100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Ақтөбе ауылдық округі әкімі Болатбек Қазатайұлы Казатайдың 2018 жылғы атқарған жұмысының есебі

           Ақтөбе ауылдық округінде 1145 адам тұрады, оның ішінде экономикалық белсенді халық саны 428 адам құрайды, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар 290 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 135 адам, жұмыссыз 3 адам бар.
Округ бойынша мүгедектер саны  55 адам оның ішінде 1 топтағы мүгедектер 6 адам, 2 топтағы мүгедектер 20 адам, 3 топтағы мүгедектер 24, 18 жасқа дейінгі мүгедектер саны 5 адам. Жеке көмекшілері барлар 3 адам. Жеке оңалту бағдарламасы 90 пайызға қамтылған. Адрестік әлеуметтік жәрдемақысын 2 отбасы алады.
      Елбасымыздың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына Жолдауының бағыттарын орындау мақсатында, ауыл тұрғындары бірігіп шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, инновациялық, индустриялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстарына көп көңіл бөліп өз үлестерін қосулары керек.
            «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021 жылдарға арналған»  мемлекеттік бағдарлама аясында шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастырып, ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына қолымыздан келгенше жұмыстар атқаруымыз керек. 2018 жылы аталған мемлекеттік бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімдік оқуға 6 адам, екінші бағыты бойынша 12 адам жалпы көлемі 40 млн 500 мың теңге шағын несие алып өз істерін ашты, үшінші бағыты бойынша 1 адам жастар практикасына қамтылып, 90 адам тұрақты және маусымды жұмыспен қамтамасыз етілді, қоғамдық жұмысқа 5 адам қатысты.
            Өткен кездесулерде ауыл тұрғындарының тарапынан айтылған өтініш - тілектердің орындалысына талдау жасасақ, бүгінгі күнге дейін шешімін таппаған мәселелер бар. Ол ауылдық округ әкімінің аппаратын, ветеринарлық пунктін, учаскелік инспектордың, поштаның ғимаратпен қамтамасыз ету. Бірнеше жыл жиналыс сайын айтылып келе жатқан мәселе ауылда тойхана жасау, бұрынғы совхоздың асханасына көктемнен бастап жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
          2017 жылдың 21 қарашасымен Ауылымыздағы бос тұрған бала-бақша ғимаратын коммуналдық меншікке қабылдау және бекіту туралы Аудан әкімінің Қаулысы шықты, келесі кезекте  сол ғимаратты құжаттандырып, жөндеу жұмыстарына қаражат қарастыру.
         «Туған жер» бағдарламасы аясында Ақтөбе ауылдық округінде облыстық, аудандық, жергілікті сенбіліктер және таза бейсенбіліктер өткізілді. Тазалық күндері ауыл азаматтары мен азаматшалары қаладан келіп қатысып көшеттер, талдар егіліп жоғары деңгейде өтті. Сонымен қатар ауыл азаматтары қысқы мезгілде аз қамтылған отбасыларын көмірмен қамтамасыз етті.
         2018 жылы екі ауылда қазіргі талапқа сай ауылдан 3 шақырым жерде көлемі 15га жер телімі беріліп рұқсат құжаттары даярланды, бүгінгі күні жер актісімен, техникалық төл құжат әзірленуде.
    Огругте жалпы көлемі 35254 га жер телімі бар, оның ішінде елді-мекен жері 13058 га, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 22196, егістік-3747, жайылым-17601, шабындық-848, ағымды жылда игерілмеген егістік жерлер 2065 га құрайды.
           Есепті жылда жер қатынастары саласында біраз жұмыстар атқарылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жер учаскелерін түгендеу және пайдаланылмайтын жерлерді айналымға енгізу жөнінде жұмыс жүргізілді. Ақтөбе және Ынтымақ селоларында пайдаланылмаған  егістік жерлерін шаруа қожалық басшылары өз еріктерімен мемлекетке қайтарды. Жерлерді пайдаланбайтын немесе тиімсіз пайдаланатын 2 шаруа қожалығының жерді анықтау актілеры Бұқар жырау ауданы жер инспекциясына берілді. 2018 жылы 1682 га егістік жерге егін салынды, ал 2019 жылға шамамен 3350 га жерге егін себу жоспарлануда. Ынтымақ селосында «Ынтымақ» шаруа қожалығы қарқынды дамуына көз жеткізіп отыр ол  бірінші жылы 300 га жерге егін салған болса 2018 жылы 1045 га жерге дәнді дақылдар, 20га жерге картоп 2га жерге қызылша салып игерді. Жылыжай, астық қоймаларына жөндеу жұмыстарын аяқтады. Келешекте егістік жерлерін кеңейтіп, мал басын көбейту жоспарда. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, жас отбасыларына пәтер сатып алынып берілді, Рухани жаңғыру «Туған жер» бағдарламасы аясында Ынтымақ ауылында өткен мерекелік іс-шараларға демеушілік көмек көрсетуде, 9 мамыр Ұлы жеңіс күніне орай ауыл жастары мен балаларға арналған көп фунционалды корд ашты.
