Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің хабарландыруы
Барлық конкурсқа қатысушыларға ортақ біліктілік талаптары:
Е-4 санаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Е-R-4 санаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Е-G-3 санаты үшін: Жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем еместерге рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
E-G-4 санаты үшін: жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда №14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).
Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:
Санаты |
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
min |
max |
|
Е - 4 |
77452 |
104935 |
Е-R-4 |
73288 |
99105 |
Е-G-3 |
69 957 |
94 109 |
Е-G-4 |
62 462 |
84115 |
«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 39 үй, анықтама телефоны 8(72154) 22171, электрондық пошта: [email protected]) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды.
1. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы (1 бірлік, Е-4 санаты, №13-2).
Функционалдық міндеттері: Туу, қайтыс болу, неке қию және некені бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау, атын, әкесінің атын, тегін өзгерту туралы актілерінің мемлекеттік тіркелуін, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мұрағаттық анықтамалар және қайталама куәліктер беруді қамтамасыз етеді, туу туралы куәлік беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастырады; азаматтық хал актілерінің жазбалар куәлігінің бланктерін есепке алу, сақтау, есеп беру және шығынын есептеу; мұрағаттық қордың, азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша құжаттаманың сақталуын ұйымдастырады; азаматтық хал актілер жазбаларының ақпараттық жүйесін жүргізеді; азаматтық хал актілері туралы есепті бекітілген мерзімде ұсынады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша. Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
2. «Бұқар жырау ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы
(1 бірлік, санаты Е-R-4, № 2-2).
Функционалдық міндеттері: Аудандық маслихатпен, саяси партиялармен, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым – қатынасты қамтамасыз етеді, олардың қызметі туралы мониторинг жүргізеді; ауданның қоғамдық – саяси ахуалына сараптама жүргізеді, жүзеге асырады; ауданда болып жатқан қоғамдық – саяси процесстерді зерттеу бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізеді, зерттеулердің қорытындысын сараптайды және жинақтайды; ақпаратты – аналитикалық материалдар мен есептерді дайындайды; қоғамдық – саяси және мәні бар мәдени – бұқаралық шараларды дайындауды және өткізуді ұйымдастырады; БАҚ өткізілген қоғамдық – саяси шараларын жариялайды; қоғамдық – саяси жарнамалардың мазмұны мен сапасын бақылайды және жұмысын жузеге асырады, ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (саясаттану, әлеуметтану) немесе «құқық» мамандықтары бойынша(құқықтану). Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (саясаттану, әлеуметтану) немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
3. «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі» ММ оқу – тәрбие жұмысы секторының бас маманы (1 бірлік, E-R-4 санаты, №2-3).
Функционалдық міндеттері: Білім беру ұйымдарында жалпы оқыту жұмыстарын ұйымдастырады және бақылайды, осы бағытта есептер ұсынады. Әлеуметтік жағдайы жоқ балалармен жұмыс жүргізеді. Аудандық әдістемелік бірлестікпен медицина қызметкерлерінің аттестациядан өтілуін, медицина қызметкерлерінің лицензиялауын бақылауды қамтамасыз етеді. Медициналық кабинеттердің медициналық құралдармен, қаражаттармен, оның материалдық-техникалық жағдайын бақылауды қамтамасыз етеді. Аудан мектептері оқушыларының психикалық жағдайын тексеруді қамтамасыз етеді. Жұмысына қатысты сұрақтар бойынша жоғары тұрған органдарға ақпарат дайындайды. Секторға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне бақылау жасайды. Білім бөлімінің аудандық Кеңесіне материалдар дайындауды қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «білім» мамандықтары бойынша (мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, алғашқы оқытудың әдістемесі мен педагогикасы, педагогика және психология, дефектология, математика, физика, информатика, химия, биология, тарих, құқық және экономика негіздері, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі: екі шет тілі, кәсіби оқыту, қазақ тілді емес мектептерге арналған қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілді емес мектептерге арналған орыс тілі мен әдебиеті, әлеуметтік педагогика және өзін – өзі тану). Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «білім» мамандықтары бойынша (мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру (деңгей бойынша), бастауыш білім, педагогика және психология, дефектология, математика, физика, информатика, химия, биология, тарих, құқық және экономика негіздері, география, қазақ тілі мен әдебиет, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі: екі шет тілі, кәсіби оқыту, қазақ тілді емес мектептерге арналған қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілді емес мектептерге арналған орыс тілі мен әдебиеті, әлеуметтік педагогика және өзін – өзі тану) білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы», «Білім туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
4. «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі» ММ қорғаншылық және қамқоршылық, кадрлық жұмыс секторының бас маманы (1 бірлік, Е-R-4 санаты, №3-2).
