100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Көрнекті қарағандылықтарға мемлекеттік марапаттар табысталды

Қарағанды өңірінің көрнекті тұрғындарына ҚР Президентінің жарлығымен қол қойылған мемлекеттік марапаттар табысталды. Оларға облыс әкімі Жеңіс Қасымбек С. Сейфуллин атындағы Қазақ академиялық драма театрының сахнасында ордендер мен медальдар табыс етті. Салтанатты рәсім Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылды.

- Елбасы айтқандай: "Біздің ұрпақ бақытты жұлдыз астында туылды – біз жаңа Қазақстанның пайда болуы мен қалыптасуының тірі куәгерлері мен белсенді қатысушыларымыз". Біз мұны мақтан тұтамыз - біз халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алдық және прогресс пен орнықты дамудың үлгісі болдық. Біз тәуелсіздік алып, бейбітшілік пен келісім жолымен гүлденген мемлекет құруға болатынын дәлелдедік. Барлық әлемдік қоғамдастық біздің елмен дипломатиялық қарым - қатынасты ресми түрде мойындады және орнатты, - деді аймақ басшысы.
Жеңіс Қасымбек сондай-ақ өткен жылдың кейбір қорытындыларын айтып өтті. Жастар саясаты саласын қаржыландыру 50%-ға артты, жатақханалар құрылысына ЖСҚ әзірленді - олар келесі жылы салынатын болады. Әр аудан мен қалада жұмысқа орналастыру пункттері жұмыс істейді. Ниет білдірушілер үшін қысқа мерзімді тегін қайта оқыту курстары ашылды.

Облыс әкімі қарағандылықтарды мемлекеттік наградалармен және Құрмет грамоталарымен марапаттады. Бұл мереке қарсаңында 58 адам марапатталды. Сондай-ақ салтанатты жиында Қарағанды облысының құрметті азаматтарының есімі жарияланды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен
"Қазақстанның Еңбек Ері" жоғары дәрежелі ерекше атақ "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС филиалы тау-кен өндірістік кешенінің "Жезқазғантүстімет" ӨБ үңгушісі Тұрсынбек Мәкішевке берілді.
Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Сатпаев қаласындағы еңбек ардагері Көпеев Мұхамбет Жұманазарұлы II дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды.
"Парасат" орденіне Қарағандылық Қайыржан Бекішев пен "Алтай Полиметалы" ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Руслан Юн ие болды.
"LITUANICA" ҚБ төрағасы Виталий Тварионас ІІ дәрежелі "Достық" орденінің иегері атанды.

"Құрмет" орденімен марапатталғандар:
Әбдіров Қадырбек Сағашұлы, "Қарағанды жоғары политехникалық колледжі" КМҚК бас энергетигі»;
Апиева Мадина Молдабекқызы, Қарағанды облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары;
Басин Вадим Борисович, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры;
Бекишев Марат Қапқарұлы, "№2 өнер мектебі" КМҚК оқытушысы; Марат Жандаулетов, Қарағанды облысы Шет ауданының әкімі; Ибатов Марат Кеңесұлы, "Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті" РМК ректоры;
Кенжин Болат Мәулетұлы "МашЗавод № 1" ЖШС директоры;
Қани Мұсұлманбекова, еңбек ардагері;
Орал Надыров, еңбек ардагері.

ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен марапатталғандар:
Айғалиев Еркебұлан Мұратұлы, "Kazakhmys Smelting" ЖШС Балқаш мыс балқыту зауытының балқытушысы;

Баймаханбетов Төлеген Құрбанқұлұлы, "Kazakhmys Coal" ЖШС экскаватор машинисі;

Краснощеков Сергей Васильевич, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Т. Күзембаев атындағы тау-кен шахтасының жұмысшысы;

Мүслімов Еркін Балтабайұлы, "Қарой" ЖШС механизаторы;
Тоқмағамбетов Әубәкір Оразханұлы, "Арселор Миттал Теміртау" АҚ домна пешінің көрікшісі;

"Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталғандар:

