100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Хабарландырулар

Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің хабарландыруы

Барлық конкурсқа қатысушыларға ортақ біліктілік талаптары:

 

Е-4 санаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Е-R-4 санаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Е-G-3 санаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-G-4 санаты үшін:   жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.      

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

Е - 4

77452

104935

Е-R-4

73288

99105

E-G-3

69957

94109

Е-G-4

62462

84115

 

         «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 39 үй, анықтама телефоны 8(72154) 22171, электрондық пошта: [email protected]) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды.

1. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы (1 бірлік, №13-2, Е-4 санаты).

Функционалдық міндеттері: Туу, қайтыс болу, неке қию және некені бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау, атын, әкесінің атын, тегін өзгерту туралы актілерінің мемлекеттік тіркелуін, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мұрағаттық анықтамалар және қайталама куәліктер беруді қамтамасыз етеді, туу туралы куәлік беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастырады; азаматтық хал актілерінің жазбалар куәлігінің бланктерін есепке алу, сақтау, есеп беру және шығынын есептеу; мұрағаттық қордың, азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша құжаттаманың сақталуын ұйымдастырады; азаматтық хал актілер жазбаларының ақпараттық жүйесін жүргізеді; азаматтық хал актілері туралы есепті бекітілген мерзімде ұсынады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша. Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

2. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ бас маманы (1 бірлік, №2-1, E- R -4 санаты). 

 Функционалдық міндеттері: Өндірісті дамыту сұрақтары бойынша ауданның дамуында ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді бағдарламаларын жүзеге асырады және енгізеді, өндіріс көлемінің орындалуы бойынша мониторинг және есеп ұсынады, негізгі капиталға инвестиция бөлу. Жаңа жоғары технологиялы өндірістердің ашылуының және бар инвестициялық жобалардың мониторингісін жүзеге асыру, олардың даму институттары арқылы жылжытылуына жәрдемдесу. Жүйе құрушы кәсіпорындарды сатып алуда қазақстандық маңызы бар ақпараттарды индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласында өкілетті органға жинауды, сараптаманы және ұсынымды жүзеге асырады. Несие алу сұрақтары бойынша әдістемелік, кеңестік және тәжірибелік көмек көрсетеді. Аудан әкімінің, сонымен бірге облыстық және аудандық құрылымның өкілдерімен кәсіпкерлердің қатысуымен дөңгелек үстелдер, семинарлар және отырыстарға материалдар  дайындау, өткізу. Төтенше жағдайлар туындаған кезде сауда қызметін, тамақтануды қалыптастыру қызметтерін құру және жүзеге асыру бойынша қажетті құжаттарды дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика) мамандықтары бойынша. Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «сервис, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), маркетинг (салалар бойынша) мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика) мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы», «Табиғи монополия туралы» заңдарын, «Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексі», «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

3. «Бұқар жырау ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ бюджеттік жоспарлау секторының бас маманы (1 бірлік, санаты Е-R-4, №1-2).

Функционалдық міндеттері: Барлық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілігі мен функционалдық топтарына аудан бойынша жинақты жүзеге асырады және бюджеттік бағдарламаларды үйлестіреді. Бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерінің бюджеттік тапсырыстарын қабылдайды және қарастырады. Еңбекақы және бекітілген мекемелердің басқа шығындары бойынша сараптама жүргізеді, ірі төлемші, бір рет төленетін сомалар, кірістер бойынша бюджеттің орындалуының күтілуі туралы ақпарат дайындайды. Даму үшін бюджеттік қаражаттың бағытталуы, елді мекендерді аббаттандыру, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының шығындары, энергия үнемдегіш шаралар және коммуналдық тұрғын үйді қайта құру және оның құрылысына қарастырылған қаражаттар, бюджеттік саланың мекемелеріне көмір сатып алу, жолдар мен жарықтандыру туралы ақпарат ұсынады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика) мамандықтары бойынша. Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «сервис, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика) мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

4. «Бұқар жырау ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ бюджеттік жоспарлау секторының бас маманы (1 бірлік, санаты Е-R-4, №1-3).

