100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағанды облысында жаңа кәсіпорындар салынады

Қарағанды облысында жаңа кәсіпорындар пайда болады. Төрт инвестициялық жоба Қаражал, Жаңаарқа, Нұра және Ақтоғай аудандарында жүзеге асырылады. Олардың барлығы кәсіпкерлікті қолдау картасына енді.

Инвестиция сомасы – 12 млрд теңге. 500-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Өз жобалары туралы бизнесмендер облыс әкімдігінде өткен үйлестіру кеңесінде айтып берді.
Мысалы, Жаңаарқа ауданында 2023 жылға қарай бағалы металдар мен полиметалдар байыту-өндірістік кешенінің құрылысын аяқтауға ниетті. Бұл жылына 200 мың тоннаға дейін кенді өңдейтін Доре қорытпасын, қорғасын және мырыш концентраттарын өндіретін кәсіпорын болады. Өнімді ішкі нарыққа, сондай-ақ Ресей мен Қытайға жеткізу жоспарланып отыр.
Ал Ақтоғай ауданында болашақта түсті металдар мен темірді қайта өңдеу жөніндегі байыту-өндірістік кешенінде мыс штейнін, молибденді және темір концентраттарын өндіруді жолға қойғысы келеді. Өнімнің 80% экспортқа шығады.
Сондай-ақ, Қаражалда темір концентраты мен шойын шығаратын кәсіпорынның және Нұра ауданында құс етін өндіру және қайта өңдеу кешенінің жобалары ұсынылды.
Барлық жобалар іске асыру сатысында және жоспар бойынша таяудағы 2-3 жылда аяқталуы тиіс.
Бүгінгі таңда Қарағанды облысының Кәсіпкерлікті қолдау картасына 112 жоба енгізілді.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»