100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Бұқар жырау ауылдық округі әкімі Ерлан Рамазанұлы Узденовтың әлеуметтік – экономикалық дамуы көрсеткіштері бойынша 2018 жыл қорытынды есебі

Бұқар жырау ауылдық округінде барлығы 486 адамды құрайды, оның ішінде Бұқар жырау ауылында 198 адам, Семізбұғыда ауылында 97 адам, Шалқар ауылында 188 адам. Экономикалық белсенді тұрғындар саны 244 адам, тұрақты жұмыспен қамтылғандар саны 183 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 33 адам, жұмыссыз 4 адам оның ішінде Аудандық жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген 1 адам.
Бұқар жырау ауылдық округінің экономикалық дамуы
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында - «Желдыбай» шаруа қожалығымен «Қазақтың ақбас тұқымдас» асыл тұқымды 45 бас аналық малын әкеліп, мал басын асылдандыруда.
Округ аумағында шағын және орта бизнес: жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер - 4, агро өнеркәсіп кооперативі - 2, фермерлік қожалықтар – 2, шаруа қожалықтар – 20, жеке кәсіпкерлер - 3. Шаруа қожалықтардың ішінде жұмыс жасайтындар саны 23 бірлік. Оның ішінде егістік егумен айналысатын 5 шаруа қожалық, 18 шаруа қожалық ауыл шаруашылық малдарын өсірумен айналысады.
Округ аумағы бойынша 2018 жылы 1430 га жерге егістік себілді. Оның ішінде бидай 550 га, арпа 880 га. Орта есеппен 7 центнерден өнім алынды, қамбаға бастырылғаны 1000 тонна. 
Анықтама үшін: Округ аумағының жалпы жер көлемі 102952 га, оның ішінде елді-мекен жерлері 23447 га, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 55344 га, оның ішінде егістік 6576 га, жайылымдық жерлер 46319 га құрайды.
2018 жылы пайдаланылмайтын егістік жерлерді қайтару бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Оның ішінде жыл басынан бері 2 шаруа қожалық егістік жерлерін қайтарды. Жерлерді цифрландыру бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі танда 46220 га ішінен 38310,54 га яғни 82,9% енгізілді. 100 % орындау бойынша жұмыстар тұрақты атқарылуда.
Округ бойынша 2019 жылдың 01 қаңтарына мал басы:
Ірі қара 1805 бас оның ішінде сиыр 1118 бас, ұсақ мүйізді 2228 бас, жылқы 1310 бас, құстар 1452 бірлік.
  Бұқар жырау ауылдық округінің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту
Білім беру
Округ бойынша екі мектеп (Бұқар жырау негізгі мектебі, Шалқар негізгі мектебі) жұмыс атқарып жатыр. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша: ағымдағы жылы Бұқар жырау негізгі мектебінің төбесіне күрделі жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар мектеп ішінен балаларға арналған дәріз салынды.  От жағу жүйесі сыртқа шығарылып жаңадан 2 (екі) қазандық орнатылды.
Шалқар негізгі мектебінің де төбесі жаңартылып, терезе, есіктері және қоршауы ауыстырылы, жаңадан жылыту жүйесі жүргізілді.  
Семізбұғы ауылынан 7 бала оның ішінде 2 бала оқушы, 1 бала мектеп алды даярлық тобына, 4 шағын орталыққа тасымалдануда. Тасымалдауға Семізбұғы ауылынан «Абдулла» жеке кәсіпкерімен газель автокөлігімен тасымалдануда.
Денсаулық сақтау
ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту  бойынша» Округ аумағында медициналық пункт жұмыс атқарып онда тұрғындарға 4 адам алғашқы медициналық қызмет көрсетеді. Келісім – шарт бойынша Бұқар жырау ауылының тұрғынымен (жеке өзінің көлігі) науқастанған адамдарды аудан орталығына апару бойынша жұмыс жасайды.
Аудандық медициналық бірлестігінің жоспарына сәйкес ағымдағы жылы тұрғындарды 1-рет (шілде айында) флюографиялық тексерістен өткізілді. Тексеріс нәтижесі бойынша ауруға шалдыққан тұрғындар болған жоқ.
