100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Памятки населению о действиях в ЧС

Көктемдегі қауіпті мұз!

Күн жылынды, кейбір жерлерде қазіргі кездің өзінде мұздың жағдайы нашар.  Көктемнің келуімен бірге мұздың қалыңдығы да жұқарып, қауіпті бола бастайды. Әрине, кез келген балықшы көктемгі демалыс күндері үйінде отыра алмай,  көпшілігі балық аулауға баратыны белгілі.  Алайда, естеріңізде болсын, барлықтарыңызды үйдегілер күтеді!  Қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар, абай болыңыздар!  

Тексерілмеген мұзға шығу қауіпті! Ал жылжу  қажет болғанда, мұздың мықтылығын  тексеруге ұзын таяқты пайдаланыңыз. Жағадан аса абайлап  түсу қажет- мұз жағамен мықты байланыса алмай,  жарықтар, мұздың астында ауа  болуы мүмкін. Сондай ақ мұз су ағар жерлерде, сулы өсімдіктер өсетін аумақтарда, омбы қар астарында мықты болмайды. Егер таяқшамен бір рет ұрғанда мұз үстінде су пайда болса – дереу артқа кету қажет. Әрі бірінші қадамдарды, табанды мұздан алмай жасау қажет. Ешбір жағдайда мұздың мықтылығын аяқпен соғып тексермеу керек. Егер мұзда бірнеше адам жүріп келе жатса, олар тізбекпен жүріп, мүмкіндік бойынша салынған жолды ұстап, бір-бірінен бес метр қашықтықтан кем емес аралықты ұстап жүрулері керек.

Бұқар жырау ауданының ТЖ бөлімі, мұзға шыққандағы келесі қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді:

- адам үшін, қалыңдығы 15 сантиметрден кем емес  мұз қабаты қауіпсіз болып саналады; 

- өзен сағаларында және құймаларында мұз беріктігі әлсіз. Мұз жылдам ағыстағы ағарлар мен ағынды сулар жерлерінде, сондай ақ  сулы өсімдіктер өсетін аумақтарда, ағаш, бұта қамыс жандарында әлсіз;

- егер ауа температурасы  3 күннен аса 0 градустан жоғары болса, мұз беріктігі 25 пайызға төмендейді;

- мұз беріктігін көзбен шолып анықтауға болады: мұз көгілдір түсті- берік; ақ түсті- беріктігі 2 есе кем; сұр, күңгірт-ақ немесе сарғыш-  мұз сенімсіз, кара  түсті мұзы бар жерлерден айналып өтіңіз – бұл қалыңдығы жұқа мұз.

Егер  суық суға абайсызда түсіп кетсеңіз не істеу керек:

- абыржымаңыз, қатты қимыл жасамаңыз, қалыпты  тыныс алыңыз;

- қолыңызды екі жаққа жіберіп, мұз қиыршығынан ұстауға тырысыңыз, денеңізді ағыс бағдары бойынша көлденеңінен қойыңыз;

-кеудеңізбен абайлап мұздың шетіне жатып, мұзға  бір сосын екінші аяғыңызды салуға  тырысыңыз;  

- егер мұз көтерсе, жағаға ақырындап еңбектеңіз;

- келген жағыңызға қарай еңбектеңіз, онда мұз беріктігі тексерілген.

Егер біреуге сіздің көмегіңіз қажет болса:

- кез келген ұзын таяқпен, тақтамен, таяқшамен немесе жіппен  жарақтаныңыз. Бөкебайларды, белбеулерді және киімгешекті біріктіріп байлауға болады;

- қолдарыңызбен аяқтарыңызды кеңінен жайып, алдыңыздағы құтқару құралдарын итерумен  жылым бағытына ақырын еңбектеп қозғалыңыз;

- судағы адамнан бірнеше метрде тоқтап, оған арқанды, киім шетін, таяқты лақтырыңыз;

- зардап шеккенді  абайлап мұзға ақырындап шығарып және онымен бірге еңбектеп отырып қауіпті  аумақтан шығыңыз;

- келген жағыңызға қарай еңбектеңіз;

-зардап шеккенді жылы орынға жеткізіңіз. Оған көмек көрсетіңіз: одан су киімдерін шешіп, спіртке немесе араққа батырылған затпен немесе қолмен   денесін ысқылаңыз (терісі қызарғанша), зардап шеккенге  ыстық шай беріңіз. Ешбір жағдайда зардап шеккенге алкоголь бермеңіз- мұндай жағдайларда, ол өлімге әкелуі мүмкін.

 

ТЖ орын алса 112- телефонына дереу хабарлаңыз

 

 

                                                                             Бұқар жырау ауданының

                                                                             ТЖБ аға инженері

                                                                           азаматтық қорғау аға лейтенанты

                                          В.В. Малышкин

Вернуться к списку статей

© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»