Функционалдық міндеттері: Әлеуметтік қолдауға мұқтаж үміткер мамандардың құжаттарын қабылдау және тіркеуді жүзеге асырады. Әлеуметтік қолдау көрсетілетін комиссияға қабылданған құжаттарды бағыттайды. Қабылданған құжаттарға жауапкершілікпен қарайды. Әлеуметтік қолдауға көрсетілетін шарадан бас тартса жауаптарды уақытымен бағыттайды. Әлеуметтік қолдау көрсетуге келісім және аудан әкімі қаулысының жобасын дайындайды.әлеуметтік қолдау көрсеткендерден тоқсан сайын жұмыс орны және мекен жайы туралы анықтама қабылдайды. Денсаулық сақтау ұйымымен, білім, дене шынықтыру және спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету, ветеринария бөлімдерімен және бюджеттік несиенің «Сенімді агент» базасымен жұмыстар жүргізеді. Өз құзыретінде ауданның мекемелерімен өзара қарым – қатынасты жүзеге асырады. Салық базасының мониторингісі бойынша мәліметтер ұсынады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика) мамандықтары бойынша. Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «сервис, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика) мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

5. «Бұқар жырау ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы 
(1 бірлік, санаты Е-R-4, № 2-2).

Функционалдық міндеттері: Аудандық маслихатпен, саяси партиялармен, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым – қатынасты қамтамасыз етеді, олардың қызметі туралы мониторинг жүргізеді; ауданның қоғамдық – саяси ахуалына сараптама жүргізеді, жүзеге асырады; ауданда болып жатқан қоғамдық – саяси процесстерді зерттеу бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізеді, зерттеулердің қорытындысын сараптайды және жинақтайды; ақпаратты – аналитикалық материалдар мен есептерді дайындайды; қоғамдық – саяси және мәні бар мәдени – бұқаралық шараларды дайындауды және өткізуді ұйымдастырады; БАҚ өткізілген қоғамдық – саяси шараларын жариялайды; қоғамдық – саяси жарнамалардың мазмұны мен сапасын бақылайды және жұмысын жузеге асырады, ұйымдастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (саясаттану, әлеуметтану) немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша. Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (саясаттану, әлеуметтану) мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметі туралы»,  «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

6. «Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ механизация және өсімдік шаруашылығы секторының бас маманы 
(1 бірлік, №3-2, E-R-4 санаты).

Функционалдық міндеттері: Топырақ құнарлылығын арттыруға, ауылшаруашылық дақылдарының шығымдылығын арттыруға бағытталған агротехникалық және ұйымдастыру-экономикалық іс-шараларды енгізуді және өңдеуді ұйымдастыру, шығымдылығы жоғары сорттарды енгізу бойынша жәрдемдесу, тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, шаруашылықтарды жоғары өнімді аудандастырылған дәндердің сорттарымен қамтамасыз ету, олардың сақталуын, егіс айналымын сақтау, ауылшаруашылығы жұмыстарын өткізу, көктемгі егу және жинау жұмыстарының есебі, мал азықтық астық балансы есебі бойынша жұмыстарды үйлестіру. Аудан бойынша дәндер балансын құрастыру, тұқым шаруашылығы саласында субсидиялау бағдарламаларын іске асыру, дәндердің сапасын сараптау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «ауыл шаруашылығы ғылымдары» (агрономия, топырақтану және агрохимия) мамандықтары бойынша. Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» (агрономия, топырақтану және агрохимия) мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»,  «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы», «Агроөндірістік кешен және ауылдық аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

7. «Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы (1 бірлік, №1-2, E-R-4 санаты).

Функционалдық міндеттері: Аудан әкімі қаулысының жобасын және ұсыныстар дайындау, жер учаскелерін жеке меншікке және жер пайдалануға ұсыну, жерге байланысты сауданың жүргізілуін ұйымдастыру (аукциондар, конкурстар), аудандық бағдарламаларға, кестелерге, жобаларға сараптама жүргізу, деңгейіне сәйкес жер кадастрларының төлқұжатын беруді ұйымдастыру, уақытша жер пайдалану және жер учаскесін жалдау туралы келісім шартты, сату – сатып алу келісім шарттарын тіркеу, іздеу жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін қолдануда жергілікті атқарушы органдардың рұқсат беруі бойынша ұсыныс дайындау, ауыл шаруашылық алқаптарын бір түрден екінші түріне ауыстыру бойынша ұсыныстар дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «қызмет көрсету» (жерге орналастыру, кадастр) мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша. Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» (жерге орналастыру) мамандықтары бойынша, «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша, «қызмет көрсету» (кадастр) мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»,  «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Жер кодексі, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

8. «Бұқар жырау ауданының ветеринария бөлімі» ММ биологиялық қауіпсіздік, мемлекеттік ветеринарлық – санитарлық бақылау және қадағалау секторының бас маман – ветеринарлық дәрігері (1 бірлік, №1-2, E-R-4 санаты).

