100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
деген өлеңмен Доскей ауылының Тәуелсіздіктің 27 жылдығына арналған музыка мектебінің акты залында салтанатты кеші Әнұранмен басталып, жиналған қауымды ауыл әкімі Әнуар Байғожин  құттықтап:
«Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз.  Оған қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Осы Ата –бабамыз армандаған тәуелсіз күн арайлап атып,көк байрағымыз көкке желбірегеніне биыл 27 жыл толып отыр.
  Осы күні Сіздерге зор денсаулық тілеймін. Әркез аспанымыз ашық болып, көгімізде көк туымыз мәңгі желбіресін»  деп ізгі тілегімен қоса ауыл мекемелерін алғыс хаттармен марапаттады. Мерекелік шара барысында тақырыптық  видеороликтер көрсетіліп, көрермендер тарихтан біраз мағлұмат алды. Концерттік шара барысында келген қауым «Ақбота» бала бақшасының бүлдіршіндерінің, музыка мектебі ұстаздар вокалды тобының орындауында Теміржан Базарбаевтың әні «Туған жер» әнін тамашалады.Сонымен қоса Астананың 20 жылдығына арналған  Дариға Билялованың сөзіне жазылған ҚР «Мәдениет  ісінің үздігі» композитор Қанат Мерсалимовтың  әні   «Мақтанышым  - Астанамды» Дарина Мейрамова және Әділ Даулендер өте нақышына келтіріп орындап, көрерменнің қошеметіне ие болды.
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
дегендей осы мерекелік шарада  ауылымыздың халықтық ұлтаспаптар оркестрі жетекшісі ҚР «Мәдениет  ісінің үздігі» Оспанов Қанат Тайшыбайұлы басқарған Дайрабайдың күйі «Дайрабай » ,Әсет Бейсеуовтің әні «Сырласу вальсі» жеке орындауда Мүгілсім Күзенова, Андрей Петров «Утро»  «Служебный роман» кинофильмінен,Бақтыбайдың  күйі «Әуен»
Халық күйі «Қаражорға» тағы басқа шығармаларды орындап халықтың ықыласына бөленді.
Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл
Ей келешек жан-тәніммен ұғып біл
Он бір әріп не мағына береді
Ал талдайық жеткенінше қызыл тіл
Т –білдіреді теңдікті
Ә –әдептілік ,өрлікті
У –уайымсыз уақытты
Е –егемендік елдікті
Л –лашын құс қой көктегі
С –сенімділік бекіді
І –ілтипат пен ізет ғой
З –зиялылық тілек қой
Д –шақырады достыққа
І –ілкімді боп сақтыққа
К –дейді күн бол көктегі
деп  жалпы Тәуелсіздік сөзіне де талдау жасалды. Осындай  көңілді салтанатты жиынға жиналған қауым рахметтерін айтып тарасты.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.

 

 


                                                                                                    Дариға  Билялова
Модельді кітапхана - клубтың
мәдени шараларды ұйымдастырушысы.
Доскей ауылы


 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»