100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алғашқы орталығы ашылды

Қарағандыда облыс бойынша алғашқы болып Antikor Ortalygy орталығы жұмыс істей бастады. Мұнда облыс тұрғындары тегін заң кеңесін алып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшыларының қабылдауына жазыла алады.

Орталық Әлиханов көшесі ,12, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облыстық департаменті ғимаратының жанында орналасқан. Орталық екі қабатты алады. Біріншісінде ресепшн, операциялық зал, күту залы, кеңесшілерге арналған кабинеттер орналасқан. Екінші қабатта баспасөз орталығы, қызметкерлердің жұмыс кабинеттері және "Сарыарқа – адалдық алаңы" жобалау кеңсесі қызмет етеді.
Antikor Ortalygy-ның ашылуына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев және Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қатысты.
Алик Шпекбаев жаңа орталық open-space кеңістігінің және фронт-кеңсенің жұмыс істеу қағидаларын сәтті біріктіріп отырғанын атап өтті.
- Мемлекеттік қызметтерді алғысы келетін азаматтар үшін жақсы жағдай жасалған. Бұл халық пен мемлекеттік қызметкерлер арасында ашық, адал диалог орнатуға көмектеседі. Жалпы елдегі сыбайлас жемқорлық көріністерін азайтуға септігін тигізеді. Соңғы үш жылда Қазақстанда тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуі байқалады. Бұл цифрландыру, фронт-кеңселердің ашылуы, алдын алу шараларының арқасында жүзеге асады. Осының барлығы адамдарға сыбайлас жемқорлыққа бармауға көмектеседі, - деді ол.
Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысында парақорлықты жою бойынша белсенді жұмыс жалғастырылатын болады деп сендірді.
- Бұл бастамалар өңірдегі осы құбылыстың алдын алу үшін пәрменді қадам болмақ. Облыс басшылығы осы бағытта толық ауқымды жұмыс істеуге дайын, - деді ол.
Салтанатты жиын мен эксурсиядан кейін Алик Шпекбаев орталық алаңда азаматтарды қабылдады.
Қарағандыда ашылған ортылық еліміздегі төртінші осы секілді мекеме. Ол ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Тыңдаушы мемлекет" тұжырымдамасы аясында құрылған.
Antikor Ortalygy заманауи техникамен жабдықталған, онда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін барлық жағдай жасалған.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»