Функционалдық міндеттері: Эпизоотикалыққа қарсы және ветеринарлық – санитарлық шараларды жүргізуіне мемлекеттік ветеринарлық – санитарлық бақылау және қадағалауды жүзеге асырады. Ветеринарлық талаптарға сәйкес мал зиратының (биотермикалық шұңқыр), мал сою алаңы (ауыл шаруашылығы малдарын сою алаңы) маңыздылығы бойынша жұмыстар жүргізеді, көше кезген иттер мен мысықтарды аулау және жою жұмыстарын ұйымдастырады, эпизоотикалық ошақтардың пайда болуына тексерістер жүргізеді. Эпизоотикалық тексеріс актісін береді. Ауру малдар анықталған жағдайда, ветеринарлық шаралардың жоспарын құрастырады. Ветеринария аясындағы ішкі сауда нысандарына, өндіріске, жануар типтес шикізатқа, өнімге, жануарларды өсіруді іске асыратынға, ветеринария аясындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаға, ауыстыру, құрылыс, қайта өндіру және мал сою орнының пайдалануы, енгізілуі жөніндегі зоогигиеналық және ветеринарлық талаптардың сақталуына, өндіріс нысанына, мал өсіруді жүзеге асыратын, сақталатын, малдарды, өнімдерді, мал типтес шикізатты, сонымен бірге өндіру ұйымын, ветеринарлық препараттардың, жемдердің және жем қоспаларының сақталуын Қазақстан Республикасының заңнама талаптарының сақталуына сай мемлекеттік ветеринарлы – санитарлық бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринарлы – санитарлық бақылау және қадағалау актісін құрастырады. Әкімшілік – аумақтық бірлікке сәйкес аймақта ветеринарлы – санитарлық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету бойынша ветеринарлық шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады. Уәкілетті органның бекітілуімен тізім бойынша ауру малдардың, аса қауіпті мал ауруларының биологиялық материалдарының диагностикасы мен профилактикасы бойынша ветеринарлық шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады. Жаңадан келген малдардың карантині бойынша шараларды жүргізу және бекіту жөнінде іс – шараларды ұйымдастырады. Ветеринарлық есептің енгізілуін және ветеринарлық есеп беруді уақытымен ұсынуды қамтамасыз етеді. Тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «ветеринария» (ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария) мамандықтары бойынша. Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» (ветеринария: ветеринарлық фельдшер – инспектор, ветеринарлық фельдшер, ветеринарлық техник) мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»,  «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Жер кодексі, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

9. «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі» ММ оқу – тәрбие жұмысының бас маманы (1 бірлік, №2-3, E-R-4 санаты).

Функционалдық міндеттері: Білім беру ұйымдарында жалпы оқыту жұмыстарын ұйымдастырады және бақылайды, осы бағытта есептер ұсынады. Әлеуметтік жағдайы жоқ балалармен жұмыс жүргізеді. Аудандық әдістемелік бірлестікпен медицина қызметкерлерінің аттестациядан өтілуін, медицина қызметкерлерінің лицензиялауын бақылауды қамтамасыз етеді. Медициналық кабинеттердің медициналық құралдармен, қаражаттармен, оның материалдық-техникалық жағдайын бақылауды қамтамасыз етеді. Аудан мектептері оқушыларының психикалық жағдайын тексеруді қамтамасыз етеді. Жұмысына қатысты сұрақтар бойынша жоғары тұрған органдарға ақпарат дайындайды. Секторға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне бақылау жасайды. Білім бөлімінің аудандық Кеңесіне материалдар дайындауды қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «білім» (мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, алғашқы оқытудың әдістемесі мен педагогикасы, педагогика және психология, дефектология, математика, физика, информатика, химия, биология, тарих, құқық және экономика негіздері, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі: екі шет тілі, кәсіби оқыту, қазақ тілді емес мектептерге арналған қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілді емес мектептерге арналған орыс тілі мен әдебиеті, әлеуметтік педагогика және өзін – өзі тану) мамандықтары бойынша. Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «білім» (мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру (деңгей бойынша), бастауыш білім, педагогика және психология, дефектология, математика, физика, информатика, химия, биология, тарих, құқық және экономика негіздері, география, қазақ тілі мен әдебиет, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі: екі шет тілі, кәсіби оқыту, қазақ тілді емес мектептерге арналған қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілді емес мектептерге арналған орыс тілі мен әдебиеті, әлеуметтік педагогика және өзін – өзі тану) мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»,  «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Жер кодексі, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

10. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Қарақұдық ауылы әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, E-G-3 санаты, №10-16), «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Шешенқара ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, Е-G-3 санаты, № 10-13) бас мамандары.

