100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағандының орталық саябағында төрт мұз айдыны мен он сырғанау төбешіктері болады

Осы қыста Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында төрт мұз айдыны мен он төбешіктер болады. Олардың бір бөлігі тегін болады.
Бас сахнаның алдындағы мұз айдыны мен саябақтағы көлдің үстіндегі сырғанау төбешігінде кіру тегін болады. Ол әзірге құрастырылып жатыр, ауа райына байланысты процесс сәл кідіріп қалды. Ашық аспан астындағы мұз айдындары желтоқсан айының екінші жартысында іске қосылады.
Ал орталық саябақтағы ағаш төбешіктер ақылы болады. Оларды өз есебінен кәсіпкерлер салады. Бұл сырғанау төбешіктерінің кейбірі қазірдің өзінде жұмыс істеуде.
Биыл мұз айдыны Қазақстанның 50 жылдығы атындағы саябақта да құйылады. Онда да ағаш төбешік орнатылды. Тюбингтерді жалға алуға немесе өзіңізбен алып келуге болады. Осындай төбешіктер Майқұдықтағы «Ғасыр» сауда үйінің маңында және Сталилетейная көшесінде, Пришахтинск шағын ауданында, «Молодежный» мәдениет үйінде және Оңтүстік-Шығыста, Құрылысшылар даңғылында пайда болды.

 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»