100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлердің ТІЗІМІ

Қарағанды облысының барлық жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ –нің хабарландыру

Конкурстың  барлық қатысушыларына  қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

E-G-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда №14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

 

      Мемлекеттік әкімшілік  қызметшілердің  лауазымдық жалақысы:

 

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

Е–G–3

90 963

122 463

 

«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400 Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 39 үй, анықтама телефоны 8(72154) 22171, электрондық пошта: gu.abeuova@karaganda-region.gov.kzмемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына  орналасуға конкурс жариялайды:

1. «Бұқар жырау ауданының Қушоқы кенті әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік,№6-4,  санаты E-G-3), «Бұқар жырау ауданының Үштөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, №6-7, санаты E-G-3) бас мамандары.

Функционалдық міндеттері: Тұрғын үй қорын есепке алу және кондоминиум объектілерін тіркеу бойынша жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді, сумен-жылумен-энергиямен жабдықтау, байланыспен қамтамасыз ету, қоғамдық көліктің үздіксіз қозғалысы бойынша жұмысты үйлестіреді, коммуналдық төлемдерді жинауға мониторинг жүргізеді,тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша анықтамалық - ақпараттық құжаттаманы дайындайды, "ТКШ жаңғырту", "Қолжетімді тұрғын үй-2020", "Өңірлерді дамыту"мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етеді.Елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмысты қамтамасыз етеді және ұйымдастырады.  Шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, шағын және орта бизнесті дамытуға жәрдемдеседі, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. ЖТҚ және жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілген пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтау, жерді ұтымды пайдалану бойынша жұмыстарды жүргізеді, жер қатынастары мәселелері бойынша талап - арыз жұмыстарын жүргізеді.Ауыл шаруашылығы саласы бойынша анықтамалық - ақпараттық материалдарды, статистикалық есепті дайындайды; «жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді, карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «ауыл шаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша немесе «ветеринария» мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «сервис, экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша(құқықтану) немесе «ауыл шаруашылық, ветеринария және экология» мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар(уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланған соңғы күннен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын электронды түрде «Е – қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үшжұмыс күн ішінде «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандандырылған  лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нысан

 

 

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

 

Өтініш

Мені________________________________________________________

____________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

   Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

   Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс

телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

________            ____________________________________

(қолы)                 (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

Вернуться к списку статей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»