Мәдениет
          Ағымдағы жыл ауылдық округіміз үшін табысты жыл болды. Себебі Бұқар жырау Қалқаманұлы бабамыздың 350 жылдығы. Осы орайда «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша» Бұқар жырау ауылына күрделі жөндеуден өтіп жаңадан клуб ашылды. Оған облыстық бюджеттен 61 млн. 254 мың теңге қаражат бөлініп конкурс нәтижесі бойынша «Компакт и К» ЖШС 43 млн. 576 мың тенге жұмыс жүргізілді жұмыс барысында Бұқар жырау ауылының 11 тұрғыны жұмыспен қамтылды.
          Шалқар ауылдық клубына күрделі жөндеу жүргізуге 12 млн. 341 мың тенге қаражат бөлініп, конкурс нәтижесі бойынша «Компакт и К» ЖШС 8 млн. 769 тенге толықтай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар от жағу жүйесі сыртқа шығарылды жұмыс барысында Шалқар ауылының 3 тұрғыны жұмыспен қамтылды.
          Елбасының Рухани жаңғыру «Туған жер» бағдарламасы аясында Семізбұғы ауылының бұрындары тұрып кеткен және осы күні тұрып жатқан азаматтарымен қаржы жиналып Семізбұғы ауылының зираттары (барлығы 5 зират) толықтай қоршалып кейіннен ас берілді, шамамен 1 мыңнан аса адам жиналды. Сонымен қатар Семізбұғы ауылындағы күл-қоқыстар тазартылды. Түрлі мерекелік іс шаралар аталып өтіліп оған ауылдық округтің шаруа қожалық басшылары көптеген демеушілік көрсетуде. 
Әлеуметтік сақтандыру
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша» Округ бойынша зейнеткерлер саны 78 адамды құрайды, мүгедектер саны 12 адамды құрайды, оның ішінде І топтағы 4 адам, ІІ топтағы 2 адам, ІІІ топтағы 6 адам. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылар саны 4 жанұя. Арнаулы әлеуметтік көмек алатындар жоқ. Округ бойынша жаз айларында 4 адам қоғамдық жұмыс арқылы жұмыс істеді.  
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша» «Бастау бизнес» арқылы 4 адам оқу курсынан өтті. Округ бойынша несие алуға құжаттарын екі адам тапсырды. Оның ішінде бір адам яғни, Бұқар жырау ауылының тұрғыны Сакипов Е.Б. «Startap» жобасымен мемлекеттік бағдарлама арқылы жылқы малын сатып алуға «Қаржылай қолдау қоры» арқылы арқылы 4,0 млн. теңге несие алды. Ол қаражатқа жылқы мал басын сатып алды.
Шалқар ауылының тұрғыны Увалиев С. 4,0 млн тенге несие алып «Қазақтың ақ басты» ірі қарасын әкелді.
Ауылдық округтің инженерлік инфрақұрылымын дамыту
Электр жарығымен қамтамасыз ету
Округ бойынша елді-мекендердің электр желілерінің ұзындығы 17,3 км., ағымдағы жылы округ бойынша барлығы 38 көше жарық шамы орнатылды. Бұқар жырау ауылында 20 шам, Семізбұғы ауылында 8 шам, Шалқар ауылында 10 шам орнатылды. Барлығы үнемді диодты шамдар. Оған аудандық бюджеттен 5,0 млн. тенге қаражат бөлінді. Жұмысты жүргізген «ДМА Логистик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Көліктік инфрақұрылым
Аудан орталығына дейін жолдың ұзындығы 87 км. құрайды. Ауылдық округ бойынша елді-мекендердің ішкі жолдары жалпы ұзындығы 9,4 км. құрайды. Ішкі жолдар жөндеуге аудандық бюджеттен 5,0 млн. тенге қаражат бөлінді. Конкурс нәтижесі бойынша «Система-z» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігерімен келісімге отырылды 1 млн 100 мың тг соммасына. Алайда жұмыстар жүргізілмегендіктен әкім аппаратымен мердігерді облыстық аудан аралық экономикалық сотына арыздануға тура келді. 2018 жылдың 05 қарашасында сот  ісі жүргізіліп. Сот әкім аппаратының пайдасына шешілді. Қысқы жолдардын тазалығына «Асылхан» ЖК 750 мың теңге қаражатқа келісімге отырылып жұмыстар жүргізілді.