Функционалдық міндеттері: Кәмелетке толмағандардың қамқоршылығы мен қорғаншылығы органдарының жұмыстарын ұйымдастырады, жоспарлайды; ата – анасыз қалған жасөспірімдерді анықтап, есепке қояды. Қамқорлыққа алынған баланың оқуын және өмір сүру жағдайын, тәрбиесін, әлеуметтік колдауы мен оның құқығын сақтауын бақылайды. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын орындайды. Білім ұйымдары мен бөлімдерде есп және ақпарат дайындау кезінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының тілдері туралы» заңының орындалуын қамтамасыз етеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша статистикалық есептердің тапсырылуын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «білім» мамандықтары бойынша (мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, алғашқы оқытудың әдістемесі мен педагогикасы, педагогика және психология, дефектология, математика, физика, информатика, химия, биология, тарих, құқық және экономика негіздері, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі: екі шет тілі, кәсіби оқыту, қазақ тілді емес мектептерге арналған қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілді емес мектептерге арналған орыс тілі мен әдебиеті, әлеуметтік педагогика және өзін – өзі тану) немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану). Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «білім» мамандықтары бойынша (мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру (деңгей бойынша), бастауыш білім, педагогика және психология, дефектология, математика, физика, информатика, химия, биология, тарих, құқық және экономика негіздері, география, қазақ тілі мен әдебиет, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі: екі шет тілі, кәсіби оқыту, қазақ тілді емес мектептерге арналған қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілді емес мектептерге арналған орыс тілі мен әдебиеті, әлеуметтік педагогика және өзін – өзі тану) немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы», «Білім туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
5. «Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ жер қатынастары секторының бас маманы (1 бірлік, E-R-4 санаты, №2-1).
Функционалдық міндеттері: Аудан әкімі қаулысының жобасын және ұсыныстар дайындау, жер учаскелерін жеке меншікке және жер пайдалануға ұсыну, жерге байланысты сауданың жүргізілуін ұйымдастыру (аукциондар, конкурстар), аудандық бағдарламаларға, кестелерге, жобаларға сараптама жүргізу, деңгейіне сәйкес жер кадастрларының төлқұжатын беруді ұйымдастыру, уақытша жер пайдалану және жер учаскесін жалдау туралы келісім шартты, сату – сатып алу келісім шарттарын тіркеу, мемлекеттік қызмет көрсету Тізіліміне сәйкес жер қатынастарының сұрақтары бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Талап – наразы жұмыстарын жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «қызмет көрсету» (жерге орналастыру, кадастр) мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану). Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» (жерге орналастыру) мамандықтары бойынша, «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша, «қызмет» (кадастр) мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Жер кодексі, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
6. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бас маманы (1 бірлік, E-R-4 санаты, №1-1).
Функционалдық міндеттері: Кондоминиум нысандарының жалпы мүлігіне техникалық тексерістің есептерін жүргізу сұрақтары бойынша жұмыс жүргізеді. Кондоминиум нысандарының жалпы мүлігіне техникалық тексерістің есептерін жүргізеді, кондоминиум нысандарының жалпы мүлігіне капиталдық жөндеу жұмыстарының бөлек түрлерін жүргізу кезегі мен кезеңін, тізімін анықтайды, тұрғын үй көмегімен қаржыландыратын кондоминиум нысанын басқару органымен ұсынылған кондоминиум нысандарының жалпы мүлігіне капиталдық жөндеу жұмыстарының бөлек түрлерін жүргізу үшін шығындар мен есепке алу кестесін келістіреді, кондоминиум нысандарының жалпы мүлігіне капиталдық жөндеу жұмыстарының бөлек түрлері бойынша атқарылған жұмыстарды қабылдап алу бойынша комиссияға қатысып, қарастырады. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерістер жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды өндіру); Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «құрылыс және коммуналдық шаруашылық» (құрылыс, ғимараттар мен құрылысты пайдалану, бұйымдар мен конструкцияларды өндіру) мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі», «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
7. «Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ ауыл шаруашылық маңызы бар жерлерді пайдалану және қорғау бойынша мемлекеттік бақылау секторының бас маманы – мемлекеттік инспекторы (1 бірлік, Е-R-4 санаты, №4-2).