Функционалдық міндеттері: Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жоспарлайды, Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы бойынша, «Агробизнес-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларының іс-шаралар жоспарының іске асырылуын қамтамасыз етеді, анықтамалық-ақпараттық мәліметтерді, ауыл шаруашылығы саласы бойынша статистикалық есептерді дайындайды; «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар болуы туралы анықтама» мемлекеттік қызмет көрсетеді; карантин немесе шектеу іс-шараларын қою туралы нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындайды, пайдаланылмайтын жер учаскелерін алып қою бойынша жұмысты жүргізеді, елді мекенді санитарлық тазалау, абаттандыру, көгалдандыру және жарықтандыру бойынша іс-шараларды ұйымдастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша немесе «ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша немесе «ветеринария» мамандықтары бойынша; Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «сервис, экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша немесе «ауыл шаруашылық, ветеринария және экология» мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

11. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Суықсу ауылы әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, №7-6, Е-G-3 санаты)

Функционалдық міндеттері: Халыққа әлеуметтік көмек көрсету мәселелері, жұмыспен қамту және бос жұмыс орындарын құру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өз жұмысын ұйымдастырады, жоспарлайды, шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етеді, осы бағытта іс – шаралардың орындалуын жүзеге асырады, дүниеге келген және қайтыс болған адамдардың есебін жүргізеді, осы бағытта есеп береді, салық төлемдерін жинауға жәрдем көрсетеді, шаруашылық кітаптарын жүргізеді, әскери міндеттілер мен әскери қызмет заңнамаларының орындалуын қамтамасыз етеді, әскерге шақырылғандар бойынша есеп жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша немесе «қызмет көрсету» (әлеуметтік жұмыс) мамандықтары бойынша; Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «сервис, экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі;  Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

12. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Белағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, №2-6, Е-G-3 санаты), «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Шешенқара ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, №2-22, Е-G-3 санаты) бас мамандары.

Функционалдық міндеттері: Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жоспарлайды, Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы бойынша, «Агробизнес-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларының іс-шаралар жоспарының іске асырылуын қамтамасыз етеді, анықтамалық-ақпараттық мәліметтерді, ауыл шаруашылығы саласы бойынша статистикалық есептерді дайындайды; «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар болуы туралы анықтама» мемлекеттік қызметін көрсетеді, карантин немесе шектеу іс-шараларын қою туралы нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындайды, пайдаланылмайтын жер учаскелерін алып қою бойынша жұмысты жүргізеді, елді мекенді санитарлық тазалау, абаттандыру, көгалдандыру және жарықтандыру бойынша іс-шараларды ұйымдастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша немесе «білім» мамандықтары бойынша; Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «сервис, экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) немесе «білім» мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

13. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Ақбел ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, №14-1, Е-G-3 санаты), «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Баймырза ауылдық округі  әкімі аппараты» ММ  (1 бірлік, №14-2, Е-G-3 санаты, негізгі қызметкердің 2020 жылдың 02 наурызына дейін бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне) жетекші маман – бухгалтерлері.

Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есеп бойынша жұмысты ұйымдастырады, жоспарлайды, ауылдық округ әкімі аппаратының бюджетін жоспарлайды, еңбекақы төлемін есептейді, тауар-материалдық құндылықтардың, банктік операциялардың есебін жүргізеді,  аудандық статистика бөліміне, мемлекеттік кірістер бойынша басқармасына есептерді, жеткізіп берушімен келісімшарт жасасу бойынша құжаттаманы, тауарларды сатып алу, жұмыс және қызмет бойынша есептерді дайындайды, міндетті зейнетақы жарналарының аударылуы бойынша МЗТО бағдарламасын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика) мамандықтары бойынша немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «сервис, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика)  мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

14. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Жаңаөзен ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы (1 бірлік, №11-7, Е-G-4 санаты)

Функционалдық міндеттері: Халыққа әлеуметтік көмек көрсету мәселелері, жұмыспен қамту және бос жұмыс орындарын құру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өз жұмысын ұйымдастырады, жоспарлайды, салық төлемдерін жинауға жәрдем көрсетеді, олардың түсуі бойынша анықтамалық ақпаратты дайындайды, әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысын, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шараларды жүргізеді, ұйымдастырады, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылғандар бойынша есеп,  абаттандыру және елді мекенді санитарлық тазалау бойынша жұмысты жүргізеді және ұйымдастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша немесе «білім» мамандықтары бойынша немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «сервис, экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша немесе «білім» мамандықтары бойынша немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (салалар бойынша); Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы ше

Вернуться к списку статей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»