Округ аумағында 62 шаруа қожалығы бар, соның ішінде 7 шаруа қожалығы асыл тұқымды  бұқаларын әкеліп малдарын асылдандырып өсірумен айналысуда. «Ынтымақ» ШҚ 50-бас асыл тұқымды сауынды сиырларын асылдандырып өсірумен айналысуда.
         Округ бойынша 2018 жылдың 1шілдесіне мал басы: жеке қосалқы шаруашылықта ІҚМ – 1426 бас, қой – 1334 бас, ешкі – 557 бас, жылқы – 645 бас,әр түрлі құстар – 2386 басты құрайды. 
Шаруа қожалығының мал саны: ІҚМ – 1312 бас, қой – 611 бас, ешкі – 319 бас, жылқы – 305 басты құрайды. Сонымен қатар ауылымыздың мал дәрігері ауыл тұрғындарына жылқы малын бірдейлендіру дерекқорына енгізу үшін чип немесе таңба салу керек екендігін ескертті.
          Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №17-388-5 тапсырмасына сәйкес. Ақтөбе ауылдық округінде кездесетін идеологиялық тұрғыдан ескірген 7 көше атауы ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен алмастырылып, ҚР ӘМ, Қарағанды облысы әділет департаменті Нормативтік құқықтік актісіне 2018 ж 20 тамызында мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №4900 болып енгізілді.
           Округте құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Құқық бұзушылықтың алдын алуға және басқа да тәртіп бұзушылық жөнінде учаскелік инспектор полициясы аға лейтенант Искаков Серік Қойлыбайұлы атқарылған жұмыстары туралы алдарыңызда есеп береді.
           «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындауда Ақтөбе селосында  дәрігерлік  амбулатория  жұмыс жасайды,  арнайы автокөлігі бар және 4 маман халыққа қызмет көрсетеді. Ынтымақ селосында медициналық пункт жұмыс істейді. Жоспарлы түрде дәрігерлік бақылау жұмыстары жүргізіліп отырады.
           Әлеуметтік саланы дамытуда, білім беру саласындағы материалдық-техникалық базаны нығайтуға, бала санын көбейтуге, оқушыларға сапалы білім қызметін беру қолға алынуда. Ол үшін мектептерде, амбулаторияда, клубтарда салауатты өмір салты насихатталып әр түрлі мерекелік, спорттық іс-шаралар өткізіледі.
           Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға  арналған бағдарламасы бойынша ауылдық округте ветеринариялық жұмыстар жүргізілуде. Ол жөнінде ауылдық округ ветеринариялық пункт меңгерушісі Боранбек Наукенұлы Султановтың жылдық есебі тыңдалады.
           Ауылдық округ аумағында 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен 59 шаруа қожалығының жер телімдері бар. Жеке кәсіпкерлер саны 15. Округте 2 дүкен жұмыс жасайды. Дүкендердегі әлеуметтік маңызды азық-түлік бағалары қадағаланып, аудандық  кәсіпкерлік бөлімінен берілген бағамен сәйкестіріледі.
           Округтегі ірі шаруа қожалықтары наубайхана, диірмен, мал соятын цех, мал өлсе тастайтын мал қорымын, тағы басқа халыққа қажетті обьектілер салса тұрғындарға жұмыс орындары болады. Жұмыссыз адамдар жұмыспен қамтамасыз етіледі.
Округіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын көтеруде алдағы тұрған міндеттер :
           - Қыс айларында Ақтөбе және Ынтымақ селоларының көше жолдарын қардан тазарту, көктемгі су тасқынын алдын алу жұмыстарын жүргізу, жарықтандырылмаған көшелерді жарықтандыру.
           - Екі ауылдың жаңа ҚТҚ полигонын іске қосу, ескі ҚТҚ полигон орындарын тазарту, жою.
           - Ауылымыздағы бос тұрған бала-бақша ғимаратын құжаттандырып жөндеу жұмыстарына қаражат қарастыру.
           - Шаруа қожалықтарының пайдаланбай жатқан жерлерін тапсыру  жұмыстарын жалғастыру.
           «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021 жылдарға арналған» бағдарламасын дамыту,  жаңа жұмыс орындарын ашу.
          - Селодағы телефон байланыс жүйесінің жұмысын  жақсарту.
       Алдағы жоспарланған жұмыстарды сіздермен бірлесе отырып атқаруға шақырамын.

Назарларыңызға рахмет!
 


Размещение информации: 05 Января 2019 14:17
Последнее редактирование информации: 05 Января 2019 14:17
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»