100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Нұра кентінде «Гауһар тойын» атап өткен жанұя ұлықталды

Нұра ауданында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Аудандық Мәдениет үйінде өткен мереке барысында Құланөтпес аулының тұрғындары «Гауһар тойын» атап өткен отбасы ұлықталды.

Әбікен Мақұмов ақсақал мен Тұрсын Түлендинова әжей 60 жыл отасқан. Бес баланың ата-анасы қазірде 13 немере 7 шөбере сүйіп отыр.

Отбасы күнімен жерлестерін аудан әкімінің орынбасары Уәлихан Оспанов құттықтады. Мерекелік шара барысында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық деңгейінің де жеңімпаздары жарияланып, марапатталды.
Еліміздегі үлгілі отбасыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған байқауда үшіні орынды Мұзбер ауылынан Хуанбек отбасы мен Изенді ауылының Абильдиновтар отбасы, ал екінші орынды Кертінді ауылынан Нұрмағанбетовтер мен Мыңбаев ауылынан Қазимовтар отбасы иеленді. Бірінші орын кертінділік Қоқановтар отбасына берілді.
Салтанатты шара барысында сонымен қатар мамыр-тамыз айларында Рухани жаңғыру және Жастар жылына орай ұйымдастырлған «Отбасылық шахмат» турнирінің қорытындысы бойынша жеңіс тұғырынан көрінген отбасылар ұлықталды.

 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»