Сумен қамтамасыз ету
Ағымдағы жылы аудан әкімі Ш.Қ. Мамалиновпен Шалқар ауылына су құбырын қайта жөндеуден өткізу үшін аудандық бюджет есебінен 15,0 млн. тенге қаражат бөлінді. Конкурс нәтижесі бойынша ««EMAАR» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұтып жұмысты жүргізіп 2018 жылдын 13 желтоқсанында тапсырды. Бүгінгі танда 3 су алу колонкасы және су мұңарасы (15м³) қойылды. Сонымен қатар Шалқар НМ су тартылды.
Абаттандыру бойынша
2018 жылдын сәуір айынан тамыз айына дейінгі аралықта сенбіліктер жүргізілді. Әкім аппаратымен жеке кәсіпкерімен келісіліп ескі жол бойындағы үйлер қоқыстары шығарылды және де тұрғындардын күл-қоқысы өз қаражат есебінен шығарылды. Сонымен қатар аудандық бюджет есебінен Семізбұғы ауылына балалар алаңын орнату үшін 1 млн. 95 мың тенге қаражат бөлініп конкурс нәтижесі бойынша «Джакенов Канат Джакбарович» жеке кәсіпкерімен 573 мың 200 тг балалар ойын аланы салынды. Қосымша балалар ойыны алаңына 376 мың теңге сомасына қосымша 2 көше жаттығу құрылғысы және 1 балаларға арналған әткеншек алынды. 
Салықтар
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығын орындау барысында округ аумағында әкімдікте жергілікті өзін өзі басқарудың қаражатын жұмсауды бақылайтын 7 адамнан құралған қауымдастық мүшелері жұмыс жасауда.
Өздеріңізге белгілі 2018 жылы 6 түрлі салықтан түскен қаражат округ аумағының Қолма-қол бақылау шотына түседі (КСН). 2018 жылы түскен қаражат 728 000 теңге. 2018 жылдан қалған сома 440 959,93 теңге, шығыс көлемі 442 000 теңге. 2019 жылға жоспарланған қаражат 847 000 теңге.
Анықтама үшін: (көлікке салық, мүлікке салық, жерге салық, жеке кәсіпкерлер пайдасынан түскен салық, заңды тұлғалардын жер салығы, заңды тұлғалардын тіркелген көліктеріне салық, әкімшілік айыппұл.)
Ауылдық округ әкім аппараты
2018 жылы барлығы 3 жеке және заңды тұлғалардан өтініштер келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан 2, заңды тұлғалардан 1 өтініш. Барлығы уақытында қаралып тиісті жауап берілді.
Әкім аппаратымен 3 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде келесідей қызмет көрсетілді:
- 17 қызмет түрі жеке қосалқы шаруашылығы бар жөнінде анықтама;
- 4 қызмет түрі ауылдық жерлерде балаларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру бойынша;
- Әкім аппаратында 1 лауазымдық бос орын ол жетекші маман орыны.
            Алдағы уақытта округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту үшін жұмыстар қалыпты деңгейде жалғастырылатын болады.
Бұқар жырау ауылдық округінің мәселелері.
Бұқар жырау ауылдық округінде келесідей мәселелер:
1. Семізбұғы ауылына су құбырын тарту;
2. Шалқар ауылының «Жыланды» көшесіне қосымша су құбырын тарту;
3. Ауыл іші жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу;
4. Ұялы байланыс орнату;
5. Жоғары жылдамды ғаламтор желісін тарту.

 

Бұқар жырау ауылдық округінің әкімі Е.Узденов


Размещение информации: 05 Января 2019 14:16
Последнее редактирование информации: 05 Января 2019 14:16
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»