Жаңалықтар
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
---|
16 маусым күні Бұқар жырау ауданында медицина саласының қызметкерлері күні аталып өтті.
Ботақара кентінің Мәдениет үйінде аудан тұрғындары мен қонақтары мерекелік концертте бас қосты. Жиналған қауым алдында аудандық мәслихат хатшысы Асхат Сағадиұлы Әли сөз сөйледі. «Өмірде мамандықтардың жаманы жоқ. Дегенмен, медицина мамандарының орны ерекше. Басы ауырып, балтыры сыздаған әрбір адам дәрігерден көмек күтеді. Ал ақ халатты абзал жандар қашанда қол ұшын созуға әзір тұрады»,- деді, ол өз сөзінде. Осылайша, мереке иелерінің қоғамдағы маңызды орынын атап айтты.
Сонымен қатар, медицина саласының ардагерлері мен үздік мамандары Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасымен, аудан әкімі Нұркен Кобжановтың грамотасымен және алғыс хатымен марапатталды.
Аудандық орталық аурухана директоры М.Байғожин да әріптестерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Өз сөзінде ол дәрігерлердің ерен еңбегін айтып, аса жауапты жұмысқа адалдықтары үшін алғыс білдірді.
Шараның салтанатты бөлімінен соң, Мәдениет үйі мен Ботақара кентінің балалар өнер мектебінің шығармашылық ұжымы ұйымдастырған мерекелік концерт ел назарына ұсынылды.
Аудан әкімінің баспасөз хатшысы