Конкурсқа қатысушылардың барлығына қойылатын жалпы біліктілік талаптар:
Е-G-3 санаты үшін: Жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем еместерге рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар)
Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:
Санаты |
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
min |
max |
|
E-G-3 |
69957 |
94109 |
«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400 Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 39 үй, анықтама телефоны 8(72154) 22171, электрондық пошта: [email protected]) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
1. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Үштөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, №4-11, Е-G-3 санаты), «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Жаңаөзен ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, №4-8, Е-G-3 санаты) бас мамандары.
Функционалдық міндеттері: Округ тұрғындарының әр шаруашылық және алфавит кітаптарын жүргізеді, 6ж, 7ж, 6р, 7р үлгілері бойынша статистикалық есептерді құрастырады, шаруа (фермер) қожалықтарының ұйымдасуына, кіші және орта бизнестің дамуына жәрдем етеді, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Жер учаскелерін беру және жерді пайдалану мәселелері бойынша құқықтық актілердің жобасын дайындайды, пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтау, елді мекендерді жарықтандыру және көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық тазалау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жұмысты жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша немесе «қызмет» мамандықтары бойынша (жерге орналастыру) немесе «ауыл шаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша; Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «ауыл шаруашылығы» (жерге орналастыру) мамандықтары бойынша немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» (салалар бойынша) немесе «ауыл шаруашылығы» мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Жер Кодексін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
2. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Үштөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы (1 бірлік, Е-G-3 санаты, №6-5).
Функционалдық міндеттері: Әкім аппаратының құқық мәселелері жөніндегі жұмысын жүргізеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша іс қағаздарын жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша есептілікті ұсынады және құрастырады (ОЛ-1), мемлекеттік жастар саясаты, ішкі саясат мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастырады, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жұмысын қамтамасыз етеді, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шаралардың өтуін ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану). Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы», Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
3. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Үштөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» бас маман бухгалтері ММ (1 бірлік, № 9-18, Е-G-3 санаты).
Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есеп бойынша жұмысты ұйымдастырады, жоспарлайды, ауылдық округ әкімі аппаратының бюджетін жоспарлайды, еңбекақы төлемін есептейді, тауар-материалдық құндылықтардың, банктік операциялардың есебін жүргізеді, аудандық статистика бөліміне, мемлекеттік кірістер бойынша басқармасына есептерді, жеткізіп берушімен келісімшарт жасасу бойынша құжаттаманы, тауарларды сатып алу, жұмыс және қызмет бойынша есептерді дайындайды, міндетті зейнетақы жарналарының аударылуы бойынша МЗТО бағдарламасын орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша; Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «экономика және басқару» мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін отыз күнтізбелік күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет - ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіарқылы жіберген құжаттар қабылданады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» MM-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламенті және мәслихаттарының депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Нысан
|