Аймақов Сержан Жаңабекұлы, Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімі;

Еңбек ардагері Бейсембай Айсанов;

Албақай Айдын Жанғалиұлы, "Жәке" ШҚ басшысы, Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы;

Әлімбаева Әдия Базыловна, "Қазақтелеком" АҚ филиалының бас бизнес-аналитигі;
Апақашов Сағынжан Апақашұлы, "Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ басшысы;

Арконов Төлеген Жұмашұлы, еңбек ардагері;
Баринов Анатолий Васильевич, еңбек ардагері;
Бекмағамбетова Құралай Мәдешқызы, еңбек ардагері;
Георгиади Иван Владимирович, "Имсталькон-Теміртау" ЖШС директоры;
Грошева Таисия Зотьевна, Қарағанды қалалық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары;

Дүсіпов Рустам Берікұлы, "Sary-Arka Copper Processing" ЖШС директоры;
Жаманқұлов Жаныбек Жарұлы, еңбек ардагері;
Жуков Владимир Викторович, "Перспектива" ғылыми-өндірістік бірлестігі" ЖШС директоры;
Жүністегі Кәмел, еңбек ардагері;
Кәріпбаев Байжол Ысқақұлы, "Қазақстан азаматтары" ҚБ журналының бас редакторы,
Кемалова Бижамал Далабайқызы, "С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры" КМҚК әртісі; Киманова Раушан Мәжитқызы, еңбек ардагері;
Қожақпаев Болат Жаманғараұлы, жеке кәсіпкер;
Ляпунов Андрей Васильевич "Қарағанды Энергоцентр" ЖШС Бас директоры;
Мүкеева Риза Тимарбайқызы, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары;
Нұрлыбаев Ержан Шәкірұлы, "Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ басшысы;
Төлеуханова Күліш, еңбек ардагері;
Өсерова Алмакүл Тайманқызы, еңбек ардагері;
Шакенов Владимир Жүнісұлы, еңбек ардагері;

"Шапағат" медалімен марапатталғандар:

Авлияров Минниагзам Аглямович, "Авляров М. А." ШҚ басшысы; Байманов Марат Маратұлы, "Шахтинск қаласының орталық ауруханасы" КМК директоры; Дүкенбаев Марат Кемелбекұлы, "Ұлытау ауданының орталық аудандық ауруханасы" КМК балалар дәрігері;
Құрманғалиев Еркін-Дәуір Төлеуұлы, "Профессор Х. Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығы" КМК директоры;
Нұров Назар-Махмұд Нұрұлы, Қарағанды қаласы Бала қажы мешітінің бас имамы


"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағына ие болғандар:

Грибанов Петр Алексеевич, "Қ. Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі" КМҚК симфониялық оркестрінің бас дирижері

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталғандао:

Жақыпов Қабдумуталак Дәуітұлы, "Өркен" ЖШС жүргізушісі,
Жұматаев Өмір Уызбайұлы, "Тұрғын үй-коммуналдық реформалау басқармасы" КМК қазандық бастығы;
Есмұрзаева Мүгүлсім Пазылқызы, еңбек ардагері;
Ізтілеуов Сәлім Әуезханұлы, Қ. Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі" КМҚК әртісі;
Керімбекова Ляззат Икрамовна,
"Жезқазған қаласының № 8 қазақ гимназиясы" КММ оқытушысы;
Күлшікенова Нұрлан Жұмашұлы, "Ақтоғай мәдени-сауық орталығы" КМҚК директоры;
Құрманғалиев Манат Сәлімұлы, "Бұқар Жырау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ басшысы;
Ошков Анатолий Ардалионович, "Надежда НВ" ЖШС директоры;
"Саран қаласының Мәдениет үйі" КМҚК директоры Людмила Николаевна Феоктистова.

Қарағанды облысының құрметті тұрғындары атағын "Шахтерское" ЖШС басшысы Георгий Прокоп, еңбек ардагерлері Зейнолла Молдахметов және Дүйсебек Сағадат иеленді. 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»