100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

Теріс пиғылды діни ағымдар ұлт келешегіне төнген қауіп тақырыбындағы мақала

Оян қазақ! Өз дініңді ұмытпа.
Дініңді сен ардақтағын құнтта!
Көз алдыңда жолың тұрғанды,
Кателесіп жаман жолға былықпа!-деп

Жастар мен қоғамға осы өлең жолдарын жолдай отырып, саналарына ой түйсе екен деймін.
Қазіргі таңда теріс пиғылды діни ағымдар жастар мен қоғамның санасын әр-түрлі жолмен адастырып улауда. Сол үшін біз келешегімізді сақтау үшін біріншіден өз дініміз бен тілімізді, салт дәстүрімізді білуіміз керек. Сонда біздің санамызды ешкім теріс пиғылға бұра алмайды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасын осы мақсатта халыққа үндеу етті. Егер жаңғыру елдің ұлттық, рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайтыны анық жеткізді.
  Жастар жүрегі  патриоттық сезімге толы болмаса, туған жеріне деген құрмет, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімі қалып¬таспаса, ұлттық рухани болмысын сақтай алмаса ел болашағына қауіп төнеді.
Біз ата-бабаларымыздан қалған дәстүрлі Ислам дінін, оның ішінде Ханафи мазһабын ұстанушы халықпыз. Өзіміздің тіліміз, дініміз, мәдениетіміз, ұлттық құндылық¬тарымызбен әдет-ғұрпымыз бар халықпыз», — деп айтқан болатын.
Жастардың теріс пиғылдағы жат діни ағымдардың жетегінде кетуі  — бүгінгі қоғамымыздағы басты дерттердің бірі. Оның басты себебі: дәстүрлі діні, мәдениеті, тарихы және салт-дәстүрлері жайлы жеткілікті білімдерінің болмауы. Харизматикалық қасиеттерге ие теріс діни ағым насихаттаушысы діннен аз хабардар адамды оңай таниды және оны өз қарамағына тартып алады. Сол себепті, дін мәселесінде сұрақ туындаған кезде жауап¬ты ең әуелі Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының ресми сайттарынан алу керек және анықтауға болады.
Жат діни ағым идеологиясының таралуына тосқауыл қою мақсатында Қушоқы кенті тұрғындары мен жастар арасында алдын-алу және оңалту шаралары өткізілуде. Діни экстре¬мизм мен терроризмнің алдын алу мақса¬тында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 
Зайырлы қоғамда өскен ұрпақ теріс діни сенімдердің торына байланбай, әр нәрсеге сыншыл санамен қарайтын, жан-жақты білім алуға ұмтылған және де өзге дін өкілдеріне құрметпен қарайтын азамат болып өсуі тиіс.
Сол себепті, бұл қауіптің алдын-алып, теріс діни ағымдармен күресу қоғам алдындағы негізі міндет болып табылады.

 

Мақала иесі: Қушоқы кенті әкімі аппаратының
бас маманы А. Уримхан

Вернуться к списку новостей

© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»