Функционалдық міндеттері: Ауыл шаруашылық маңызы бар жерлерді қорғау және пайдалануы бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, жердің тозуына әкеліп соғатын топырақ эрозиясы, тұздалуы, батпақтануы, су тасқыны, шөлейттенуі, құрғауы, қаттылануы, қоқыстануы, ластануы және басқа да әрекеттердің салдарын жою және алдын алу үшін ұйымдастыру – шаруашылық, гидротехникалық агротехникалық және эрозияға қарсы іс – шаралар кешені жер топырағының құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру бойынша жерді жақсарту үшін іс – шаралардың уақытылы және сапалы орындалуы жөнінде жерді пайдаланушы мен жер учаскесінің меншік иелерімен дұрыс және уақытылы жүргізілуі бойынша жұмыстар жүргізеді.. Қазақстан Республикасының жер заңнамаларын бұзушыларға уақытылы шара қабылдайды, жүргізген тексерістердің материалдарын әділдікпен дайындайды. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерісті жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда материалдарды сотқа жібереді. Аудан бойынша тұқым балансын құрастыру, тұқым шаруашылығы саласында субсидиялау бағдарламасын жүзеге асыру, жоғары сортты тұқымдарды өндіру және қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, егіс сапасын анықтау, жер бағалау, лабораториялық сынақ сорттары, тұқым сапасының сараптамасын жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «қызмет көрсету» (жерге орналастыру, кадастр) мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «ауыл шаруашылық ғылымдары» (агрономия, топырақтану және агрохимия) мамандықтары бойынша; Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «ауыл шаруашылық, ветеринария және экология» (жерге орналастыру, агрономия, топырақтану және агрохимия) мамандықтары бойынша немесе «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша(кадастр) немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, Қазақстан Республикасының Жер кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
8. «Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы (1 бірлік, № 1-3, E-R-4 санаты).
Функционалдық міндеттері: Бөлімде іс жүргізуді «Электронды құжат айналым» бағдарламасының жұмысын қамтамасыз етеді; аппараттық кеңестерге және басқа да шараларға дайындалуға қатысады; іс жүргізуді жүргізеді және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібін бақылауды, «Айқын» бағдарламасының жұмысын қамтамасыз етеді. Мәдени – бұқаралық іс – шаралардың, сайыстардың, фестивальдардың жүргізілуіне дайындық жасайды және қатысады. Мәдени мекемелердің ведомстволық бағынышты ұйымдарының басшыларымен өзара қарым – қатынасты қамтамасыз етеді: құжаттарды тарату, бөлімдегі қызметтік құжаттардың дайындығы мен әзірленуін техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Бөлімнің веб – сайтына ақпараттарды жариялайды және материалдардың жаңартылуын, оның техникалық қолдауын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (мұрағаттану, құжаттаманы жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету) мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану). Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «сервис, экономика және басқару» мамандықтары бойынша (іс жүргізу және мұрағаттану (салалар бойынша және қолдану аясы бойынша)) немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
9. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Қарақұдық ауылы әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, Е-G-3 санаты, №14-3), «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Суықсу ауылы әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, Е-G-3 санаты, №14-5) бас мамандары.
Функционалдық міндеттері: Халыққа әлеуметтік көмек көрсету мәселелері, жұмыспен қамту және бос жұмыс орындарын құру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өз жұмысын ұйымдастырады, жоспарлайды, шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етеді, осы бағытта іс – шаралардың орындалуын жүзеге асырады, дүниеге келген және қайтыс болған адамдардың есебін жүргізеді, осы бағытта есеп береді, салық төлемдерін жинауға жәрдем көрсетеді, шаруашылық кітаптарын жүргізеді, әскери міндеттілер мен әскери қызмет заңнамаларының орындалуын қамтамасыз етеді, әскерге шақырылғандар бойынша есеп жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (әлеуметтік жұмыс); Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «сервис, экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
10. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Шешенқара ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы (1 бірлік, Е-G-3 санаты, №17-10).
