100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Хабарландырулар

Бұқар жырау ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландыратын мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға

Конкурстың  барлық қатысушыларына  қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
 Е-3 санаты үшiн: Жоғары оқу орнынан кейінгі және жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің болуы: стресс тұрақтылығы, бастамашылық, жауапкершілік, қызмет тұтынушысына бағдар беру және оны ақпараттандыру, адалдық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешімдер қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  3. тұрақты негізде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты немесе облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметші мәртебесінде кемінде жұмыс өтілі бір жарым жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарында немесе Қарулы Күштердің әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. кеңесші және көмекші лауазымдарында жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы
21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

      Мемлекеттік әкімшілік  қызметшілердің  лауазымдық жалақысы:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

Е–3

112 729

152 017

«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400 Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 39 үй, анықтама телефоны 8(72154) 22171, электрондық пошта: бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
1.«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзімінде) (1 бірлік, Е-3 санаты, №10-1).
Функционалдық міндеттері: Әкімдіктің, аудан әкімі аппаратының жұмысын жоспарлаумен айналысады; жиналыстардың, әкімдік отырыстарының және аудан әкімі жанындағы басқа да іс-шаралардың  өтуі және дайындығы бойынша жұмысты ұйымдастырады. Облыс әкімі аппаратына бөлімнің құзыретіне кіретін материалдар, шешімдердің жобаларын, аудан әкімінің өкімдерін және басқа да қызметтік құжаттарды дайындайды; тексерістерді ұйымдастырады, ұйымдастыру жұмысы мәселелері бойынша кенттер және ауылдық округтар әкімдері аппараттарының қызметін үйлестіреді және бақылайды; Қазақстан Республикасында сайлаудың өтуі және дайындығы бойынша жұмысты ұйымдастырады. Кенттер және ауылдық округтар әкімдері аппараттарының қызметкерлеріне тәжірибелік, әдістемелік көмек көрсетеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі –«әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, менеджмент, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика) мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар(уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланған соңғы күннен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын электронды түрде «Е – қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейінбір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комиссиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үшжұмыс күн ішінде «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандандырылған  лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш
Мені_______________________________________________________

                                                                                                                              ______ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________                   


Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________         ____________________
__________________________________________________________________
________                               ____________________________________
(қолы)                           (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

     «___»_______________ 20 __ ж.

Вернуться к списку статей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»