Конкурсқа қатысушылардың барлығына қойылатын жалпы біліктілік талаптар:
Е-3 санаты үшін: Жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
Е-R-2 санаты үшiн: Жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
Е-G-1 санаты үшін: жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда C-R-5, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) C-R-5, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
E- G -2 санаты үшін: жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
Е-G-3 санаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар)
Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:
Санаты |
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
min |
max |
|
Е - 3 |
102437 |
138248 |
E-R-2 |
127 422 |
172 394 |
E-G-1 |
122 424 |
164 899 |
Е-G-2 |
92 378 |
124 941 |
Е-G-3 |
69 957 |
94 109 |
«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400 Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 39 үй, анықтама телефоны 8(72154) 22171, электрондық пошта: [email protected]) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
1. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ терроризмге қарсы комиссияның сұрақтары бойынша аудан әкімінің бас инспекторы (1 бірлік, санаты Е-3, №6-1).
Функционалдық міндеттері: Терроризм салдарын тарату және алдын алу бойынша іс-шаралар өтуін, экстремизм және терроризмнің алдын алу саласында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, терроризм қатынасында осал нысандар тізбесін әзірлеу, бекіту, өзгерістер мен қосымшалар енгізу, аудан бойынша техникалық мінездемелерімен қауіпсіздік паспорттарын әзірлеу, экстремизм және терроризм салдарын тарату және азайту нысандарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар дайындайды, осы бағдарламалардың іске асырылуын бақылауды қамтамасыз етеді, терроризмге қарсы бағдарламалардың қызметін және жоспарлар жобасын әзірлейді, терроризмге қарсы комиссия отырысының дайындығын және өтуін қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «гуманитарлық ғылымдар» (дінтану, теология) мамандықтары бойынша немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (саясаттану); Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Дін қызметтері және діни бірлестіктер туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
2. «Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысының орынбасары (1 бірлік, санаты E-R-2, № 1-1).
Функционалдық міндеттері: Аудан аумағында ауыл шаруашылық өнімдерін ұйымдастырады, залалды кәсіпорындарды күшейту және қалпына келтіру жұмыстарын басшылыққа алады. Аудан аумағындағы ауыл шаруашылықтың даму болжамын және индикативтік жоспарын, бағдарламаларды құрастыруын басшылыққа алады, өз құзыреті бойынша маусымдық жұмыстарға ауыл шаруашылық техникаларының дайындығын бақылайды, шаруа қожалығы және фермерлік шаруашылықтың дамуы және ұйымдастырылуына қолдау көрсетеді. Жас тұқымдастың өсірілуі бойынша тұқымды субъектілердің қызметтерін үйлестіреді, қысқа және ұзақ мерзімді келешекке агроөндірістік секторының даму болжамын құрайды, көктемді жазық жұмыстарының және астық жинау жедел жұмыс жоспарын дайындауды уақытылы қамтамасыз етеді. Балық шаруашылығы учаскелері немесе суларының және аңшылық жерлерінің қорларында аңдарды қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Аудан аумағында ауыл шаруашылығын өндіруде субсидийді тиімді қолдануды бақылайды. Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, Қазақстан Республикасы Үкімет қаулыларының, аграрлы саясат саласындағы облыс және аудан әкімдері өкімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады, облыс және ауданның ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді ынталандыру бойынша кешендік шараны жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «ауыл шаруашылығы ғылымдары» (зоотехния, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, аграрлық техника және технология, ауыл шаруашылығының механизациясы, агрономия, топырақтану және агрохимия) мамандықтары бойынша немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» (инженер – механик біліктілігі бойынша) мамандықтары бойынша немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, қаржы, менеджмент, маркетинг) мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметтер туралы», «Агроөнеркәсіптік кешен туралы», «Астық туралы» заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
3. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Үштөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімінің орынбасары (1 бірлік, № 1-2, Е-G-1 санаты).
Функционалдық міндеттері: Әкім аппараты бөлімдерін қызметін үйлестіреді. Елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазалау, тұрғын үй шаруашылығы саласында қызметке уақытында ақы төлеу бойынша мониторинг жүргізілу бойынша аппарат жұмысын ұйымдастырады, жоспарлайды. Тұрғын үй қорының есебін және кондоминиум нысандарын тіркеу бойынша жұмысты жүргізеді және ұйымдастырады, әлеуметтік нысандарды су-жылу-энергиямен жабдықтау бойынша жұмысты үйлестіреді, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша анықтамалық-ақпараттық құжаттаманы дайындайды, «Экспорт-2020», «Қолжетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша іс-шаралардың өтуін қамтамасыз етеді және қауіп жағдайында және төтенше жағдайлар туындаған кезде жұмысты ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану); Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын, Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
4. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Ботақара кенті әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, №2-1, Е-G-2 санаты), «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Ғабиден Мұстафин кенті әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, №2-2, Е-G-2 санаты), «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Қушоқы кенті әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, №2-3, Е-G-2 санаты), «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, №2-4, Е-G-2 санаты), «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Үштөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, №2-5, Е-G-2 санаты) бөлімдерінің басшылары.
Функционалдық міндеттері: Әкім аппаратының халықты электр энергиясымен, жылу, су, коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету жұмыстарын өз құзырында ұйымдастырады, жоспарлайды; жылыту кезеңіне нысандарды дайындау жұмыстарын, жол құрылысы мен жолаушыларды тасымалдау жұмыстарын, елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; кенттің (ауылдық округтің) тұрғын үй қорын түгендеуін жүргізеді; ауыл, ауылдық округ, аудан әкімінің және жергілікті бірлестіктер жиналысының келісімімен кент, аудан, қала маңызы бар апаттық тұрғын үйлерді құлату жұмыстарын ұйымдастырады; шаруа қожалықтарының ұйымдасуына, кіші және орта бизнестің дамуына жәрдем етеді, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Өз құзырында жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады. Жер учаскелерін беру және жерді пайдалану мәселелері бойынша құқықтық актілердің жобасын дайындайды, пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтау, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, жерді ұтымды пайдалану бойынша жұмысты жүргізеді, жер қатынастарына қатысты талап арыз жұмыстарын ұйымдастырады. Шектеулі шаралар және карантинды бекіту туралы нормативтік – құқықтық актілердің жобаларын дайындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша немесе «ауыл шаруашылығы ғылымдары» мамандықтары бойынша немесе «ветеринария» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Ветеринария туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының Жер кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
5. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Ботақара кенті әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, №3-1, Е-G-2 санаты), «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Ғабиден Мұстафин кенті әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, №3-2, Е-G-2 санаты), «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Қушоқы кенті әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, №3-3, Е-G-2 санаты), «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Үштөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, №3-4, Е-G-2 санаты) бөлімдерінің басшылары.
Функционалдық міндеттері: Халықты әлеуметтік қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, жоспарлайды, бос жұмыс орнын құру және жұмыспен қамту, ішкі саясат, мемлекеттік жастар саясаты бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады, жоспарлайды, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысын қамтамасыз етеді, салауатты өмір салтын насихаттау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы бойынша іс-шаралардың өтуін ұйымдастырады. Шаруашылық кітабын жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша жұмыстарды үйлестіреді, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы мобильдік дайындық және мобилизациялау, әскери міндеттер және әскери қызмет туралы сұрақтары бойынша заңнамаларының орындалуын өз құзырында ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Мәдениет, тәрбие және оқыту мекемелерінің қызметтерін қамтамасыз етеді. Тарихи және мәдени мұралардың сақталуыф бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару заңнамаларында көрсетілген бюджеттік қаражаттардың үнемделуі немесе түсуі есебінен еңбек келісім шарты бойынша жұмыскерлерді қабылдау жұмыстарын ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша немесе «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша немесе «қызмет көрсету» (әлеуметтік жұмыстар) мамандықтары бойынша немесе «білім» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы», «Мемлекеттік қызметтер туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
6. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бөлімінің басшысы (1 бірлік, №4-1, Е-G-2 санаты).
Функционалдық міндеттері: Халықты әлеуметтік қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, жоспарлайды, бос жұмыс орнын құру және жұмыспен қамту, ішкі саясат, мемлекеттік жастар саясаты бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады, жоспарлайды, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысын қамтамасыз етеді, салауатты өмір салтын насихаттау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы бойынша іс-шаралардың өтуін ұйымдастырады. Шаруашылық кітабын жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша жұмыстарды үйлестіреді, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы мобильдік дайындық және мобилизациялау, әскери міндеттер және әскери қызмет туралы сұрақтары бойынша заңнамаларының орындалуын өз құзырында ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Мәдениет, тәрбие және оқыту мекемелерінің қызметтерін қамтамасыз етеді. Тарихи және мәдени мұралардың сақталуыф бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару заңнамаларында көрсетілген бюджеттік қаражаттардың үнемделуі немесе түсуі есебінен еңбек келісім шарты бойынша жұмыскерлерді қабылдау жұмыстарын ұйымдастырады. Әлеуметтік – экономикалық саясатының негізгі бағыттарын әзірлейді және кенттің (ауылдық округтің) әлеуметтік – экономикалық дамуының мониторингісін жүзеге асырады. Өз құзырында ауылдық округтің жергілікті бірлестігімен өзара қарым – қатынас жасау жұмыстарын ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша немесе «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша немесе «қызмет көрсету» (әлеуметтік жұмыстар) мамандықтары бойынша немесе «білім» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы», «Мемлекеттік қызметтер туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
7. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Ботақара кенті әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, №5-1, Е-G-2 санаты), «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Ғабиден Мұстафин кенті әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, №5-2, Е-G-2 санаты), «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Қушоқы кенті әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, №5-3, Е-G-2 санаты), «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Үштөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, №5-4, Е-G-2 санаты) бөлімдерінің басшылары.
Функционалдық міндеттері: Актілер мен келісім шарттардың заңнама нормаларына сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады. Жеткізушілермен талап жұмыстарын жүргізеді. құжаттардың заңды сараптамасын жүзеге асырады. Кент (ауылдық округте) мемлекеттік экономикалық саясатты іске асырады. Әлеуметтік – экономикалық саясатының негізгі бағыттарын әзірлейді және кенттің (ауылдық округтің) әлеуметтік – экономикалық дамуының мониторингісін жүзеге асырады. Бухгалтерлік есеп бойынша жұмысты ұйымдастырады, жоспарлайды, ауылдық округ әкімі аппаратының бюджетін жоспарлайды. Бюджетке салық және салықтық емес төлемдерді жинау жұмыстарын, салық салынатын базаның кеңейтілуі бойынша, бюджетке қосымша резерв арқылы түсетін төлемдердің анықталуын ұйымдастырады. Әкімшілігі әкім аппараты болып табылатын бюджеттік бағдарламалардың әзірленуін жергілікті бірлестіктердің жиналысына Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес аудан (қала маңызы бар) бюджетінде қарастырылған қаржы сұрақтарының бағыттары бойынша пікір алмасу үшін ұсынады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
8. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, №17-5, Е-G-3 санаты), «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Ақөре ауылы әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, №17-11, Е-G-3 санаты) бас мамандары.
Функционалдық міндеттері: Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жоспарлайды, Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы бойынша, «Агробизнес-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларының іс-шаралар жоспарының іске асырылуын қамтамасыз етеді, анықтамалық-ақпараттық мәліметтерді, ауыл шаруашылығы саласы бойынша статистикалық есептерді дайындайды; «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар болуы туралы анықтама» мемлекеттік қызмет көрсетеді; карантин немесе шектеу іс-шараларын қою туралы нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындайды, пайдаланылмайтын жер учаскелерін алып қою бойынша жұмысты жүргізеді, елді мекенді санитарлық тазалау, абаттандыру, көгалдандыру және жарықтандыру бойынша іс-шараларды ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша немесе «ауыл шаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша немесе «ветеринария» мамандықтары бойынша; Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «сервис, экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша немесе «ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
9. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Қызылқайың ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы (1 бірлік, №12-5, Е-G-3 санаты).
Функционалдық міндеттері: Округ тұрғындарының әр шаруашылық және алфавит кітаптарын жүргізеді, 6ж, 7ж, 6р, 7р үлгілері бойынша статистикалық есептерді құрастырады, шаруа (фермер) қожалықтарының ұйымдасуына, кіші және орта бизнестің дамуына жәрдем етеді, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Жер учаскелерін беру және жерді пайдалану мәселелері бойынша құқықтық актілердің жобасын дайындайды, пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтау, елді мекендерді жарықтандыру және көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық тазалау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жұмысты жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша немесе «қызмет көрсету» (жерге орналастыру) мамандықтары бойынша немесе «ауыл шаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша; Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «сервис, экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» (салалар бойынша) мамандықтары бойынша немесе «ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының Жер Кодексін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
10. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Самарқанд ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы (1 бірлік, №10-12, Е-G-3 санаты).
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік және орыс тілде іс жүргізу мәселелері, нотариалдық әрекет ету бойынша өз жұмысын ұйымдастырады, жоспарлайды, туған және қайтыс болған азаматтардың есебі бойынша жұмысты ұйымдастырады, осы бағыт бойынша есеп дайындайды, істер номенклатурасын әзірлейді, жоғары органнан келіп түскен құжаттардың уақытында есепке алынуын ұйымдастырады және олардың орындалуын бақылауға алады, мұрағатқа өткізуге істерді қалыптастырады, шаруа (фермер) қожалықтарының ұйымдасуына жәрдем етеді, округ әкімінің құқықтық актілерінің жобасын дайындайды, мәдениет, тәрбие және оқыту мекемелерінің қызметтерін қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша немесе «білім» мамандықтары бойынша. Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «сервис, экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша немесе «білім» мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
11. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Ақбел ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, №13-1, Е-G-3 санаты), «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Ақтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, №13-12, Е-G-3 санаты), «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Тұзды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, №13-18, Е-G-3 санаты) бас мамандары.
Функционалдық міндеттері: Халықты әлеуметтік қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, жоспарлайды, бос жұмыс орнын құру және жұмыспен қамту, ішкі саясат, мемлекеттік жастар саясаты бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады, жоспарлайды, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысын қамтамасыз етеді, салауатты өмір салтын насихаттау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы, ауылды абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша іс-шаралардың өтуін ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «ә