Баеубаев. Шеру ата ерлік пен даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойып өзінің майдангер жолдастарын еске алды. Аудан басшысы ардагерге ҚР Премьер министрінің сыйлығын жеткізіп, өз атынан да мерекелік сыйлық табыстады.
Салтанатты жиыннан соң, алаңдағы сахнада мерекелік концерт басталып кетті. Сонымен қатар, әскери шатыр тігіліп, мерекеге келген жұрттың барлығына дала асханасы сарбаздар ботқасынан дәм таттырды.