Функционалдық міндеттері: Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жоспарлайды, Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы бойынша, «Агробизнес-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларының іс-шаралар жоспарының іске асырылуын қамтамасыз етеді, анықтамалық - ақпараттық мәліметтерді, ауыл шаруашылығы саласы бойынша статистикалық есептерді дайындайды; «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар болуы туралы анықтама» мемлекеттік қызмет көрсетеді; карантин немесе шектеу іс-шараларын қою туралы нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындайды, пайдаланылмайтын жер учаскелерін алып қою бойынша жұмысты жүргізеді, елді мекенді санитарлық тазалау, абаттандыру, көгалдандыру және жарықтандыру бойынша іс-шараларды ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «ауыл шаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша немесе «ветеринария» мамандықтары бойынша; Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «сервис, экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
Функционалдық міндеттері: Округ тұрғындарының әр шаруашылық және алфавит кітаптарын жүргізеді, 6ж, 7ж, 6р, 7р үлгілері бойынша статистикалық есептерді құрастырады, шаруа (фермер) қожалықтарының ұйымдасуына, кіші және орта бизнестің дамуына жәрдем етеді, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Жер учаскелерін беру және жерді пайдалану мәселелері бойынша құқықтық актілердің жобасын дайындайды, пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтау, елді мекендерді жарықтандыру және көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық тазалау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жұмысты жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша немесе «қызмет көрсету» (жерге орналастыру) мамандықтары бойынша немесе «ауыл шаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша; Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «сервис, экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» (салалар бойынша) мамандықтары бойынша немесе «ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» заңдарын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік және орыс тілде іс жүргізу мәселелері, нотариалдық әрекет ету бойынша өз жұмысын ұйымдастырады, жоспарлайды, туған және қайтыс болған азаматтардың есебі бойынша жұмысты ұйымдастырады, осы бағыт бойынша есеп дайындайды, істер номенклатурасын әзірлейді, жоғары органнан келіп түскен құжаттардың уақытында есепке алынуын ұйымдастырады және олардың орындалуын бақылауға алады, мұрағатқа өткізуге істерді қалыптастырады, шаруа (фермер) қожалықтарының ұйымдасуына жәрдем етеді, округ әкімінің құқықтық актілерінің жобасын дайындайды, мәдениет, тәрбие және оқыту мекемелерінің қызметтерін қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі –жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша немесе «білім» мамандықтары бойынша. Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «сервис, экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша немесе «білім» мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есеп бойынша жұмысты ұйымдастырады, жоспарлайды, ауылдық округ әкімі аппаратының бюджетін жоспарлайды, еңбекақы төлемін есептейді, тауар - материалдық құндылықтардың, банктік операциялардың есебін жүргізеді, аудандық статистика бөліміне, мемлекеттік кірістер бойынша басқармасына есептерді, жеткізіп берушімен келісімшарт жасасу бойынша құжаттаманы, тауарларды сатып алу, жұмыс және қызмет бойынша есептерді дайындайды, міндетті зейнетақы жарналарының аударылуы бойынша МЗТО бағдарламасын орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика); Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «сервис, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика) мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
14. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Қызылқайың ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы (1 бірлік, Е-G-4 санаты, №20-2).
Функционалдық міндеттері: Іс жүргізу мәселелері, нотариалдық әрекет ету бойынша өз жұмысын ұйымдастырады, жоспарлайды, туған және қайтыс болған азаматтардың есебі бойынша жұмысты ұйымдастырады, осы бағыт бойынша есеп дайындайды, істер номенклатурасын әзірлейді, жоғары органнан келіп түскен құжаттардың уақытында есепке алынуын ұйымдастырады және олардың орындалуын бақылауға алады, мұрағатқа өткізуге істерді қалыптастырады, шаруа (фермер) қожалықтарының ұйымдасуына жәрдем етеді, «Аймақты дамыту», «Агробизнес – 2020» бағдарламасының жүзеге асуымен айналысады, округ ауыл шаруашылығының қалыптасу қызметін үйлестіреді, округ әкімінің құқықтық актілерінің жобасын дайындайды, елді мекенді абаттандыру бойынша жұмыстар ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі –жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша немесе «білім» мамандықтары бойынша немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «сервис, экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» (салалар бойынша) мамандықтары бойынша немесе «білім» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
15. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Ақбел ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маман – бухгалтері (1 бірлік, Е-G-4 санаты, №21-1).
Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есеп бойынша жұмысты ұйымдастырады, жоспарлайды, ауылдық округ әкімі аппаратының бюджетін жоспарлайды, еңбекақы төлемін есептейді, тауар-материалдық құндылықтардың, банктік операциялардың есебін жүргізеді, аудандық статистика бөліміне, мемлекеттік кірістер бойынша басқармасына есептерді, жеткізіп берушімен келісімшарт жасасу бойынша құжаттаманы, тауарларды сатып алу, жұмыс және қызмет бойынша есептерді дайындайды, міндетті зейнетақы жарналарының аударылуы бойынша МЗТО бағдарламасын орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика) немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «сервис, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика) мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжа